Дәріс 1 Кіріспе. Өсімдік шаруашылығы пәнінің маңызы және мәні. Жоспар



бет1/3
Дата20.06.2018
өлшемі98,57 Kb.
#43456
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ОӘКҚ 042-18.21.21/03-2013

ПОӘК

«Өсімдік шаруашылығы» пәнінен арналған оқу әдістемелік материалдар



басылым орынына




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


5В080100 «Агрономия»

мамандығына арналған

«ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ,

2013

МАЗМҰНЫ




  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс

  5. ОСӨЖ және СӨЖ


Дәріс 1
Кіріспе. Өсімдік шаруашылығы пәнінің маңызы және мәні.

Жоспар:

  1. Өсімдік шаруашылығының пән аралық байланысы

  2. Өсімдік шаруашылығы міндеті және халық шаруашылығында алатын орыны

  3. Өсімдік шаруашылығындағы зерттеу тәсілдері

Өсімдік шаруашылығының маңызы және дамуы. Топырақ құнарлылығын жоғарылату және алдыңғы қатарлы өсіру технологияларын енгізу негізінде ауылшаруашылығы өнімдерін арттыру. Ауылшаруашылық дақылдарын тиімді орналастыру және аудандастыру.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанның агроклиматтық аймақтары және өсімдіктердің негізгі факторлармен қамтамасыз етілуі жайлы не білесіздер?

  2. Қазақстанның қай облысының аймағы шөлейтті болып табылады ?

  3. Факторлардың жиынтық ( қосынды ) әсер заңы жайлы не білесіздер?

  4. Танаптық тәжірибе дегеніміз не ?

  5. Вегетациялық тәжірибе дегеніміз не?



Дәріс 2
Күздік астықтар өсіру технологиясы.

Жоспары:

  1. Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы

  2. Күздік арпа, халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі

  3. Күздік тритикале халық шаруашылығындағы маңызы, биологиялық ерекшелігі


Күздік бидай және қара бидай. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл мәселе нарықтық экономикаға көшуге байланысты өткір қойылып отыр, бір жағынан Республикамыздың дүниежүзіндегі дамыған 50 елдің құрамына кіру мақсатында және қуатты бидай астығын артырудың, оның экономикалық әлеуетін тұрақтандырудың, әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етудің айтарлықтай шарты.

Мұндай қосымша астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай екендігі белгілі. Ол барлық астық дақылдарынан өнімі бойынша 4,0-тен 10-12 ц/га дейін асып түседі. Осыған қоса жаздық бидайға қарағанда азық –түліктік құндылығы кем болмаса да, одан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді; ол топырақтан, күзгі,қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қореқтік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғалды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан «өтіп кетеді», әрі 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетатциясын ерте сақтайды.

Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде жүзінде 230 млн.га егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35% -ын құрайды, ал оның астық өнімі орта есеппен 25,4ц/га.



Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және технологиясының ерекшеліктері қарастырылады.

Биологиялық ерекшеліктер. Күздік бидай биологиясы бойынша бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы-оның вегетатциялық кезегі күзде басталады да келесі жылы жазда аяталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары-келесі жылы көктемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық.

Тұқымның өнуі- бұл тыныштық күйінде тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50% су сігіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Күздік бидай тұқымы 0°С-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады.

Егін көгі (көктеу) кезеңі. Топырақ бетіне әуелі колеоптиле шығады, ол жарылады да бірінші нағыз жапырақ пайда болады, осы сәтті егін көктеді деп есептейді. Себуден өсімдіктен көктеу кезеңінің ұзақтығы температураға, ылғал ж.б. байланысты. Қостанай облысы жағдайында жақсы дайындалған ықтырмалы сүрі танабында 12-17°С жылылықта күздік бидай 6-9-тәулікте, ал куаңшылықты жылдары және сүрі танабы нашар өнделгенде-10-16-тәулікте көктеген. Ақмола облысының бұрынғы «Красный флаг» кеңшарында ылғал бойынша қолайлы 1990жылы орташа тәуліктік ауа температурасы 18,6°С және 12,8°С болғанда тиісінше күздік бидай 6 және 8- тәулікте егін береді.

Түптену кезеңі. Түптену кезеңінің басын әдетте төменгі жапырақ қолтығына бірінші бүйір өркенінің пайда болуымен анықтайды. Бірінші бүйір өркенінің жапырағының өсуіне қарай негізгі өркеннің екінші жапырақ негізінде орналасқан бүршіктен екінші бүйір өркен қалыптасады. Орта есеппен 5-7 өркен түзіледі, егістік сирек болғанда олардың саны жоғары болуы мүмкін. Осы кезеңде негізгі өркендердің түзілуі және өсуімен қатар түптену түйініненекіншілік немесе түйін тамырлары қалыптаса бастайды. Күздік бидайда күзгі және көктемгі түптену кезеңдері ажыратылады. Күздік бидайға түйін тамыр жүйесі жаздық бидайға қарағанда қуатты дамиды.

Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі. Бұл кезең бірінші буынаралығының 5-6 см-ге ұзаруынан басталады. Өсімдік сабағының шапшаң өсуі мен масақтың дамуы осы кезеңнен басталады, жапырақтардың негізгі массасының түзілуі аяқталады.
Масақтану кезеңі. Кезең масақтың жоғарғы жапырақ қынабы бөлігінен сыртқа шығуымен сипатталады және түтікке шыққаннан кейін 20-25 тәуліктен соң басталады, аймақ жағдайында бұл кезең мамырдын ортасы мен аяғына дәл келеді. Кезеңнің өтуі үшін оңтайлы ауа тампературасы 18-20°С.

Гүлдену кезеңі. Қолайлы жағдайларда күздік бидайдың гүлдену масақтанудан соң іле-шала басталады. Оның ұзақтығы температураға, ауа мен топырақ ылғалдылығына тәуелді. Гүлдену мен тозаңдану жүретін ең төменгі температура 6-7°С, АЛ барынша қолайлы ауа температурасы-20-25°С. Оңтайлы жағдайлар гүлдену мен тозаңдану уақытында топырақ ылғалдылығы ТЫС-тің 75-80% деңгейінде қалыптасады.

Пісу кезеңі. Ұрықтанған ұрық бүршігінде эндосперм қалыптасады, ұрық өсіп-дамиды, жатын қабырғасынан қабық түзіледі де тұқыммен бірігіп өседі, соңынан дәнге айналады.

Өсіруге рұқсат етілген сорттар. Мироновская 808-Украинаның В.Н.Ремесло атындағы Миронов би дай селекциясы және тұқым шаруашылығы ҒЗИ-да топтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Масағы әлсіз призма пішінді, ақ, қылтықсыз,орташа ұзындықта және тығыздықта. Дәндегі клейковина 28-37% аралығында өзгереді.

Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Ғылыми негізделген тыңайтқыш жүйесін қолданған күздік бидайдың заманауи сорттарының әләуеті өніміне жақын-гектарынан8,0-9,0 т өнім алуға болатыны дәлелденген дерек. Күздік бидайдың қоректік заттарды қажет ету мөлшері олардың топырақ құрамындағы мөлшеріне, өсірі жағдайына, өсімдіктің даму кезеңіне, сорттың ерекшелігіне тікелдей байланысты.

Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы.

Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді.

Өнімді жтинау. Күздік бидайдың піскен егінін жинау әдісін таңдап алу, оның жалпы жағдайына, ауа райының ерекшелігінге тікелей байланысты. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30-35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі.

Күздік қара бидай- маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулар, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптован), сонымен қатар А, В1,В2,Е,РР дәрумендері және элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды.

Морфологиялық ерекшеліктері. Қара бидай қоңырбастар тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай-төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады.

Тамыр жүйесі. Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақтық, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топырақта 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде үлкени рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.

Сабағы- сабан, іші қуыс , биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.

Жапырақтары-ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.

Гүл шоғыры- күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ бірлігі мен масақшалар бекитінтұғырдан құралған. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды.

Жемісі-жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы-18-52г. Қара бидай-айқас тозаңданатын өсімдік.

Күздік арпа. Халық шаруашылығындағы маңызы. Күздік арпаны негізінен мал азықтық және жармалық дақыл ретінде өсіреді. Дәнінде ақуыздың аз болуы оны сыра қайнату өнеркәсібінің құнды шикізаты қатарына жатқызады. Дәннің құрамында 13,4% ақуыз, 2,0% -май, 54,0% -крахмал, бар.

Биологиялық ерекшеліктері. Күздік арпа күздік бидаймен, әсіресе күздік қара бидаймен салыстырғанда қысқа төзімсіз. Ол үшін- 12°С-тан төмен аяздар қауіпті. Күздік бидайға қарағанда ол ерте көктемгі қолайсыз жағдайлардан көбірек зардап шегеді.
Сорттары. Қазақстанда күздік арпаның мынадай сорттарын өсіруге болады. Береке 54, Роман, Росова, Циклон және Южноказакстанский43.

3.Күздік тритикале. Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері.

Тритикале-ботаникалық тегі екі түрлі-бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы.


Тритикале-бидай+қара бидай буданы-арифидиплоидтар қатарына жатады.

Тыңайтқышты қолдану. 1ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0кг калий қажет. Қоректік әлементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді.

Топырақты өңдеу жүйесінде күздік бидаймен және күздік қара бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың арамшөптермен ластануына байланысты.

Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады.

Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер қолданылады.


Бақылау сұрақтары:


  1. Дәнді астық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері.

  2. Күздік астық дақылдарының азық – түліктік маңызы.

  3. Дүние жүзінде астық дақылдарын сақтау бойынша жүргізілетін негізгі іс-шаралары.

  4. Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсері

  5. Егістік дақылдар өнімділігін арттыруда тұқымның алатын орны

  6. Тұқым шаруашылығын шоғырландыру мен мамандандыру шаралары және оны өнеркәсіптік негізге көшірудің жетістіктері

  7. Тұқымның пайда болуы, толысуы және пісіп – жетілуі бойынша айырмашылықтары.

  8. Тұқымның зақымдануы және оны азайтудың шаралары.

  9. Тұқымның егістік өңгіштігі бойынша сараптама жүргізу жолдары қандай?


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.


Дәріс №3

Жүгері өсірудің интенствті технологиясы.


Жоспар:
1. Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
2. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері
3. Егістікті күтіп-баптау іс-шаралары.

Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі: Қонақ жүгері-азық түліктік және малазықтық дақыл.
Африка, Үнді және Шығыс Азия елдерінде негізгі тағамдық дақыл болып саналады. Сондықтан, тағамдық өсімдік ретінде әлемде бидай мен күріштен кейін үшінші орын алады. Қонақ жүгері алуан түрлі мақсатта пайдаланылатын дақыл. Дәні-малдың бағалы азығы, құрама жем, крахмал, спирт және қант өнеркәсібінде шикізат. Қонақ жүгерінің 100 кг дәнінде 119 азықтық өлшем, ал көк балаусасында-23,5, сүрлемінде-22,0, пішенінде-49,2 азықтық өлшем болады. Қонақ жүгері дәнінде 15 пайызға дейін протин, лизинге бай, қантты сорттарында 10-15 пайызға дейін қант бар, одан қою шырын алынады. Перспективалы қант беруші дақылдар қатарына жатады.
Қонақ жүгері отаны Африка болып есептелінеді. Біздің арамызға дейін 3 мың жыл бұрын Үнді және Қытай елдерінде өсірілген, ал Орта Азия мемлекеттерінде 2,5 мың жыл бұрын белгілі болған, Ресейге 17 ғасырда әкелінген. Дүние жүзіндегі егіс көлемі48 млн. га, дән өнімділігі-14,2 ц/га. ТМД елдерінде қонақ жүгеріні 150 мың гектарға өсіреді, орташа өнімділігі-15 ц/га. Республикадағы егіс көлемі ағын, бірақта перспективалы дақылдар қатарына жатады.

Морфологиялық сипаттамасы: Қонақ жүгері дақылы Қоңырбастар тұқымдасына жатады. Көптеген түрлерінен біздің елімізде егілетіні кәдәмгі қонақ жүгері және малазығы үшін өсірілетін судан шөбі.
Қонақ жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, жақсы жетілген, топырақтың 2,5 м. Және одан да терең қабатына бойлап кетеді. Сабағының биіктігі 2 м, ал суармалы жағдайларда 3-5 м дейін, іші бос өзекшемен толтырылған.

Гүл шоғыры- шашақ, ұзындығы 15-60 см, әрбір тармағының соңында екі масақша отырады, оның біреуі- қос жынысты, ал екіншісі- аталық, гүлденгеннен кейін түсіп қалады. Негізінен айқас тозаңданатын дақыл.

Дәні-қабақты немесе жалаңаш, пішіні-дөңгелек, жұмыртқа тәріздес, бояуы-ақ, қоңыр, сары, бурыл. 1000 дән массасы 25-45г. Бір шашақты 1600-3500 дән болады.

Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері: Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік. Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250-2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ типтерінді өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос және ауа өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады.

Өсіру технологиясының ерекшеліктері:Ауыспалы егістіктегі орны, бірінші кезекте, өсіру бағытына байланысты. Қонақ жүгеріні далалық және малазықтық ауыспалы егісте орналастырады.

Тыңайтқыштар жүйесі: Көптеген зерттеушілер қонақ жүгері егісіне органикалық және минералдық тыңайтқыштарды берудің тиімділігін көрсетеді.

Топырақ өңдеу жүйесі: Қонақ жүгері дақылы ылғалы жеткіліксіз аудандарда өсірілетіндіктен, топырақ өңдеудің негізгі мақсаты-ылғалды максималды жинау, сақтау және үнемдеп пайдалануға және арамшөптерді жоюға бағытталуы тиіс. Көктемгі топырақ өңдеу жүйелерінде ерте көктемгі танапты тырмалау және тұқымды себер алдындағы культиватциялау.

Себу тәсілі мен мөлшері: Қонақ жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктермен саны мен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторлары болып есептеледі.

Егістікті күтіп-баптау: Сепкеннен кейінгі тырмалау, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау. Қонақ жүгері танаптарында кешенді тырмалау. Осы шараның әсерінен танаптағы 65-70пайыз арамшөптерді құртуға мүмкіндік туады.
Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: Бірінші 7-8 жапырақ пайда болғанда 8-10 см тереңдікке, екінші- одан кейін 7-10 күннен соң, 6-8 см тереңдікке, ал үшінші-түтіктену сатысының алдында 4-6 см тереңдікте жүргізіледі.

Суару: Қазақстанның оңтүстігінде қонақ жүгері танабын 3-4 рет суарады. Бірінші суғару өсімдіктің қарқынды өсу кезеңінде екінші-түтіктену кезеңінде минералдық тыңайтқыпен үстеп қоректендірумен бірге, үшінші- шашақтану кезеңінде, ал төртінші-дән толысу кезеңі.
Арамшөптермен, аурулар және зиянкестермен күресу үшін рұқсат етілген химиялық препараттарды толықтырады.

Өнімді жинау: Биік бойлы қонақ жүгері сорттарын тұқымға СМ-2,5 комбайнымен алдымен шашағы кесіліп, бастырылады, ал содан кейін сүрлем жинаушы комбайнымен- малазықтық массасы жиналады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері дегеніміз не?

  2. Жүгерінің халық шаруашылығында алатын орыны қандай?

  3. Жүгеріні өсіру мерзімі қанша?

  4. Семей аймағында қандай жүгері өсімдік түрі өседі?

  5. Шығас Қазақстанда өсірілетін жүгерінің биологиялық ерекшеліктері қандай?

  6. Жүгеріні күтіп баптауда қолданылатын агротехнологиялық іс-шаралар әдістерін ата.

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.

Дәріс № 4

Жаздық астықтарды өсіру технологиясы
Жоспар :

  1. Жаздық бидай халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі

  2. Жаздық арпа халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі.

  3. Сұлы биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы

Оңтүстік Қазақстанда, соның ішінде Қызылорда облысында жаздық бидай негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізіп, мелиоритивті танаптарда өсіру бұл дақылдың өсіру технологиясын жетілдіруді, әсіресе минеральды тыңайтқыштарды қолдану жүйесін және суару режимін оптимизациялауды қажет етеді. Жаздық бидайдың агротехникалық ролі де үлкен, өйткені ауыспалы егістегі суармалы жерлер тиімділігін арттырады,суды үнемдейді, жалпы өнімі артады.

Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік ( агроэкологиялық ) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи зкологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын- шашын мөлшері,оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б. ) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді, оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.

ТМД елдері аймағында егіліп жүрген жаздық бидай сорттар ішінде саратов сорттары көпшілік жағдайда өнімді және қуаңшылыққа төзімді.


Бидайдың жалпы сипаттамасы. Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия орталығы – қазіргі Иран, Аравия аумактары. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан ( Греция, Италия ) қатты бидай шыққан.

И.С. Сүлейменовтың (1973) қортындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834ж. өсіріле бастады. ХIХ ғасырда ол қазіргі Қостанай,Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал ХХ ғасырдың басынан республикадамыздың барлық жерлерінде өсірілуде.

Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн.га. шмасында ,екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай қатты және жұмсақ болып бөлінеді.
Бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.

Тамыр жүйесі шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған.

Сабағы – сабан ( буынаралықтары 5-8 ), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді.

Жапырақтары- сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың тақтағы ауысар жерінде тілше ( түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.

Гүл шоғыры- масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы бөлігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді /3-5 гүлден тұрады/. Агрономның міндеті- мүмкіндігінше масақтағы барлық гүлдер тозаңданып, дән қалыптастыруы.

Жемісі- дән, ол үш бөліктен – қабық, эндосперм және ұрықтан-құралған. Дәннің ірілігі негізінен өсіру технологиясына байланысты өзгереді.

Нақты өсірілетін жерлерге және астықты пайдалану бағытына байланысты жаздық бидай сорттары: Ақмола 2, Астана, Целинная 3С, Целинная юбелейная, Целинная 24, Эритроспермум 35, Казакстанская 19, Казакстанская 25, Ертіс 97, Павлодарская 93, Карабалыкская 90, Карагандинская раннеспелая, Саратовская 29, Алтайская 50, Иртышанка 10, Любава, Лютесценс 32, Омская 18, Омс кая 19, 20,29,30.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет