Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар



бет9/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар

Суретке қойылатын негізгі талап оның формасының өте дәл болуы екендігі белгілі. Осындай суретті дәл салуға мүмкіндік беретін векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған арнайы графикалық редакторлар бар. Олар компанияның логотиптерін жасауда, мәтінді көркемдеп өңдеуге сонымен қатар сурет, чертеж, схема немесе диаграмма жасағанда қолданылады.

Adobe Illusrator-векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның негізгі ерекшелігі-полиграфиялық басылымдарды компьютерлік беттеу және қиын құжаттарды жасаудың соңғы кезеңінде Adobe Photohop, PageMaker программаларымен біріге отырып кеңінен қолданылуында.

Macromedia Freehand-өте қолайлы векторлық редактор. Программа өзінің басқару жүйесінің қарапайымдығымен және жоғары дәрежедегі тез жұмыс істеуімен ерекшелінеді. Macromedia Freehand-тың жұмысының негізгілері, ол қарапайым геометриялық фигураларды немесе ерікті қисық және тұйықталғандарды құру.

Corel Draw - Adobe Illusrator және Macromedia Freehand векторлық редакторлары 1995 жылға дейін Macintosh компьютерінде жұмыс істеуге арналған бірден бір редактор болып қалды. Олардың IBM PC платформасында дамуы қойылған талапты қанағаттандырмады, сондықтан осы платформада Corel Draw редакторының артықшылығы басым болды.

Оның жетістігі-ыңғайлы интерфейспен және жоғары сапалы кескіндерді алумен, графикалық бейнелерді редакциялаумен және құрумен түсіндіріледі. Corel Draw - түс тереңдігін ауыстыру және бейнелерді бір түстік модельден келесі түске аударуға мүмкіндік беретін программа.

Corel Draw редакторында нысан негізгі түсінік болады. Нысан - элемент кескіні: түзу, айналым, тікбұрышты, үшбұрыш, қисық, және т.б.

Күрделі кескінді құру үшін көптеген нысандар қолданылады. Corel Draw-дағы барлық жұмыстар осы нысандар арқылы жасалады. Corel Draw-дың басты нысаны қисық болып табылады. Бұл қисықтар Безье қисығы деп аталады. Математик Пьер Безье – ерікті қисыққа, қисықтың басындағы және соңындағы екі вектордың көмегімен беруге болады деп атап өтті. Corel Draw-да растрлық кескіндерді графикалық құжатқа қоюға болады. Сонымен қатар, әрбір жеке нысан болып саналады және оның басқа нысанмен байланыстырмай-ақ өңдеуге болады.



Corel Draw жұмысының негізгі принциптері:

Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше нысаннан тұрады.



  • Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру.

  • Кез-келген нысанды өңдеу, контурдың түсін, бояуын және обьектінің форматын өзгерту.

  • Дайын болған суретті және алдын-ала құрылған иллюстрацияны құжатқа кірістіру.

  • Әртүрлі көркемсурет құбылыстарын қолдану.

Corel Draw программасының мәтіндік нысанның екі түрлі көрсетілімі: фигурамен (Artistic) және қарапайым (Paragraph) мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Corel Painter- Painter графикалық редакторында суретші мамандар жұмыс істейді.

Painter программасы цифрлық бейнелерді редакциялау ғана емес, сонымен қатар көптеген көркемсурет шығармаларын, гравюралар және мозаикаларды экранға бірден құруға мүмкіндік береді.

Суретші векторлық, растрлық элементтермен жұмыс істей алады.



Painter жұмысының негізгі принциптері:

  • Қылқаламды таңдау көмегімен дәстүрлі бейнені құру;

  • Фондық суреттен басқа, суретке растрлық және векторлық нысан құру;

  • Фон сияқты объектіні де өңдеуге, өшіруге немесе көшіруге болады;

  • Кез-келген элементті кескінде ерекшелеуге және оған әртүрлі құбылыс қолдануға болады.

Кез келген суретті сақтап немесе баспаға шығарғымыз келсе, оны өңдеу үшін алдын-ала құрылған бейнені ашып, оны сканерден алу керек. Сонымен қатар бейненің өлшемін өзгертуге болады. Фотосуретті өңдеу үшін Painter программасының мүмкіншіліктерін қолдану керек. Сканерден, сандық фотокамерадан, Web камералардан бейнені графиктік редактордың өзінен алуға болады. Әрине, ол үшін берілген құрылғы компьютерге қосылып, Windows-та орнатылуы тиіс. Құрылғылармен жұмыс Twain интерфейсі арқылы орындалады. Барлық құбылыстарды Painter графикалық редакторында бейнеге және бөліктеріне қолдануға болады. Құбылысты қолданбас бұрын суреттің керекті бөлігін ерекшелеп алу керек. Құбылыстың барлық командалары Effect мәзірінде орналасқан. Керекті команданы таңдап алғаннан кейін, құбылысты баптау сұхбатын ашамыз. Қажетті параметр беріп, сұхбат өрісінде Ок батырмасын басу арқылы, құбылысты өңделген кескінімізге қолдана аламыз.

Corel Photo Paint - Corel фирмасынан шыққан Photo Paint программасының атын «фотосуреттер және бояу» деп аударуға болады. Бұл графикалық редактор фотосуреттерді өңдеу және жеке суреттерді құруға, растрлық графикамен жұмыс істеуге арналған. Photo Paint Corel Draw векторлық графикалық редакторымен тығыз байланысты.

Редактормен жұмыс істеу үшін алдын-ала Photo Paint-тың мүмкіншіліктерін графиктік редакторымен жұмыс істеу құралдарымен толық таныс болу керек. Photo Paint-та алдын-ала құрылған бейнені редакциялау өте жеңіл болады. Photo Paint құралдарының көмегімен фотосуретті қалпына келтіруге болады. Photo Paint дәстүрлі көркемсурет техникасына ұқсастырып суретті құру мүмкіндігі бар. Арнайы құбылыстардың көмегімен кескінге және оның бөлігіне нақты түр беруге болады. Күрделі суреттерді өңдеу кезінде және коллажды құрғанда ерекшелеу тәсілі міндетті түрде орындалады. Құралдардың көптеген түрлерінің көмегімен, кез-келген күрделі фрагменттті ерекшелеуге, ерекшелеуді өзгертуге, оны сақтап және келесі жұмысқа жүктеуге болады.

Нысанды өңдеу көптеген түрлі процедураларды іске қосады. Нысанның түсі мен формасын өзгертіп, оның бөлігін немесе түрге арнайы құбылыстарды қолдануға болады. Photo Paint суреттерді құруға жоғарғы сапалы таңдамалы құралдарды береді. Ең ыңғайлысы ол қарапайым фигуралар құру: тікбұрышты үшбұрыш, элипс, көпбұрыш және түзу сызықтар.

Сонымен қатар, ерекшеленген аумақ немесе нысанды таңдаған түспен бояу қиын емес. Негізінде жақсы көрсеткішті қылқалам жинақтарының көмегімен көрсетуге болады.



Photo Paint жұмысының негізгі принциптері:

  • Алғашқы кескінді файлдан, буферден, сканерден немесе сандық фотокамерадан алу.

  • Қарапайым фигуралар және ерікті суреттерді түрлі құралдардың көмегімен құру.

  • Кескіннің бөлігінде ерекшелеу операциясын қолдану. Ерекшелеуді өзгерту, сақтау және қалпына келтіру.

  • Көптеген түрлі құбылыстарды кескіндерге және оның бөліктеріне қолдану.

Photo Paint графикалық редакторында бейнефайлдардың кадрын өңдеуге болады.

Сонымен қатар Corel Draw-векторлық графика редакторында анимация жасау құралдары да бар, ол Corel.R.A.V.E. деп аталатын анимациялық редактор.

Бұл программа интернетке векторлық және анимациялық фильмдер жасауға арналған. Интернет-графика нарығында көшбасшы рөлін Macromedia Flash атқаратын, ал қазіргі кезде Corel Draw жанкүйерлері ұқсас анимациялық редактор Corel.R.A.V.E. – ты алды. Бұл программаның Macromedia Flash-тен еш кемшілігі жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет