Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Дәріс №4. Растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар



бет8/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Дәріс №4. Растрлық және векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған графикалық редакторлар
Компьютерде суретті салуға және өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программалар графикалық редакторлар деп аталады.

Растрлық графикамен жұмыс істеуге арналған редакторлар:


Компьютерде тікелей сурет салуға арналған Painter және Fauve Matisse сияқты бірқатар графикалық редакторлар бар. Олар сурет салуға арналған қолайлы құралдардан тұрады. Қарапайым редакторға-Windows операциялық жүйесінің Paint графикалық редакторы жатады.

Paint-растрлық графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты қарапайым иллюстрацияларды енгізу үшін қолданылады.

Суретті өңдеуге арналған құралдар. Растрлық графикалық редакторлардың басқа топтары суретті басынан бастап салуға емес, суреттердің сапасын жақсарту және шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында дайын суреттерді өңдеуге арналған. Ондай программаларға Adobe Photohop,Photostyler,Picture Publisher және т.б. жатады.

Компьютерде өңдеуге арналған бастапқы ақпарат әртүрлі жолмен түрлі-түсті иллюстрацияны сканерлеу арқылы, басқа редакторда жасалған суретті жүктеу арқылы немесе суреттерді цифрлық фото-немесе бейнекамералар арқылы енгізіледі.

Суреттерді каталогқа енгізуге арналған құралдар. Растрлық суреттермен жұмыс істеуге арналған программалар – олар каталогка енгізетін программалар болып табылады. Олар әр түрлі форматтағы графикалық файлдарды қарауға, яғни қатты ыңғайлы альбомдар құра отырып, файлдардың орынын ауыстыруға, атын өзгертуге, суреттерге түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Мұндай класқа жататын қолайлы программа-ACDSee, Ал Windows операциялық жүйесінде Программа просмотра изображения и факсов, Ms office Picture Manager программалары бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет