Объектілерге қолданылатын бульдік ( логикалық ) операциялар
Weld (обьединение) – біріктіру. Байланыссыз біріктіру нәтижесінде объектінің контуры және құю соңғы ерекшеленген объектінікіндей болады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектінің контуры мен құюы алынады.
Trim – айырым алу. Соңғы ерекшеленген объектіден басқа объектілермен ортақ бөлігін алу нәтижесінде жаңа объект құру үшін қолданылады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектіден шегеріледі.
Intersect – қиылысу. Соңғы ерекшеленген объект негізінде объектілердің қиылыспайтын бөліктерін алып тастау нәтижесінде жаңа объект құруға мүмкіндік береді. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объект алынады.