Дәріс №17. ОБЪЕКТІНІҢ ФОРМАСЫН ӨЗГЕРТУ. КОНТУРДЫ ЖӘНЕ ҚҰЮДЫ ӨҢДЕУ
CorelDraw –да әрбір объектің екі негізгі атрибуты бар:
Outline (контур), Fill (құю). Контур немесе абрис деп объектінің формасын анықтайтын сызықты атайды. Құю контурмен шектелген аймақтын тїстік параметрлерін анықтайды. Құю тек тұйық объектілерде болады.
Контурдың параметрлерін баптау
-Outline Pen батырмасы көмегімен ашылатын Outline Pen сұхбат терезесінде жүргізіледі.
Контурдың параметрлері:
Color – контурдың түсі
Width – контур сызығының қалыңдығы
Style – контурдың стилі
Edit Style – сызықтар үшін меншікті стиль құру
Corners – бүїгілген жерлердегі контурдың түрі
Line caps – сызықтар ұштарының түрі
Arrows – бағыттаушылар (стрелкалар)
Calligraphy – каллиграфия (қаламмен немесе қылқаламмен сызылған сызықты баптау)
Behind Fill - контур құюдың үстіне салынады ма екені анықталады. Контур құю үстінде болса, онда контурдыѕ қалыңдығы екі есе кішірейеді