Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия


Пастеризациялайтын және салқындатын қондырғы ОПФ-1-20 және ОПФ-1-300



бет28/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс

Пастеризациялайтын және салқындатын қондырғы ОПФ-1-20 және ОПФ-1-300.
Бұл қондырғыда сүтті тазалау центрден тепкіш күштің әсерімен, ал пастеризация жұңа қабатпен қозғалатын сүтті қыздыру арқылы іске асырылады.
ОПФ-1-20 дені сау сиырдың сүтін пастеризация жасайды сүт 74-78°С градусқа қыздырылады, қыздыру уақыты 20 секунд.
Ал ОПФ-1-300 ауру сиырлардың сүтін пастеризация жасауға мүмкіншілік береді. Сүтті қыздыру температурасы 90-94°С, ал қыздыру уақыты 300 с. Мұнда сүт түтіктің ішінде ұсталады.
Қондырғы пластикалы жылу ауыстырғыш аппараттан, центр тепкіш сүт тазаратқыштан, сүт қыздырылып үстайтын түтіктен, сүт насосынан, ыстық су насосынан, пар шамасын реттейтін өткізгіш электргидравликалық клапаннан, түтіктер жүйесінен және басқару пультынан тұрады.
Пастеризациялап, салқындататын жылу ауыстырғыш аппарат 5 секциядан тұрады. Олар бір пастеризация секциясынан, 2 рекуперация секциясынан, водопровод суымен салқындату секциясынан немесе артезиан құдығынан алынған сумен және мұзды сумен салқындату секциясынан тұрады.
Қондырғы былай жұмыс істейді. Сүт теңдестеру багіне құйылады. Сүт осы ыдыстан арнаулы насоспен екінші рекуперация секциясына беріледі. Сүт мұнда пастеризациядан келе жатқан ыстық сүттің әсерімен 36-38°С градусқа қыздырылады, одан әрі центрден тепкіш тазарытқышқа беріледі. Мұнда сүт механикалық қоспалардан басқа слиздерден және қоймалжың эпитемелерден тазартылады. Тазарытқыштан шыққан сүт рекуперация секциясының біріншісіне беріледі. Мұнда пастеризациядан келе жатқан ыстық сүттің әсерімен қосымша тағыда қыздырылады. Сүт содан кейін пастеризациялауға, яғни талапқа сәйкес қыздырылуға (90°С) жіберіледі.
Пастеризациядан шыққан сүт өткізу клапанына келеді, мұнда егер сүт 90°С градусқа дейін қыздырылмаса ол автоматты түрде қайтадан пастеризациядан өту үшін теңдестеру багіне жіберіледі. Егер сүт белгіленген температураға дейін қызыдрылса онда ол сақтағышқа 20-30 секунд ұстауға жіберіледі, содан ол бірінші екінші рекуперация секцияларына жіберіледі. Мұнда теңдестеру багінен келе жатқан сүтпен салқындатылады. Әрі қарай сүт толық салқындатылу үшін жылу ауыстырғыштың 4 және 5 секцияларына жіберіледі. Мұнда сүтті салқындату үшін ішіне мұз салынған су немесе салқындатқыш қондырғылармен 2-4°С градусқа дейін салқындатылған сумен, немесе осындай температурасы бар артезиан құдығынан шыққан сумен, немесе водопровод суларымен салқындатылады. Бұл қондырғы КВ-300М бу қазанымен бірге істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет