Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет38/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс

Әдебиеттер тізімі
.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру.  Астана КазАУ, 2   б.
2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с.
3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007
4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал фермалары мен комплекстерінің технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992


Дәріс-10


Ірі қараны бордақылау және шошқаны бағып
күту жұмыстарын механикаландыру.

Жас бұзауларды бордақылау қораларындағы ішкі жабдықтар. Бұрын жас бұзауларды бордақылау үшін 10000 басқа арналған кешендер болған. Бұзаулар 15 қорада 720 бастан орналасқан. Қоралардың 5-уі бордақылаудың бірінші кезеңіне арналған. Кезең мерзімі - 130 күн. Ал қалған 10 қорада бұзаулар 260 күн тұрады. Бұл қоралар бір–бірімен галереялармен жалғасқан. Кешенде бұзаулар жыл бойы байлаусыз ешқайда шығармай ұсталады. Олар 18 бастық станоктарда топ–тобымен ұсталады.


Едені саңлаулы. Бұзауларды азықтандыру олардың жас мөлшеріне байланысты. Бірінші кезеңнің басында бұзаулар өндірістік сүт және құнарлы құрама жем алады. Сүтті шлангі пистолетпен жабдықталған шелектерден алады. Ал құнарлы құрамажем тросты-шайбалы азықтаратқыштар арқылы беріледі.
Екінші кезеңнің басында бұзауларға шөп бере бастайды. Ұсақталған шөпті қоларбамен береді, сүт берілетін уақытта бұзаулар науаға автоматты түрде байланады.
Бордақылаудың екінші кезеңінде сүрлемшөп пен құнарлы құрама жемнен дайындалған аралас азық беріледі. Бұл азық науаларға орнатылған қолақты тасымалдағыштар арқылы беріледі.
Бірінші суретте қора бойымен станоктардың орналасуы. Екіншісінде бұзауларды бордақылаудың бірінші кезеңде құнарлы құрамажем тарату жобасы көрсетілген. Бұзаулар саңлаулы еденде үсталады. Еден астында қораның ұзына бойында 12 көң ағызылатын арық орналысқан. Ал екінші кезеңде қора бойымен 8 арық орналасады.

1 – сүрет





1- астық қабылдау бункері; 2- нория; 3- бункер V=15т; 4- тросты-шайбалы тиеу тасымалдағышы Q=2,0 т/сағ; 5– қабылдау бункері V=1т; 6– тросты-шайбалы тарату тасымалдағышы Q=0,5 т/сағ.

2 – сүрет – Құнарлы құрамажем тарату жобасы.


Шошқа қоралары.
Шошқаларды өсіру және бордақылау кешендерінде шошқаларды ұрықтандыру уақытында және одан кейінгі кезеңнін басында шошқаларды жеке станоктарда ұстайды. Шошқалар екінші кезеңде, яғни торайлағанға шейін 10 – 15 бастан тұратын топпен станоктарда ұсталады.
Шошқа қоралары , шошқа +торай.
Жеке шошқалар еміп жүрген торайларымен бірге жеке станоктарда ұсталады.
Торайларды енесінен айырғаннан кейін станоктарда 20-25 бастан тұратын топпен ұсталады. Шошқаны бордақылағандада 25 бастан топпен арнаулы станоктарда ұсталады.



а) б)

1– шошқаның тууына арналған бөлім; 2– торайларға арналған жылытылатын бөлім; 3– жылытылмайтын бөлім; 4– инфрақызыл сәуле шамы; 5– торайлардың азық астауы; 6– аналық шошқаның азық астауы; 7– аналық шошқаның жем жейтін және серуен бөлімі; 8– жылжымалы қабырға.


3 – сүрет – а) СОИ -2 станогі, б) СОИЛ – 2 станогі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет