Қой тоғыту қондырғылары.
Қой қышыма ауруларынан емдеу және сақтандыру үшін жылына екі рет, яғни көктем мен күзде қойды гексохлорано – креолин ертіндісіне арнаулы ванналарда қойды тоғыту немесе душ кабиналарында қой жүніне ертінді толық сіңгенге дейін кабинада ұстау керек. Қой қырқылғаннан кейін бірден оларды душ кабиналарына кіргізіп өңдеуге болады. Негізінен дұрысы қойды ертінді құйылған ванналарда тоғыту керек.
1– қоршау; 2, 4– тоғытар алдындағы және сорғыту қоршаулары; 3– қой итеретін тележка; 5- тұндырғыш; 6– есік; 7– насос; 8– бу қазаны; 9– қазанның жанармай аппаратурасы; 10– араластырғыш; 11– оператордың орны; 12– сүңгіткіш; 13– ванна.
4 – сүрет – ОКВ механикаландырылған қой тоғыту қондырғысы.
Насос станциясы қой тоғыту қондырғысына күніне 50м3 сумен қамтамасыз етеді. Ваннаның канализациясы пайдаланылған ертіндіні көлемі 100м3 болатын арнаулы орынға жеткізуді қамтамасыз ету керек. Ваннаға кіре берісте орнатылған темір жолдың үстімен оператордың басқаруымен тележке қозғалады. Тележка алға да және артқа да қозғалыс жасай алады. Тележканың жұмыстың жүріс кезіндегі жылдамдығы 0,45м/с, ал бос қозғалғанда 0,59 м/с. Тележканың алдында топсалы ілінген ұштары шар формалы 62 таяқша ілінген. Тележка ваннаға қарай қозғалғанда таяқшалар вертикал күйін сақтайды, ал тележка кері қозғалғанда, олар кедергіге кездессе топса арқылы жоғары көтеріледі.
Мұнда ваннаның алды арнаулы фартукпен жабылған. Қой тоғытатын ваннаның ұзындығы 5м, ені 2,5м, тереңдігі - 1,5м, ал олардың екі жағында ванна қойдың шығуына арналған жайбарлар жасалған.
Ваннаның қабырғасы бетоннан жасалады. Ваннаның ертінді ағатын құбырға қарай еңістеліп жасалған. Ваннаның екі жағында гидроцилиндрмен ашылып жабылатын есіктер бар. Жұмыс барысында тележка артқа қозғалып, 25...30 шамасындағы қойды тележканың алдындағы таяқшыларымен ваннаға қарай итеріп, ваннаның ішіне түсіреді. Барлық ваннаның түскеннен сүңгіткіш төмен қозғалып, барлық қойдың ертіндінің ішінде толық сүңгуін қамтамасыз етеді.
Сүңгіткіш бірден жоғары көтеріліп және ванна екі жағындағы есіктер ашылып қойлардың сыртқа шығуы қамтамасыз етеді. Сүңгіткіш арнаулы рычагқа орнатылған келесі жағында теңестіргіш жүк ілінеді. Бұл жүк авариялық жағыдайға арналған. Егер сүңгіткіш ішінде қойы ваннада гидроцилиндр арқылы көтерілмей қалған жағыдайда, оператор цилиндрдің вентілін ашып цилиндрдегі қысымды жоғалтады, бұл жағдайда сүңгіткіш теңестіргіш жүктің әсерімен өздігінен жоғары көтеріледі.
Қондырғыда үш адам жұмыс істейді.1 – тележканың операторы, 2 – сүңгіткіштің операторы, 3 – электрик-механик. Веттехник операторларға көмектеседі және ертінді жасаумен айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |