Әдебиеттер тізімі
.Әбдіров А.М. Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру. Астана КазАУ, 2 б.
2.Әбілжанұлы Т. Кормоприготовительные машины для крестьянских хозяйств и других агроформирований. Ќ Астана. 2007. 200с.
3. Рүстембаев Б.Е. және т.б. Сүт және сүт өнімдерін өндірудің жаңа техноло-гиялары мен экономи-касы. Оқу құралы. - Астана. 2007
4. Зейнуллин К.Ш., Естаев Б.З. Мал фермалары мен комплекстерінің технологиялық жабдықтары. Оқу құралы. - Целиноград. 1992
Дәріс-12
Құс шаруашылығын мехинакаландыру.
Құс ұстайтын қораның ішкі жабдықтарын олардың әрбір жастағы тобына, қорада ұстау әдісіне (еденде немесе клеткаларда), сонымен қатар қабылданған азықтандыру түріне (құрғақ азық немесе ылғал араластырылған азық) байланысты жобалайды.
Еденде ұстау әдісі.
Мұндай әдіс тауықтарды, әтештерді және 60-140 күннің арасындағы балапандарды ұстауға пайдаланылады. Бұл жағдайда ені 12 және 18 метрлік тауық қораларында барлық технологиялық процесстерді атқару үшін «Промышленный 1Ц», «Промышленный 2Ц» жабдықтары қойылады.
Бұрынғы уақытта тауықтарды ұстау үшін бір қатарда орналасқан батериялар ОБН-1. 14 мың тауыққа арналған қорада батереялар бір–бірімен 600мм қашықтықта 4 қатарға орналасады.
Құрғақ құнарлы құрамажем БСК-10 бункерінен көлбеу және горизонталды тасымалдағыш арқылы мөлшерлегіш бункерге түседі. Осы бункерлерден 4 шынжырлы шайбалы тасымалдағыш азықты науаларға таратады. Жұмыртқаларды жинау ленталы тасымалдағыш арқылы жүргізіледі. Осы тасымалдағыш арқылы жұмыртқалар көлденең қойылған тасымалдағышқа одан қабылдау столына жеткізіледі. Тауық саңырығы клеткалардың астынан канатты- қалақты тасымалдағыш арқылы қораның бір жақ бүйір қабырғасына тасымалданады.
Бұл жерден көлденең тасымалдағыш арқылы арнаулы бөлмеде қойылған контейнерге төгіледі. Контейнерді көлікке тиеу үшін бөлмеде көтергіш қойылған.
1– БСК-10 бункері; 2- бұрандалы тасымалдағыш; 3- мөлшерлегіш бункер және шынжырлы-шайбалы азық тасымалдағыш; 4- тауыққа арналған бөлім; 5-решетка; 7- қанатты шынжырлы саңырық тасымалдағыш; 8- қалақты көлденең тасымалдағыш; 9- контейнер; 10- көтергіш.
1- сүрет - 14 мың тауыққа арналған қораның жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: |