Дәріс-1 Мал шаруашылығындағы технологиялық процестерді механикаландыру Негізгі анықтамалар және терминалогия



бет7/47
Дата08.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#118111
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Байланысты:
Мал шаруаш Дәріс

Мал азығын дайындау, әзірлеу
және тарату жұмыстарын механикаландыру
Мал азығы түрлері
Негізінен мал азығы басты үш топқа бөлінеді. Олар:

  • өсімдік тектес азықтар;

  • мал өнімдері тектес азықтар;

  • өндірістік азықтар.

Осы топтардың әр түрлі бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы өсімдік тектестер: шөп, сабан, құрақ, сүрлен шөп, витаминді көк шөп ұны, шөп пен сүрленен немесе сүрлен шөптен қосып ұсақталып дайындалған аралас азық, дәнді дақылдар дайындалған құнарлы азық, тамыржемістер.
Мал өнімдері тектес азықтар. Олар: балық қалдықтарынан, ет, сүйек қалдықтарынан, сүт өнімдерінен дайындалған азықтар.
Өндірістік азықтар. Олар: дайындалған құнарлы құрамажем, қоспалар, және тамақ қалдықтары.
Ірі қараның, қойдың және жылқының басты азығы шөп болып табылады. Шөпті жоңышқа, клевер сыяқты екпе дақылдардын және табиғи жағдайда далада өсетін бидайық, өлеушөп, құрақ сыяқты өсімдік түрлерінен әзірлейді.
Қазір біздің республикамызда шөп әзірлеу әртүрлі технологиямен іске асырылады. Негізінен шөпті шауып оны далада 17-20 пайыздық ылғалдыққа дейін кептіріп, тырмалап, шөмегелен, мояға үйеді немесе жалдағы шөпті тайлап оны тайлаған күйінде маялайды. Шөптің сапалы, төгілмей-шашылмай жиналуы оны құратпай ылғалдылығы 18-20 пайызға жеткен сәтте, яғни шабылғаннан кейін 2-3 күннің ішінде тайлауды немесе шөмелеп жинауғы бастау керек. Бұл жағдайда шөптің жапырақ бөлігінің, яғни құнарлы бөлігінің далаға шашылуы азаяды.
Зерттеулер бойынша жоңышқаның жапырақ бөлігіндінің 1кг-ында 611мг каротин, сабақ бөлігіндінің 1кг-ында 69мг каротин болады, яғни шөпті далада көп жатқызып құратпай, оның жапырақ бөлігін төкпей-шашпай жинап алудың маңызы зор.
Мал азығының келесі бір түрі сүрленшөп (сенаж). Сүрленшөпті құнарлығы жоғары біржылдық, көпжылдық дақылдарын, яғни жоңышқа, клевер сыяқты түрлерінен әзірлейді.
Сүрленшөпті әзірлеу үшін шөпті жаткамен шауып жалға түсіреді, жалда шөптің ылғалдылығы 50-55% пайызға дейін төмендегеннен кейін, жалдағы шөпті мал азығын даярлау комбайндарымен жинап, ұсақтап, қатарласа қозғалған немесе оның артына тіркелген тасымалдағыш құралдарға тиеледі. Ұсақталған шөп бетондалған шұңқырға тұсіріліп, тапталып, шұңқыр толғаннан кейін, оған ауа кірмейтіндей етіп жауып тастайды. Жабылған сүрленшөпті 20-30 күннен кейін ашып, малға таратуға болады. Дайындалған сүрленшөп өзінің бойындағы құпарлы заттарының 90 пайызын сақтайды.
Мал азығының келесі басты түрлерінің бірі сүрлен (силос). Сүрленді жүгеріден әзірлейді. Жүгері жаңа дән алып, дәндері қатаймай тұрғанда жүгері оратын комбайндармен шабылып, ұсақталып, тасымалдайтын жабдықтарға тиеледі. Ұсақталған жүгері сабақтарын бетондалған шұңқырға толтырып, таптап, ауа кірмейтіндей етіп бетін жауып тастайды. Кейбір жерлерде мал азығы ретінде тамыржемістерде (картоп, сәбіз, қызылша) пайдаланылады.
Витаминді көк шөп ұны. Оны құнарлығы жоғары жоңышқа тұқымдас шөп түрлерінен әзірлейді. Бұрынғы уақытта шөпті мал азығын дайындайтын комбайндармен шауып, ұсақтағаннан кейін, оны арнаулы агрегаттардан өткізіп, яғни 10-12 пайыздық ылғалдыққа дейін кептіріп ұнға айналдырып ұсақтап дайындайтын.
Дәнді дақылдардан даярланатып мал азықтары. Олар белгілі бір ірілікке дейін ұсақталған бидай арпа, сүлы және жүгері.
Құнарлы құрамажем (комбикорм). Құнарлы құрамажем ұсақталып, және азықтың бірнеше түрі араластырып бегілі рецептмен әзірленеді. Мысалы сауын сиырларына К-60-1 рецептмен дайындалған құнарлы құрамажем мынандай компоненттерден тұрады: ұсақталған бидай, арпа бидай кебегі, күнбағыс сығындысы, витаминді көк шөп ұны, азықтық фосфат және тұздан тұрады. Мал азығын даярлаудың басты әдісі ұсақтау болып табылады.
Шөпті ұсақтағанда, оның ысырапсыз толық жеінілуі қамтамасыз етіледі. Мысалы қойға шөпті ұсақтамай таратутын болсақ, онда шөптің 25 пайызы төгіліп-шашылып, мал аяғына тапталып жегінбей қалады. Сонымен қатар, ұсақталған шөп тарату процесін механикаландыруды қамтамасыз етеді. Ұсақталған дәнді дақылдардың жұғымдылығы артады және ұсақталған азықтың барлық түрін толық араластыруға мүмкіншілік бар.
Мал азығын ұсақтауға қойылатын талаптарды біз лабораториялық жұмыста қарастырдық.
Енді мал азығының кейбір көрсеткіштерін қалай анықтауды қарастырайық. Мал азығының ылғалдылығы мына өрнек арқылы анықтаймыз



W=

(mы – mқ)*100

,

mы

мұнда mы - анықтауға алынған ылғал шөп бөлігінің массасы;
mқ - толық кептірілген шөп массасы.

Ұсақталған сабақты азықтың орташа ұзындығын табу үшін ұсақталған шөп массасынан 20-50 грамм бөлшек алынуы керек. Осы ұсақталған бөлшек класстарға бөлініу керек.


Бөлінетің класс ұзындықтары 0-10мм, 10-20мм, 20-30мм, 30-50мм, 50-60мм, 60-80мм, 80-100мм т.с. сыяқты класс ұзындықтарына бөлініп, әрбір кластың массасы өлшенуі керек. Бұл жағдайда осындай азықтардың ұсақталғандағы орташа ұзындығы мына өрнекпен анықталады.



lop=

5*m1+15*m2+25*m3+40*m4+55*m5+...

,

mж

мұнда m1, m2 т.с. - әрбір класстың массасы;
mж - бөліктің жалпы массасы.

Әрбір класстың пайыздық мөлшері



п1=

m1 *100

% ,

п2=

т2 *100

% , т.с.

mж

mж

Мыжылып ұсақталған азықтың пайыздық мөлшері



пм=

mм

,

mж

мұнда mм - мыжылып ұсақталған шөп бөлігінің массасы.

Аралас азық және құнарлы құрама жем дайындағанда араластыру процессіне қойылатын талапта жоғары.


Құнарлы құрама жем құрамына витаминдер және басқа элементтер қосылатын болса, және осы қоспалардың арасалмағы 1:100 болатын болса, онда құнарлы құрамажемнің араласу біркелкілігі 90-95% болуы керек (ГОСТ 8770-58). Араласу біркелкілігі мына өрнек арқылы анықталды



O=100 -



Σ(mбі-mбо)2

*100 = 100(1-



Σ(mбі-mбо)2

).

n -1

n -1

mбо

mбо







мұнда mбі – бақылау компонентінің массасы;
mбо - бақылау компонентінің орташа массасы;
n – дайындалған құнарлы құрамажемнің әржерінен алынған сынақ бөлшектерінің саны. Сынақ бөлшектерінің саны 10-нан кен болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет