Еңбек нарығындағы экономикалық рента.
Жұмысшылар табысының әр түрлі болуы олардың біліктілігіне де байланысты болады. Біліктілігі жоғары жұмысшылар тұрақты артық табыс – экономикалық рента ала алады. Экономикалық рента – бұл ұсыныс қатаң шектелетеін ресурстарға төленетін төлемақы. Бұл ерекше ресурстардың қызметіне төленетін нақты төлем ақы мен осы ресурстардың иесі сататын төменгі деңгейдегі бағасының арасындағы айырма.
а) W ә) W
SL S
W* E W2 E2
D2
E1
W0 DL W1 D1
0 L* L 0 L* L
Сурет 5. Экономикалық рента
Жоғарыдағы суретте 5.1.а экономикалық рентаның жалпы жағдайы келтірілген, экономикалық рента W Ewo үшбұрыштың ауданына тең. Өте ерекше адамдар өз ресурстарын ұсынған кезде еңбек ұсынысы вертикаль түзу болады., себебі бұндай ресурстарды иемденуші адамдардың саны шектеулі болады. 5.1.Ә сур. Мысалы, ұлы ғалымдар, эстрада жұлдыздары, атақты киноактерлер (Қ. Сәтбаев, Р. Рымбаева, А: Әшімов). Мұндай жағдайда еңбек ұсыныс өте икемсіз. Сондықтан сұраныстың өсуі еңбек бағасын өсіреді. W1W2E2E1 төртбұрышының ауданы экономикалық рентаға тең (5.1 (ә)-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |