Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет1/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары бөлшектерін бастапқы өңдеу, 2 ТАПСЫРМА, ТКШИ 18-11 Ахметова Индира ТИЛП 5 СӨЖ8, РК сұрақтары, РК сұрақтары, ICT IWS, Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі, ТАРИХ ЕМТИХАН, 1362536, Санитарно-гигиенические требования при производстве молока, 4 ДӘРІС, АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМ  МӘСЕЛЕСІ, Nurgalieva, c184e15b-1d83-4be1-aad2-48d5aabf3b71

«МИКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТІК САБАҚТАРДЫҢ КОНСПЕКТІСІ


Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері

    1. Негізгі экономикалық түсініктер

    2. Экономикадағы таңдау және шектеу

    3. Әр түрлі экономикалық жүйлердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі.

Микроэкономика – экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі болып табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Адамбардың экономикалық іс-әрекеті өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады және бұларды құрайтын:қажеттілік, ресурстар ,технология, өнімдер және оларды пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Адамдардың экономикалық іс-әрекеті белгілі нақты экономикалық тәртіппен жүріп отырады. Олар адамдардың арасындағы өзара әр түрлі байланысына тәуелді болады және белгілі нысандарда жүзеге асырылатын экономикалық тәртіптің шарты болып есептеледі. Мұндай өзара байланыстар мен қарым-қатынастар қайталанып отырады әрі тұрақты болады және экономикалық тәртіптің тәсілі, нормасы, ережесі болып өздеріне сәйкес институттар мен қоғамдық құрылымдарда бекітіледі. Мұндай институттар мен олардың құрылымдары белгілі әлеуметтікжүйеге негізделіп, экономикалық іс-әрекет пен экономикалық тәртіптерге толықтай әсер етеді. Әрине, нақты зерттеу мәселесіне және экономикалық теорияның белгілі бағыттарына байланысты оларды талдау әр түрлі деңгейде болады. Дегенмен де нарық, меншік, мемлекет сияқты институттарды ескермесе болмайды.
Сонымен адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін, оларды жүргізу барысында пайда болатын және өздеріне сәйкес институттар мен олардың жүйелерінде шешілетін жалпы экономикалық проблемаларды микроэкономикалық зерттеуобъектісі деп атаймыз.
Осы объектіні зерттеу арқылы микроэкономика өзінің пәнін анықтайды. Бұған экономикалық субъектілер, экономикалық игіліктер және экономикалық іс-әрекеттер (қызметтер) жатады. Экономикалық субъектілер – бұл экономикада жеке қызмет атқаратын кез-келген бірліктер. Бұндай бірліктер адамдар, сонымен қатар олардың тобы, қоғамдастықтар болуы мүмкін. Кез-келген қоғамдастық микроэкономикада субъект болып қарастырылмайды. Ол үшін адамдардың белгілі тобы бірігіп, қызмет істеп, алдарына қойған мақсаттарына бірге жетуі тиіс. Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану.Бірінші жағдайда,олар өндірушілер, ал екінші жағдайда тұтынушылар болып есептеледі.
Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің боъектісі игіліктер болып табылады. Игілік – кез-келген зат, ол материалдық,сонымен қатар материалдық емес болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады. Қызметтердің түріне байланысты игіліктер 2 түрге бөлінеді:өндірістік ресурстар және олардың негізінде өндірілетін тұтыну игіліктері.
Зерттеліп отырған экономикалық субъектінің экономикалық іс-әрекетін – олардың белгілі бір шешім қабылдап,әрі қарай соны жүзеге асыруы деп сипаттауға да болады.Қазіргі кездегі микроэкономикалық теория шешім қабылдау процесіне көп көңіл бөліп, зертеуге бағытталған. Сонымен микроэкономиканың пәні деп экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер туралы шешім қабылдауын айтамыз.
Микроэкономикалық талдаудың келесі қағидалық белгісі – экономикалық субъектілердің ұтымдылық қимылын болжауы. экономикалық рационализм тұжырымдамасының (концепциясының) түпкі мәні біріншіден, экономикалық субъектілердің өз қызметтерінен түсетін тиімділігінанықтау болса;екіншіден, осы тиімділікке жету үшін кеткен шығындарын есептеу;нәтижесінде осы көрсеткіштерді бір-бірімен салыстырып, өз пайдасын ең жоғарғы деңгейге жеткізе білу болып есептеледі. Бұл жерде пайда-экономикалық субъектілердің тапқан игіліктері, ал шығындар – экономикалық субъектілердің осы пайдағақол жеткізу жолында жұмсаған игіліктері болып табылады. Шығындары мен пайдаларын салыстыру арқылы экономикалық субъект ұтымды шешім қабылдайды. Экономикалық іс-әрекет нәтижесінде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылықты ақша түрінде – табыспен көрсетуәмізге болады. Экономикалық субъектілердің оңтайлылығын экономикалық қызметтегі табыстың ең жоғары деңгейге жетуімен бағаланады.
Микроэкономикалық талдаудың негізгі ерекшелігі шекті немесе маржиналдық талдау. Микроэкономиканың жоғарыда қарастырылған ерекшеліктері экономикалық модельдер құрғанда анық байқалады. Экономикалық модель дегеніміз – экономикалық құбылыстады немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету. Бұл кезде зерттеліп отырған құбылыстардың басты қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын жақсы түсіну үшін кейбір бөліктері қарастырылмайды.
Модельдер ауызша, график түрінде және символдық (аналитикалық) болуы мүмкін. Кез-келген ғылым әр түрлі модельдерден тұрады, олар көбінесе ауызша болады. Бірақ та, теориялық модельдеу кезінде әрдайым графикалық және аналитикалық модельдер қолданылады, себебе олар көрнекі (график) және қысқаша, түсінікті болады. Кез келген модельде айқын және айқын емес түрде белгілі болжамдар болады. Әр түрлі құбылыстар, олардың қасиеттері, сонымен қатар олардың өзара байланыстары көбінесе символдық түрде, соның ішінде сандық және айнымалы шамалармен бейнеленеді. Модельдерде экзогенді және эндогенді деп аталатын екі экономикалық айнымалылар қолданылады. Экзогенді айнымалылардың мәні модель құрылмастан бұрын белгілі болады – бұлар берілген ақпараттар. Модельді талдау кезінде зерттеліп отырған экономикалық құбылыстың қасиеттері туралы белгілі бір қортынды шығарылады. Бұл кезде анықталған шамаларды эндогенді айнымалылар дейміз. Олар модельдің нәтижесі болып табылыды. Модельді құру нәтижесінде экзогенді айнымалылардың эндогенді айнымылылырға қалай әсер ететінін көреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет