Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы:Жеке өмірлік жоспардың мазмұны жеке сәйкестендіру қалыптасуының фактор
Білім беру бағдарламасы: Тұлға психологиясы (Негізгі бөлім)
Выполнил: Сағындық Д
Проверила: Алдабергенова А.И., Аға оқытушы
Жеке өмірлік жоспардың мазмұны жеке сәйкестендіру қалыптасуының факторы
Өмірлік жоспар - бұл іс-әрекеттің жоспары, сондықтан оны бірінші кезекте кәсіптік таңдаумен ұштастырады. Жасөспірімдер мен бозбалалар үшін кәсіптік таңдау көбінесе моралдық проблема болып келеді. Кәсіптік таңдаудағы біздің басшылыққа алатын ең басты нәрсеміз ол өзімізді жетілдіруіміз және адамзаттың игіліктері. Кәсіптік таңдау адам баласын өзінше анықтайды.
Ол өзіне іс-әрекет етудің белгілі бір сферасына араласады, яғни ол онда өзінің күш-жігері мен әдістерін жүзеге асырады.
Бұл сонымен бірге басқа да толып жатқан іс-әрекет пен қызметтерден бас тарту болып есептелінеді және де бұл жеңіл болып көрінгенімен жауапкершілікті өзі шектеуді таңдау оңай емес. Кәсіп жөнінде өзін-өзі анықтау бүгін көп жақты, көп баспалдақты процесс. Оны психологияда әртүрлі көзқараста қарастырады .
Біріншіден, талаптардың жиынтығы ретінде, онда қоғам қалыптасып келе жатқан тұлғаның алдына қояды, яғни белгілі бір уақыт аралығында осы тұлға оны байсалдылықпен шешуге тиісті.
Екіншіден, шешімдер қабылдау процессі ретінде, оның көмегімен индивидуалды өзінің басым бағалау және қабілеттерінің балансын қалыптастырады және оны саралайды, екінші жағынан қоғамдык еңбек бөлісу жүйесінің қажеттілігіне орналасады.
Үшіншіден, өмірдің жеке стилін қалыптастыру. Мұның құрамдас бөлігі ретінде кәсіптік қызметі. Бұл үш тәсіл жұмыстың әр түрлі жақтарын басым көрсетеді (бірінші қоғамдық сұрақтардан туындайды, үшінші жеке
тұлғаның қасиеттерінен, екінші - екеуінің келісімдерінің жолдарын іздейді). Бірақ сонымен бірге өзара толықтырушылар болып есептелінеді (бірінші басым әлеуметтік, екінші әлеуметтік, психологиялық, үшінші -дифференциалды психологиялық).
Жас дамуының психологиялык, кәсіптік бойынша өзін-өзі анықтауы бірнеше этаптарға бөлінеді. Олар әрине мезгілі жөнінен әр түрлі болады.
Бірінші кезең - балалар ойыны, мұнда бала өзіне әртүрлі мамандық рөлдерін ойнайды және сол мақсатта өзін баулап көреді.
Екінші кезең - жеткіншектердің фантазиясы, мұнда ол өзін әр түрлі сүйкімді мамандық иесі ретінде армандайды.
Үшінші кезең - жеткіншектік кезең мен бозбалалықтың басым бөлігін қамтиды - бұл алдын-ала мамандық таңдау. Әр түрлі іс-әрекет түрлері сортталып бағаланады.
Алдымен жеткіншектің көзімен тарихи романдарды сүйемін, сондықтан тарихшы болатын шығармын, соңынан оның қабілетіне орай (менде математика жақсы жүреді, мүмкін сонымен айналыссам ше) ақырында оның бағалау жүйесіне байланысты! Менің ауруларға көмектескім келеді, дәрігер болармын: көп табыс тапқым келеді.
Төртінші кезең - практикалық шешім қабылдау, мамандық таңдау. Өзіне екі бас құраушы кіреді. Болашақ еңбектің мамандық дәрежесін анықтау, оған қажетті дайындықтың көлемі мен мезгілін анықтау, тиянақты мамандықты таңдау. Былайша айтқанда бұл екі таңдаудың мезгілі әртүрлі болуы мүмкін .
Кәсіптік таңдау мен өмірлік жоспарлардың орындалуы әлеуметтік жағдайларға, оның ата-аналарының білім деңгейіне байланысты.
Ата-аналарының білім деңгейі жоғары болған сайын олардың балалары да оқуын жалғастыруы көп болады және ол жоспарлар жүзеге асады.
Бозбалалардың өмірлік жоспарларын жүзеге асыруы қыздармен салыстырғанда көпшілік жағдайда басым болып келеді .
Кәсіби бағдарлау тек әлеуметтік қана емес, сонымен бірге ол психологиялық та мәселе. Бірінші тәсіл тұрақтылық пен жеке қасиеттердің тәжірибелік өзгермейтіндігінен туындайды.
Оларға іс-әрекеттің тәсілі мен үлгермей тікелей байланысты: бұл жерде адамды іріктеу мен саралау жұмысқа байланысты, екінші жағынан - жұмыс таңдау, сол адамның жеке қасиеттеріне байланысты. Екінші тәсіл қабілеттілікті бағытталған қалыптастыру идеясы арқылы туындайды, мұнда әр адамда мүмкіндігінше кейбір сол жұмысқа қажеттік қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді .
Бұл екі тәсіл әр түрлі аталынуы мүмкін, бірақ оларда бірегей „әдіснамалық кемістік бар. Ол жеке және еңбек кызметі бір-біріне байланыссыз әрі қарама-қарсы нәрселер ретінде қаралады. Олардың бірі екіншісін өзіне сөзсіз бағындырады.
Дегенмен психологияда қабылданған сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципімен туындайтын үшінші мүмкіндік бар. Е.А.Климовтың топшылауы бойынша бұлар мынадай тұжырымдамаға негізделеді:
1. Тұрақты, тәжірибелік қайта тәрбиелеуге болмайтын жеке психологиялық қасиеттердің болатындығы танылады. Қызметтің табысты болуына тікелей байланысты.
2. Тәсілдері бөлек, бірақ (қасиеттер, қызмет) соңғы пайдасы (еңбектің өнімділігі) бірдей қасиеттер қызметтің табысты болуына байланысты.
3. Қажетті қасиеттерді қалыптастыруда жеке тұлғаның өзіндік ерекшелігін, ішкі даму жағдайларын ескере отырып құру дұрыс. Кәсіп таңдауда кәсіби ақыл-кеңестің маңызы ерекше.
Бұл тиянақты дайындықты керек ететін қиын жұмыс. Жоғары кластардың басым көпшілік бөлігі кәсіп таңдауда стихиясы түрде келеді [4].
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың байсалды факторлары - жас шамасы, жас адамның ақпарат дәрежесі, оның килігу дәрежесі. Кәсіп таңдау біз көріп отырғандай өте-мөте қиын және ұзақ процесс. Бұл жерде мәселе тек оның ұзақтығына емес, оның кезеңдерінің бірінен соң бірінің келуінде.