Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері


Әр түрлі экономикалық жүйлердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі



бет3/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

1.3 Әр түрлі экономикалық жүйлердегі ұштастыру мәселелері. Айналым моделі.
Экономикалық іс-әрекеттердің жалпы проблемаларына балама мүмкіндіктерді талдыу мен шектеулі ресурстарды үнемдеу тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бұлар барлық игіліктерді экономикалық субъектілердің, өндіріс түрлерінің және белгілі қажеттіліктердің арасына орналастыру болып табылады. Сондықтан кез келген экономиканың болуы және дамуы осы негізгі үлкен экономикалық проблеманың шешіміне байланысты. Игіліктерді орналастырудың екі жақсы тәсілдерін іздестіру «Не өндіреміз?», «Қалай өндіреміз?», «Кім үшін өндіреміз?» деген проблемаларды шешудің жолдарын анықтайды.
Игіліктерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде біз кономикалық субъектілердің өзара байланысын қарастырып өтеміз. Әр экономикалық субъект өзінің табыстары меншығындарын бағалап, талдау жасағаннан кейін, қоғамда және субъектілердің экономикалық қызметтерін ұштастыру мәселесі пайда болады. Оған төмендегілер жатады:

  1. өндірушілер арасындағы шешімдерді келістіру;

  2. тұтынушылар шешімдерінкелістіру;

  3. Жалпы тұтыну мен өндіру шешімдерін толықтай келтіру.

Бұндай қажеттілік көптеген себептерден туады, соның ішінде экономикалық субъектілердің экономикалық қызметтердің белгілі бір түріне мамандануынан.
Нарықтық жүйеде экономикалық тәртіптің нормалары сатып алушылар мен сатушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасады.
Бұл біріншіден, қызметтестік және бәсеке кезінде экономикалық іс-әрекеттердің параметрлері мен ережелерін өзгерту жолымен экономикалық даму мүмкіншілігін, ал екіншіден, осындай даму кезінде жеке меншікті пайдалану арқылы экономикалық субъектілердің жеке қызығушылығының мүмкіншілігін қамтамассыз етуді біріктіреді. Осының нәтижесінде барлық экономикалық субъектілердің әрқайсысы өзінше іс-әрекет жасауын бәріне міндетті құқық нормасымен шектейтін, бірақ өзіндік ынталану мен экономикалық белсенділікті барынша жоғарылатуды қамтамассыз ететін бәріне бірдей жалпы ережелерге бағынады.
Бұл кезде жеке іс-әрекеттің өз еркінше кеңейтілуіне байланысты экономикалық іс-әрекеттің жалпы тәртіптілігі мен регламенті елеулі өседі. Сондықтан әлсіз экономикалық шешімдер сәтсіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Экономикалық субъектілердің қызметтері мен игіліктерді орналастыруды үйлестіру ролін экономикада нарық механизмі атқарады, соның ішінде баға жүйесінің маңызы зор.
Нақты экономикалық жүйелерде барлық уақыт аралығында экономикалық қызметтерді үйлестірудің барлық жүйелері әр түрлі арасалмақпен бірігіп қатар жұмыс істейді. Жоғарыда айтқандай әрбір жүйенің күшті және әлсіз жақтары болады. Нарық жүйе жағдайында нарықтық мәмілені іске асыру кезіндегі экономикалық іс-әрекеттердің шығындары трансакциялық деп аталады.
Олардың құрамына: ақпараттарды жинау және өңдеу (жөндеу) шығындары; келіссөз жүргізу және шешім қабылдау шығындары; тексеру шығындары және келісімнің орындалуын заңды түрде қорғау шығындары кіреді.
Әкімшілік жүйенің қызметіне байланысты шығындарды әкімшілік шығындар деп атайды. Оған жататындар: ақпаратпен қамту шығындары, орындалу шығындары.
Трансакциялық және әкімшілік шығындарды өзара салыстыратын болсақ, онда ол берілген нақты экономикалық жүйедегі нарықтық және административтік механизмнің қатынастарын және олардың қызметтерінің шектеулерін анықтайды. Нарық трансакциялық шығындардың бір бөлігін (ақпарат жинау) ең төменгі деңгейге жеткізу арқылы үйлестіру процесінің үнемді жұмыс істеуін қамтамассыз етеді.
Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі мен сұраныс және ұсыныс модельдерінің көмегімен талданады.
Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылықтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардың қызметін пайдалануға жұмсайды.
Үй шаруашылықтары не тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мұндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы керек. Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы керек. Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар нарығы және тұтынушылар игілігінің нарығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет