№1 дәріс. Нарықтық экономиканың мәні мен қызмет ету механизмі.
Сұрақтар
1.Нарық, оның қызметтері және типтері.
2. Нарық жүйесі және оның құрылымы.
3.Нарықтық механизм және оның элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке.
Дәрістің мақсаты: «нарық», «нарық механизмі», «нарық құрылымы» секілді негізгі түсініктердің мазмұнын ашу; нарықтық баға құрудың механизмін түсіну; бәсеке мен монополияның өзара байланысын түсіну.
1.1 Нарық, оның қызметтері және типтері
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан өндірушілер, басқа жақтан тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады. Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан өндірушілерді ажыратады. Еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір – бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалды қатынастар туындайды. Нәтижесінде, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар – ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасына ие болады.
Нарық - өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар – ақша қатынастарын, қаржы – несие жүйесін пайдалануға негізделген экономикалық іс - әрекеттердің күрделі механизмі.
Нарықтың мәні оның қызметтері арқылы толығырақ анықталады. Нарық келесідей маңызды қызметтерді атқарады: тауар өндірісінің өзін - өзі реттеу қызметі. Яғни, тауарға сұраныс өскенде өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарылатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды; ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде өндірушілер өндіруді азайтады, сонымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді; өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, яғни сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда; реттеу қызметі. Нарық арқылы экономикадағы, өндірістегі және айырбастағы негізгі микро және макропропорциялар белгіленеді; өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсерімен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан қолайсыз элементтерден арылып отырады және осының арқасында тауар өндірушілер әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни дифференциалданады. Нарықтың даму дәрежесіне қарай келесі типтерге бөлуге болады: дамымаған, классикалық, реттелуші және деформацияланған.
Классикалық нарықтың келесідей белгісі болады: а) нақты нарық оған еркін кірудің болуын қарастырады, сондықтан нарық қатысушыларының саны ешқандай шектелмейді; ә) нарықта көптеген тауар өндірушілер әрекет еткендіктен, бұл тауарларға қойылған баға жалпы нарықтық баға елеусіз (аз) әсер етеді; б) нарықта өндіріс факторлары қозғалысының толық еркіндігі қарастырылады; в) еркін нарықта сатушылар мен фирмалардың қандай да бір топтары үшін артықшылықтар жоққа шығарылады.
Оның өзін – өзі реттеуші механизм негізінде қызмет етуі, адамдарға қатыстылығы, сұраныстың негізіндегі өндіріске күрделі қаржы салуға бағытталуы классикалық нарықтың артықшылығы болып табылады.
Нарықтың екінші типі – реттелуші, яғни құқықтық нормалармен бекітілген қандай да бір тәртіпке бағынышты және мемлекетпен қолданатын нарық. Ірі кәсіпорындар бұрынғыдай өздеріне белгісіз нарықта көзді жұмып жұмыс істей алмайды. Ауқымды капиталмен тәуекелге бармас үшін олар өздеріне өткізу нарығын қамтамасыз етуге тырысады, пайдалы мемлекеттік тапсырмаларды орындауға дайын болады. Осылайша кездейсоқ жағымсыз әрекет жоққа шығарылады.
Әкімшіл - әміршіл жүйе жағдайындағы деформацияланған нарықтың негізгі белгілері келесідей: нарықтық қатынастар субъектілерінің аз болуы; шектен тыс орталықтандырылу, коммерциялық әрекеттерде дербестіктің болмауы; тауар өндірушілер мен сатушылардың монополизмі; сұраныс пен ұсыныстың теңсіздігі; көлеңкелі экономиканың дамуы; тауар – ақша қатынастарының бартерлік айырбаспен алмасуы; тұтынушының тауарды таңдауға деген құқығының болмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |