1 дәріс. Нарықтық экономиканың мәні мен қызмет ету механизмі



бет5/5
Дата11.09.2020
өлшемі28,88 Kb.
#77808
1   2   3   4   5
Байланысты:
нарық экономика негіздері
медицина катастроф, Notes 2
Qs=F(Б).

 

         2 Сурет - Ұсыныс қисығы



         Сұраныс пен ұсыныс тепе – теңдігі кезіндегі нарық пен баға деңгейі жағдайы нарықтық тепе – теңдік деп аталады. Бұл жағдай графикте келесідей бейнеленеді.

Qe

 

                

         3 Сурет - Нарықтық тепе – теңдік

         Суретте көрсетілгендей тепе-теңдік нүктесі Е сұраныс пен ұсыныс қиылысында орналасқан. Тепе – теңдік нүктесіндегі нарықтық бағатепе – теңдік бағасыдеп аталады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қарай бағаның тепе – теңдік нүктесі де соған сай өзгереді.



        Нарық бәсекелестігінде тепе – теңдік Е нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бір – біріне дәл келеді. Qe=Qs=Qd. Егер ұсыныс сұраныстан асып кетсе, онда тауарды сатып алу азаяды, сондықтан сатушылар тауарларының бағасын түсіруге мәжбүр болады. Ал егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда тауар бағасы өседі. Бәсеке (лат.concurere – бірге қашу) – бұл нарықтағы анағұрлым жақсы жағдай, яғни пайданың көп мөлшері, өткізу нарығы, шикізат көздері үшін тауар өндірушілер арасындағы қақтығыс (күрес). Бәсеке нарықтық механизмнің қажетті элементі болып табылады. Әрине, бәсеке үшін нарықта біркелкі тауар өндіретін көптеген тауар өндірушілер болу керек. Нарықта бәсеке әртүрлі формада және әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі.

         Бәсекені келесі негізгі түрлері бойынша жіктеуге болады: таза бәсеке,    жетілген бәсеке, монополиялық бәсеке (толығырақ көрсетілген әдебиеттерде). Біздің елде әкімшіл - әміршіл жүйе кезінде кәсіпорындар нарық және пайда үшін бәсекеге түспеді. Олар өзара қорларды, шектерді, шетелдік құрал – жабдықтарды, мемлекеттік күрделі қаржыларды алу және директивті тапсырмалардың төмендеуі үшін күресті. Мұндай бәсеке негізінде өндіріс шоғырлануының жоғары дәрежесі мен ұсақ бизнестің әлсіз дамуы жатқан ведомстволық монополизмнің теріс жағы ретінде жүрді. Нарықтық қатынастарға көшу сатып алушының басымдылығын (приоритетін) бекіту мен өндірушінің басымдылығын жоюды қарастырады. Бәсеке – бұл тауар өндірушілердің еркіндігі ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылар тарапынан мәжбүрлеу, қаржылық шектеулерге тәуелділік. Бәсекенің дамуына ұсақ кәсіпорындардың құрылуы, мемлекеттік тапсырмалардың (қандайда бір кезеңде) жойылуы, кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру және жекешелендіру және т.б. ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет