Педагогикалық қарым-қатынас – белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, дұрыс психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Н.Ф.Маслов, Е.М.Крутов сияқты психологтар еңбектерінде қарым-қатынастың – «демократиялық» және «авторитарлық» екі түрлі стилі көрсетіледі. Қарым-қатынастың кәсіби түрінде стилдің үшінші – «либералдық» түрі анықталады. Оның негізін салған А:А.Бодалев.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі – педагог оқушылармен, жұмыстағы әріптестермен өзара әрекеттескенде қолданатын әдістер мен тәсілдердің қалыптасқан жүйесі.