Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар



бет26/52
Дата02.01.2022
өлшемі174,91 Kb.
#107802
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
Байланысты:
дәрістер жинағы (1) (1) (2) (1)

3.Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар.

1954 жылы қаңтарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.

Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 1950 жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиз заводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов - Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-58 жж. аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді. 1960 жылы Қазақ КСР темір жолының ұзындығы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-55 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.

КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп реформа негізінде:

1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды;

2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері құрылды. Сонымен басқарудың екі түрін көруге болады:

1) Орталықтандырылған территориялық басқару.

2) Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері.

1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше,

1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады,

2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне

нұқсан келтірілді;

3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды,

4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды;

5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді.

Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді. Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды.1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия ұйымдары болып бөлінді. Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-60 жылдарға арналған 6-бесжылдық жоспар 1959-65 жж. арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.

1954 жылғы қаңтар-наурыз – КОКП ОК Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы деп белгіленді. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу жоспарланды. Қазақстанда тың жерлер: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары болып табылды. Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер ұйымдастырылды. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды. 1954-59 жж. тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-62 жж. республикаға 2 млн.-ға жуық тың игерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамандарының саны 600 мыңнан асты. 1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқынмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. Қазақстанда 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.

Қорытындылай келе Н.С.Хрущев басқарған жылдар Қазақстан тарихында өз күрделілігімен, қарама-қайшылығымен қазақ халқы қол жеткізген табыстар мен орасан шығындарымен орын алады. Оның жүргізген реформаларының сәтсіз болуы социализм ұстанымдарынан туындаған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет