"Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бағдарламаның қарастыратын істері
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;
Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;
Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;
Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;
Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.
Дәріс №8
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.
Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның маңызы.
2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару – үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».
Достарыңызбен бөлісу: |