Қазақстан Республикасының Болон процесiне қатысудағы мақсаты - еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасының одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның мобильділігін жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.
Болон процесiне Қазақстанның кірігуі қазақстандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын және студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін, сонымен қатар отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетi халықаралық аренада танылатын ЖОО болды. Қазақстанның педагогикалық университеттерi арасында бiрiншi болып Абай атындағы КазҰПУ 2007 жылы Болон университетiнде (Италия) университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды. Мемлекет деңгейдегi болон процесi 1999 жылы негiзделдi. Осыдан бастап университеттердiң Ұлы хартиясына әлемнiң 600-ге жуық ЖОО-ы кiрдi. Бұл кеңiстiк шекараларындағы бiлiм, азаматтардың мобильділігі, жұмысқа орналастыру және бiлiм саласындағы қызмет еуропалық еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттiлiгiн едәуiр жоғарылату, дипломдардың мойындалуына бiртұтас жағдайлар жасауы керек.
2010 жылдың 11-12 наурызында Қазақстан Балон үрдісі білім министрлігінің II форумында (Будапешт қаласында, Венгрия және Вена қаласы, Австрия) 47 ел арасында Болон үрдісіне тұңғыш рет қол қойды. Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылуға лайық және еуропалық бiлiм беретiн кеңiстiктiң толық құқықты қатысушы болған орталық – Азиядағы бiрiншi мемлекет болып табылады. Болон үрдісіне Қазақстанның қосылуы отандық ЖОО мен студенттер үшiн нақтылы мүмкiндiктердi бередi:
1 ) отандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын еуропалық стандартқа сәйкес келтiру:
2 ) отандық бiлiктiлiктер және академиялық дәрежелердi мойындау;
3 ) студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету;
4 ) шетел университеттерiндегi қазақстандық ЖОО студенттерiнiң несиелерiн қайта сынақтан өткізу және керiсiнше;
5 ) бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құру;
6 ) отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез – келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.
Балон декларациясы приннцптерінің негізгі мақсаты студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бізге 2020 жылға дейiн алдағы он жылдықта еңбк нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ететін жоғары білімнің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, елдiң индустриалды - инновациялық дамуын шешу және білім сапасы әлемдік тәжрібиеге сай келетін тұлғаны дайындау. Егер өз азаматтарының қабiлеттiлiгі мен мүмкiндiгін барынша қолданса, олар өмiр бойы ізденісте болса, Қазақстан бұл жағдайда үлгере алады. Нәтижеге бағытталған үйрену мен мобильділіктің құбылмалы еңбек нарығына бейімделуі қажет болатын компетенцияны дамытуды үйренушіге көмектеседі және оларға жауапкершілігі мол азамат болуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |