Дәріс №1 Пәнге кіріспе


Ең жоғарғы заң шығарушы орган



бет23/48
Дата07.02.2022
өлшемі307,5 Kb.
#97776
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
тарих лекция

Ең жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 


3. Қазақстан-2030 Стратегиясы - ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы 1 қазанда қабылданған. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:

  • Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.

  • Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.

  • Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.

  • Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.

  • Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.

  • Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.

  • Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.



4. "Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:

  1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм;

  2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау;

  3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік;

  4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары;

  5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту;

  6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;

  7. Жаңа Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері:

  1. Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі

  2. Екінші сын-қатер - жаһандық демографиялық теңгерімсіздік

  3. Үшінші сын-қатер - жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер

  4. Төртінші сын-қатер - судың тым тапшылығы

  5. Бесінші сын-қатер - жаһандық энергетикалық қауіпсіздік

  6. Алтыншы сын-қатер - табиғи ресурстардың сарқылуы

  7. Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция

  8. Сегізінші сын-қатер - үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық

  9. Тоғызыншы сын-қатер - өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы

  10. Оныншы сын-қатер - жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет