Дәріс № 9. Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі (2 сағат)
1.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару: кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы.
2.Адам капиталын, елдің еңбек қуатын дамытудың стратегиясы.
3.Денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыруды дамыту
1. Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеуметтік саланы реформалаудың бірқатар параметрлері бойынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріптестерінен ілгері озып кетті. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты.
Бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді «ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА» өтуге барып тіреледі. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру - Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.
Әлеуметтік жаңғырту бүкіл қоғамның, әрбір қазақстандық отбасы мен әрбір қазақстандықтыңөміріне шынайы сезінерліктей оң өзгерістер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етеді.
Әлеуметтік жаңғырту «тіптен де мемлекет» үшін жасалмайды, ол әрбір нақты азаматқақызмет етіп, пайда әкелуі тиіс.
Бүгінде әлеуметтік салаға әшейін «түпсіз» қаржылық құюлар маңызды емес.
Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтік бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерін азат ету мақсатында заңнамалық, ұйымдастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудің нақты шаралары қажет.Жаңғырту егер, біріншіден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екіншіден, тұтастай үдемелі индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негізделген жағдайда ғана табысты болады.
"Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы). Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И.С.Кони). Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді.
2.Адам капиталы – ол дамудың келесі жоғарғы сатысы инновациялық экономика мен білім экономикасын қалыптастыратын және дамытатын негізгі фактор. Инновациялық экономика – ол жоғары сапалы өмір, интеллект, білім, ғылым және жоғары сапалы адам капиталы.
Адам капиталының деңгейі мемлекеттің даму деңгейін көрсетеді.1990 жылдан бастап халықаралық деңгейде адам даму потенциалының индексі (АДПИ) – елдің орташа даму деңгейін үш негізгі адам даму өлшемімен анықтайтын индекс:
1. Белгілі деңгейде елдегі денсаулық пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін көрсететін адам өмірі ұзақтығының индексі;
2. Тұрғындарды бастауыш, орта және жоғарғы біліммен қамту және 15 жастан үлкендердің сауаттылық деңгейін көрсетіп елдегі білім жүйесінің жағдайын сипаттайтын білім беру деңгейінің индексі;
3. Әрбір тұрғынға шаққанда ЖІӨ-нің көлемі сатып алу мүмкіндігіне (САМ) пара-пар АҚШ долларынмен өлшенетін лайықты өмір деңгейі.
Бұл комплексті индексте азаматтық бостандық, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулық және мәдени даму көрсеткіші, қылмыс деңгейі, қоршаған ортаны қорғау т.б. көптеген факторлар ескеріледі. Адам даму индексі – 0-ден 1-ге дейін көрсеткішпен қабылданатын елдің даму деңгейі мен өмірдің сапасын көрсететін жиынтық көрсеткіші. БҰҰ эксперттерінің анықтауы бойынша елдің, адам дамуы потенциалының индексі (АДПИ) 0,9 және одан жоғары болса, ол дамыған, ол деңгейге жетпейтіндер – дамушы елдер. Көрсеткіші 0-ден 0,499-ге дейінгілер АДПИ-і төмен, 0,500-0,799 – орташа, 0,800-0,899 – жоғары, 0,900-дан көбі — өте жоғары болып саналады. Бұл көрсеткіштерді таңдау, мысалы қоғамдағы еңбек потенциалы ауру мен жарақаттың азаюы жұмыс күнінің саны мен еңбекпен қамту масштабының кеңеюі есебінен өсетініне негізделген.
Әлемдік банктің есебі бойынша АҚШ-тағы ұлттық байлықтың ішінде барлық өндіріс қорының (ғимараттар мен қозғалмайтын мүлік, машина мен құрал-жабдықтар) үлесі 19%, табиғи ресурстар — 5, ал адам капиталы — 76%. Батыс Еуропадағы сондай көрсеткіштер -23, 2 және 74; Ресейде — 10, 40 и 11-50%.
Сондықтан, адам капиталы постиндустриалдық қоғамдағы табиғи немесе жиналған байлықтан да құнды, ең маңызды қор болып табылады. Қазірдің өзінде барлық елдерде адам (зерделік) капиталы экономика дамуының қарқыны мен ғылыми-техникалық өрлеуді айқындайтын күшке айналды. Сондықтан, қоғамда осы капиталды шығаратын негізі — білім жүйесін дамытуға көп көңіл бөлінуде. Бұл, елдің өндірісті күштерін жаңа сатыға дамыту жағдайында ірі механикаланған машиналық өндіріске негізделген индустриальдық кезеңнен, негізгі күш қамту саласы, ғылым, білім және т.б. болатын постиндустриальдыққа ауысқан ХХІ ғасырдағы әлемдік экономиканың келешек келбетін айқындайтын күш болады.
Материалдық байлықты өндіру өзінің маңызын сақтағанымен оның экономикалық тиімділігі алдымен жоғары сапалы мамандар, жаңа білім, технология және басқару әдісін пайдаланумен анықталады. Яғни алдыңғы қатарға өндірістің әдісі және білім, не зерделік потенциалы – адамның өзі шығады. Адам даму тұжырымдамасының теориялық негізі мен маңызды бөлігі болып адам капиталының теориясы, білім берудегі революциялық теория және одан шығатын қазіргі қоғамдағы экономикалық, технологиялық және әлеуметтік прогрестегі білімнің рөлінің алға шығу тұжырымдамасы болып табылады.
Жалпы қабылданған қағида бойынша адам капиталы дегеніміз – ол адамның қоғамдық өндірісте лайықты қолданғанда еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру арқылы, оның табысының өсуіне әсер ететін, белгілі инвестицияның нәтижесінде қалыптасқан сол адамның жинаған денсаулығы, білімі, тәжірибесі және мүмкіндігі болып табылады. Адам капиталының басқа капиталдарға тән қасиеттері болғанымен, олардан көп айырмашылығы бар. Бұл теорияның орталығында – адам, оның рухани және кәсіби жетілуге, жақсы тұрмыс пен байлыққа ұмтылуы тұрады. Яғни, қазіргі экономикалық жүйеде адам капиталы ұлттың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуде маңызы зор дербес ресурс болып табылады.
Қоғамның әрбір мүшесінің білім алу, зерделік, ақпараттық т.б. мүмкіндігі көп болған сайын, ұлт пен мемлекеттің зерделік ресурсы жоғары, экономиканың өсу қарқыны тез, қоғамның мүмкіндігі анағұрлым артық болады. Дамыған елдердің экономикалық артықшылығы көп жағдайда адам капиталының өзінің өлшемімен емес, адамның өндірістегі пайдаланған творчестволық еңбегі нәтижесінде шығарған өнімінің көлемі және сапасымен өлшенеді.
АДПИ-дің 2009 жылғы көрсеткіші бойынша Қазақстан адам даму индексі жоғарғы елдердің ішінде 82 орында болса, 2011 жылдың қарашасындағы деректе 68 орынға дейін көтерілді.Осы уақытқа дейінгі экономиканың дамуы табиғи ресурстарды пайдалану мен минеральдық шикізатты өндіріп экстенсивті түрде болғандықтан Қазақстан үшін адам капиталын дамытудың маңызы зор. Экономика мен әлеуметтік-мәдени салалардағы осы уақытқа дейін жүрген прогрессивті өзгерістерге қарамастан экономиканы модернизациялау мен индустриальды-инновациялық жолмен дамуға көшу қарқыны әлі жеткіліксіз. Қазақстан ғалымдарының жетістіктері мен елдегі білім жүйесі әлемдік ғылым мен білімдегі бәсекеге сай емес. Оның бір себебі Қазақстан экономикасының дамуы мен модернизациясы және мәдени-әлеуметтік механизмдер мен методологиялық негіздің дайындалмағандығынан бұл салалар осы уақытқа дейін индустриальдық доминанта тұрғысынан, яғни негізгі мақсат пен дамудың нәтижесі экономиканың шикізатты өндіруі мен материалдық капиталды пайдалану тұрғысынан қаралуында.
3.Денсаулық сақтау – қоғамның әлеуметтік өмірінің маңызды саласы. Бірнеше рет қайта құруларды басынан кешіріп, алдағы уақытта да дамытылуы жоспарланып отырған ұлт денсаулығы – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін орасан зор қаржы бөлінуде, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері енгізілуде.
Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге мұраға бұрынғы Кеңес Одағынан денсаулық сақтаудың орасан зор жүйесін де алды. Көптеген емханалар мен ауруханалар, сол кезде материалдық және кадрлық жағынан құнды болып табылып, бүгінге дейін қолданыста жүрген ескі техникаларды да иеленген еді. Денсаулық сақтау саласын басқару 1991 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы қаржы және білікті маман тапшылығы (ең мықты деген кадрлар эмиграцияға кетіп қалған) кезіндегі бала және ересектер арасындағы өлім-жітімнің өршіп тұрған қиын материалдық жағдайына қарамастан тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге барынша тырысқан Денсаулық сақтау министрлігі деп аталған арнайы министрлікпен басқарылған еді.
1996 жылы елде сақтандыру жүйесінде қайта құру басталып, ол өз кезегінде денсаулықсақтау саласын айналып кете алмады. 1996-1998 жылдар бюджеттік-сақтандыру жүйесіне өту кезеңімен белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар 1995 жылғы 15 маусымдағы №2329 Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы Жарлығы шықты. Ол жарлық бойынша міндетті медициналық сақтандыру Қоры арқылы тұрғындарды міндетті және ерікті сақтандыру ойластырылды. Бұл Қор Денсаулық сақтау министрінде жасалған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасын қалыптастырған мемлекеттік коммерциялық емес ұйым еді.Бұл бағдарлама күйреп қалғанымен қазіргі кездегі медициналық сақтандырудың қаржы нарығында қаржылық тұрақтылық пен сақтандырудың жаңа қаржылық институттарының қалыптасуына жағдай жасады.
Денсаулық сақтау туралы заң да қиындықтарды басынан кешті. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексі қабылданды. Бұл акт еліміздегі денсаулық сақтауға қатысты барлық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге осы саладағы мемлекеттік басқару тетіктерін бекітті. Бұл кодекс медициналық ұйымдарда және ҚР денсаулық сақтау саласындағы білім ошақтарында жаңа медициналық құрал-жабдықтарды енгізуді міндеттеді. Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Холдинг сол үшін құрылған еді. Бұдан басқа денсаулық сақтау салаларында лицензия беру, аккредитация және аттестаттау жүргізу ережелері мен негіздемесі тұңғыш рет заң тұрғысынан бекітілді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы жаңа міндеттер қойды: сапалы және қолжетімді медициналық қызмет; кең таралған ауруларға диагноз қою мен оны емдеу; сауықтыру медицинасын дамыту; «смарт-медицина» қызметін, ауруды қашықтықтан емдеу мен сауықтыруды, «электронды медицинаны»; 16 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсетуді өмірдің минималды стандартын заңмен бекітуді енгізді.
Осылармен бірге денсаулық сақтау саласында көптеген шешілмеген мәселелер де бар. Олар:
ауылдарда кәсіби мамандардың жетіспеуі;
денсаулық сақтау саласында мамандардың нашар дайындалуы;
медицина кызметкерлерінің жалақысының төмендігі, әлеуметтік жағынан аз қорғалғандығы;
аймақтардағы медициналық мекемелердің техникалық жағынан нашар жабдықталуы;
мемлекеттік басқару ұйымдарындағы жемқорлық;
жіберілген дәрігерлік қателіктерге дәрігерлердің жауапкершілігінің төмендігі, олардың кінәсін дәлелдеп, жауапқа тартудың қиындығы.
Қоғам салауаттылығының маңызды көрсеткіші және де мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің факторы – адам денсаулығы болып табылады.
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
Ресми статистикалық мәліметтер бойынша мектептегі оқу кезінде 1-8 сынып бойынша дені сау балалар саны 3-4 есеге төмендейді, ал, оқудың аяғында түлектердің 84-88% денсаулықтарында әртүрлі ауытқушылықтар болады. Шылым шегушілердің, есірткі заттарын қолданушылар саны артады. Бұл дегеніміз, әлеуметтік – экономикалық мәселелерге байланысты емес (жастардың 68-70%-ы, душар болған және қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан), шамасы, жастардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмаумен байланыстыруға болады.
Қазіргі уақытта жастардың 11-13%-ы (жалпы ТМД елдері бойынша), дене шынықтуры және спортпен үнемі шұғылданады, сонда экономикалық дамыған әлемдегі елдерде бұл қоғам дамуының бірден – бір маңызды көрсеткіші және де 60-70%-ы құрайды.
лбасының тапсырмасы бойынша «2020ж отандастарымыздың 30%-ға жуығы жүйелі спротпен шұғылдануға тартылуы керек», ол 5,4 млн-ға жуық адамды құрайды, олардың 3,1 млн мектепке дейінгі ұймның және елдің жастарын құрайды.