Дәріс 1 Пәннің міндеті мақсаты, әдістері. Курстың ғылыми – теориялық және методологиялық негізі


Дәріс 12 Мемлекеттік білім беру стандарты



бет14/14
Дата07.02.2022
өлшемі206,5 Kb.
#86246
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
daris bm innovatsiya

Дәріс 12


Мемлекеттік білім беру стандарты

Оқу -тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту ( тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мәселелік оқыту оқытудың белсенді әдісі, т.т.


Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Қарайевтің оқытуды диференциялау және білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мәселен, Л. Б. Эльконин, В.В Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

  1. Жоғарғы денгейдегі қиындыққа оқыту

  2. Теориялық білімнің жетекші ролі

  3. Оқу материалын жеделдете оқыту

  4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі

  5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу

Л.В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұгалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады.
Оның құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының – мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалану қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Міне, осы мақсатта қазіргі таңдағы оқыту мен тәрбиелеу процесіне еніп жатқан педагогикалық технологиялардың біразына өз шама-шегімше саралап, оның бастауыш сыныптарда сабақ беретін мұғалімдерге тиімді жақтарын қолдануға мүмкіндік жасау.
Курстың пәні мен міндеттері:
1. Әр түрлі ғалымдардың педагогикалық технология туралы ұстанымдарына
талдау жасау.
2. Қазіргі педагогикалық технологиялардың білім беру саласында педагогика-
психологиялық жағынан тиімді жақтарын зерделеу.
3. Оқыту мен тәрбиелеудің принциптерін қатар қарастыру. Оқыту арқылы
ұлтжанды, еңбекқор, адамгершілігі мол, білімді азамат тәрбиелеу.
4. Оқытудың озық технологияларын пайдалана отырып, дамыған, әл-ауқаты
жоғары елімізге дәрежесі сай оқушыларды шығару.
5. Көркем шығарма оқуға, оған сыни көзбен қарай алатын мүмкіндігін
арттыру;
Білім мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісін қазіргі заман талабына cай жаңаландыруда педагог кадрларға үлкен жүк артылатыны белгілі. «Тәлім–тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны осының айғағы.
Қазіргі заманда білім беру мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталап жүргізілуі адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызуы керек. Жеке тұлғаға бағытталған технологияның мақсаты оқушыға өзінің тәжірибесін анықтауға және өзін-өзі тануға үйрету. Білім бағдарламалары әр оқушының жеке интелектісіне, оқушы мүмкіндігіне сай жоспарлануында. Оқу материалдары оқушының субьектілік тәжірибесін, оның алдыңғы білімдерін анықтауды қамтамасыз етуі қажет. Мұғалімнің оқулықтағы білім мазмұнын оқушыға жеткізудегі міндеті оны кеңейту немесе құрылымын жасау, мазмұнын жинақтау емес, оқушының өзіндік танымын түрлендіруге бағыттау. Оқыту барысында оқушы тәжірибесі берілетін білімнің ғылыми мазмұнымен үйлесіп отыруы қажет. Мұғалім әр оқушының даралығын дамытып, олардың өзіндік құндылығын, өзіндік болмысын, ерекшелігін қабылдай отырып, әр оқушының субьектілік тәжірибесін дәріптеу. Оқушыға еркіндік бере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Ұстаз тұлғасын даярлаудың сапасын арттырудағы маңызды фактор – педагогикалық технологиялар жүйесі.
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрлымын, ұйымдастырудың, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістерімен өз ароа байланысын қайта қарауды талап етеді. Бұл жоғары оку орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруды мұғалім тұлғасын өздігіне дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндетін шешуге есептігін тигізеді. Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі ториялық және ғылыми қолданбасы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. теориялық тұрғыдан алып қарағанда, педагогикалық технологиясы ретінде педагогикасының категориясы ретінде қарастырады, оның мәні құрлымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттң әр түрлі саласындағы (дидактика,
тәрбие білім беруді басқару) педагогикалық технологияны жобалаудың әдіс
намасы мен теориясы зерттеуді: педагогикалық технологияны теориясының негіздері ашып көрсетіледі. Ғылыми-қолданбалы бағытты нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негіздеген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланды: мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың теориясы мен әдістемесі зерттеледі.


3.Жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолданылатын- технологиялар
Ғылыми педагогикалық зерттеулерде жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиясының бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Енді солардың ішінен жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бір қатарына тоқталайық:
Кәсіби- бағдарланған технологиялар оқытудың кәсіби бағыттылығы
есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен
қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің жалпы педагогикалық психологиялық, дидактикалық тұрғыдан өз ара іс-әрекетінің жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет