Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бəрінің зерттеу объектісі ортақ - қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та əрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пəні бар.
Саясаттану ең алдымен фəлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фəлсафа - табиғат, қоғам жəне таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің, түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын жəне т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Ол саясатты фəлсафалық тұрғыдан дəлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді.
Саясаттану экономикалық, теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дəлелдей отырып, ол процестердің негізінде əр түрлі əлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық, саясатты дайындау жəне іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді.
Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі - əлеуметтану (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде карайды. Ал əлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, əлеуметтік ортаның саяси салаға етер əсерін зерттейді. Оның айналысатын мəселелері адамды жəне қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады жəне саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады.
2. Саяси ғылымның құрылымы
Саясаттану - саясат туралы ең бiлiмдi ғылым болып есептеледi. Басқа əлеуметтiк бiлiм түрлерiне қарағанда саясаттанудың өзiндiк арнаулы ерекшелігі болады, яғни саясат қоғамындағы табиғат, шарт жəне билiк технологиясы.
2. Саяси ғылымның құрылымы
№
Саясаттану саяси əрекеттердi зерттей отырып, бiрнеше пəнге бөлiнедi: