Дәріс №1 Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет1/7
Дата15.10.2023
өлшемі1,81 Mb.
#185542
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№1 дәріс

ДӘРІС №1

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

ЖОСПАР:

  • Саясаттану, оның пəні мен əдістері
  • Саяси ғылымның құрылымы
  • Саясаттанудың негізгі қызметтері

1. САЯСАТТАНУ, ОНЫҢ ПƏНІ МЕН ƏДІСТЕРІ

Саясаттану, антикалық заманда пайда болып (Платон, Аристотель, Цицерон), Батыс Европа мен АҚШ – та қалыптасты.

XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиалық пəн ретінде толық бөлініп шықты.

Бұл ғылымның халықаралық мəртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО – ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды.

Бүгінгі таңда АҚШ – тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пəн ретінде оқылады, əлемнің ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққы қарсы, буржуазиалық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Кеңес Одағы қирағаннан кейін, 1990 жылдан бастап ТМД-ның елдерінде саясаттану оқытыла бастады.

Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде.

  • Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пəн ретінде өтілуде.
  • Саясаттану қазіргі қоғамдық жəне саяси құрылыстың мəн – мағынасын терең түсініп – білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
  • Саясаттану сөзі гректің «саясат» жəне «ілім» деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол саясаттың адам жəне қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталынған ғылым жəне саяси биліктің қалыптасу мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен əдіс – тəсілдерін зерттейді.
  • Саясат, қоғам өмірінің саяси өрісі саясаттанудың объектісі болады. Саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету, өзгеру заңдылықтары саясаттанудың пəні болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет