Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биологияны оқыту әдістемесі пәнінің құрылымы, ерекшеліктері. Тапсырмалар



бет1/5
Дата08.02.2022
өлшемі82,41 Kb.
#131064
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жексембаева А.С 1 күн тапсырмасы


Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биологияны оқыту әдістемесі пәнінің құрылымы, ерекшеліктері.
Тапсырмалар
1. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында биология пәні бойынша оқу жоспарларын өзіндік құру ерекшеліктері.
2. Кредиттік оқыту жүйесі, Балондық оқыту технологиясын жете танысу.
Жауап:
Биологияны оқыту әдістемесі – мектепте өтілетін пәндерді оқыту және тәрбиелеу процесі туралы ғылым.
Методика – оқу пәнінің мазмұнын оқыту мен тәрбиелеудің формасын, әдісін қарастырады. Методика – оқу жұмысына керекті құрал-жабдықтарды анықтайды.
Биология пәндерін дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме, тірі табиғат бұрышы, мектеп жанындағы оқу –тәжірибе алаңы керек.
Биология оқыту методикасы - жалпы методика және жеке пәндердің методикасы деп екіге бөлінеді.
Жалпы методика лекция түрінде беріледі, бұл жаратылыстану пәнінің шығу тарихын, алғашқы шыққан оқулықтар, методиканың даму тарихын, түрлі тәрбиелер, оқыту әдістерін, сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екендігін, биологияға арналған сыныптан тыс жұмыстарды (үйірме жұмыстары және көпшілік-қоғам жұмыстары т.б.), биология кабинетін жабдықтау, тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру, жабдықтау, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңын жоспарлауды қарастырады.
Жеке пәндердің методикасы – зертханалық сабақтар түрінде жүргізіледі және олар: оқытудың әдісін анықтау, оқу материалының мазмұнын толық меңгеріп, оған қажетті көрнекі құралдарды іріктеп алу және қосымша материалдарды пайдалану, тәжірибесін қою, жасау, тақтаны пайдалану т.б.
Әдістемелік ғылым, психология мәліметтері дидактиканың заңдылықтары мен принциптері тікелей және жанама әдістері арқылы қолданады. Әдістемелік ғылым ішіндегі негізгі психологтың бірі А.С. Выготский өз еңбегінде «.....білім беру оқушының кешегі күніне емес, ертеңгі күніне көзделуі керек. Демек, дұрыс ұйымдастырған оқыту үрдісі алда жүріп, даму процессін жетілдіру керек» деген.
Биологияны оқыту әдістемесі пән ретінде мектеп, гимназия колледждердің биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды болып есептеледі.
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.
Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.

  • Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.

  • Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады. 

  • Оқытудың әдістерін жасап береді.

  • Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биологияны оқыту мақсаты ‑ қазіргі мектептерде негізінен оқушыларды тәрбиелеу мен жалпы оқыту мақсатымен байланысты. Мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымның жетістіктері болып табылады. Биологияны оқыту әдістемесі бойынша зерттеу нысандары негізінен мектептегі педагогикалық үрдіс болып, ал зерттеу пәні биологиялық пәндерді оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі таңдағы ең өзекті деген проблемалары болып табылады.
Мектептегі биология пәнінің мазмұнына оқулықтар мен бағдарламалардағы жақсы сипатталған білім, біліктілік және идеялық көзқарас ұғымдары кіреді. Дәстүр бойынша мектепте білім берудің мазмұнын қалыптастыруда үлкен маңызы бар мәселенің бірі әлеуметтік жүйелер мен ғылымың жетістіктері болып табылады.
Оқу процессін ұйымдастырушы, анықтаушы фактор ‑ мектеп. Жалпы мемлекеттік стратегия жеке білімнің дамуына байланысты. Білім берудің мазмұны екі бағытта: ұлттық және жалпы адамзаттық мазмұнында жүргізілуі тиіс. Бұл білім берудің негіздерімен, гумманизациялау, жекелеу, біріктіру, жаңа ақпараттық оқу технологиясын қолдану және жеке тұлғаларды қалыптастыру болып есептеледі. Білім берудің тиімділігі және танымдылықты арттыру мақсатында білім берудің спиральды құрылымымен мазмұндау ерекшеліктерінің бірі, оқушы өзінің көз алдына басты проблемаларды ұстай отырып, білімдік мәселелерді біртіндеп кеңіте береді. 
Оқу жүйесін ұйымдастыру формасының ең басты түрі сыныпта өткізілетін сабақ болып есептеледі.
Сабақ - оку процессіндегі ұйымдастыруы, белгілі бір уақыт аралығында жүргізілетін жеке элементтерден, кезеңдерден тұратын толық қалыптасып өткізілетін процесс деп айтуға болады. Бұл оқу процессіндегі өте күрделі де, жауапты кезеңдердің бірі. Қысқа түрде жаксы, сапалы сабак берудің басты талаптары мынаған сай болу керек:
1. Сабақты оқу-тәрбие процессінің негізгі зандылыктарына сүйене отырып құрастырып, ғылымның, педагогикалық практиканың алдыңғы жетістіктерін пайдалана отырып дайындау.
2.Сабақ барысында дидактикалык принциптер мен ережелердің өзара қатынастарын толык пайдалана отырып іске асыруды қамтамасыз ету.
3. Оқушылардың танымдылық қызығушылық жақтарын есепке ала отырып, оған қолайлы жағдайлар жасау.
4. Пәнаралық байланыстардың артықшылығын белгілеу анықтау арқылы оқушылардың көзкарасын ұғындыру, жетілдіру.
5. Бұрынғы алған білімдерін, шеберлігіне сүйене отырып оқушылардың деңгейін жоғарылату.
6. Практикалық білім шеберлігін қалыптастыру және ойлау және іс әрекетін орындауға дағдыландыру.
7. Әрбір сабақты ұқыпты жоспарлау, болжап, саралап,
бакылап отырып дұрыс баскару.
Әрбір сабаққа қойылатын мақсат ‑ білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды есепке ала отырып дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылык жақтарын нақтылаған жөн.
Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Лернер, М.Н.Скаткин). Әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы өзінін білім деңгейін өз бетінше игереді, әрине әрбір оқушының ойлау кабілеттілігі артады. Бұл топка бірнеше әдістер кіретіндігін айту керек:

  • бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);

  • репродуктивтік;

  • проблемалы мазмұндау;

  • жартылай ізденіс (эвристикалық);

  • зерттеу.

Егер,танымдылык іс-әрекет, тек қана мұғалімнің көмегімен іске асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сактап, оны қатесіз айтып берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.
Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:

  • Окушыға білімді "дайын" күйінде ұсынады.

  • Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.

  • Оқушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
    Білімді кабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.

  • Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:

  • Білімді окушыға "дайын" күйінде беру.

  • Мұғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.

  • Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
    ұстайды.

  • Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады. 

Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:

  • оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;

  • практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;

  • егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;

  • жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.

Бұл әдістің тағы да бір қолданылатын кездерінің бірі –проблемалық маңызды мәселелерді өз бетімен шешу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет