Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты: Студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру,олардың жеке шығармашылық қабілеттерін жан – жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орнына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.
Міндеттері:
білім көлемін біріздендіруді, оқытуда барынша дараландыру үшін жағдай туғызуды, білім алушылардың білімін тексеруді күшейтуді, білім алушылардың оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтауды жатқызамыз.
Кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттерінің ішінде- оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарын жандандыруды атап өткен орынды.
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында. Алға қойған мақсаттарға жету механизімі Болондық процестің өлшемдерін орындау арқылы жүзеге асырылады.