Болашақ бастауыш сынып мұҒалімдерінің білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану



бет1/2
Дата20.05.2024
өлшемі18,7 Kb.
#202534
  1   2
Байланысты:
11 макала


Илесова Мадина Сапаргалиқызы
магистр
Ж.А.Ташенев атындағы университеті. Қазақстан.


БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҮШІН ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ.

Аңдатпа: Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің білім сапасын арттыру үшін оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалану жолдары қарастырылған.


Кілт сөздер: оқу-ағарту, компьютер оқыту құралы, инновация, технология, педагогикалық қызмет.

Қазiргi таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту процесiне жаңа технологиялық әдiстер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелерi арқылы ақпарат алмасудың тиiмдiлiгi өркениеттi елдердiң iс-тәжiрибелерiнде айқын сезiлуде. Республикада бiлiм беру жүйесi мен бiлiмдi тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгiзу басты мәселеге айналуда.


Қазiргi бiлiм берудi компьютерлендiрудiң үш негiзгi бағытын көрсетуге болады:

  1. жалпы компьютерлiк сауаттылықты қамтамасыз ету, мүнда компьютер – оқыту объектiсi болып табылады;

  2. оқытудың тиiмдiлiгiн арттыруда компьютердi оқыту құралы реттiнде пайдалану;

  3. компьютердi iс-қимыл мiндеттерiн шешу құралы ретiндепайдалану.

Осыған сәйкес оқытуды компьютерлендiрудiң негiзгi мiндеттерi:
1. Ғылымның негiздерiн терең меңгерудi қамтамасыз ету және келешектегi практикалық iскерлiкке дайындау мақсатында барлық жастардың компьютерлiк сауаттылығын көтеру.
2. Жаңа информациялық технологияларды, есептегiш техниканы мектептегi барлық пәндерде және сыныптан тыс жұмыстарда кеңiнен пайдалану негiзiнде бiлiм және тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
3. Халыққа бiлiм берудi басқару жүйесiн жетiлдiру мақсатында компьютерлiк техниканы кеңiнен енгiзу. Бұл ағарту жүйесiн қоғамдағы жалпы информациялық жүйеге қосуға мүмкiндiк бередi.
Жаппай компьютерлендiру кезеңiнде компьютерлiк техниканы оқу-тәрбие процесiнде пайдалану арқылы үлкен жеттiстiктерге жетуге болатындығын практика дәлелдеп отыр.
Компьютерлiк техниканы үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде пайдалану “оқытудың педагогикалық технологиясы”, ”оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы”, ”оқытудың компьютерлiк технологиясы” деген жаңа ұғымдардың туындауына себеп болды. Сондықтан бiз осы ұғымдарға тоқталып өтудi жөн көрдiк. Оқытудың компьютерлiк технологиясы деп, ол білімгердің өз бетiндiк танымдық iс-әрекетiн (оқу) дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептердi ойындық, адам – машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдiснамалық, психологиялық педагогикалық, программалық техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенiн айтады.
Кез келген педагогикалық технология – ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие процесiнде бiлiм берудi ақпараттандыру үшiн жаңа ақпараттық технологияға көшу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет