2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен субъектілері 5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi



Дата21.04.2020
өлшемі13,59 Kb.
#63153
түріКодекс
Байланысты:
лес3


2-тарау. Орман құқығы қатынастарының объектілері мен
субъектілері

5-бап. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi

      1. Орман қоры жерлерiн, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектiсi болып табылады.

      2. Орман құқығы қатынастарының объектiлерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен ақылы жағдайда ормандардың көп функциялы маңызы ескерiле отырып пайдаланылады.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



6-бап. Қазақстан Республикасының орман қоры

      1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрi - орман қоры) құрайды.

      2. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.

      3. Мемлекеттiк орман қорына:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар;

      2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;

      3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады.

      4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жеркодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:

      1) қолдан өсірілген екпелер;

      2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

      3) жекеше орман питомниктерi;

      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады.

      5. Орман қорына:

      1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер;

      2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер;

      3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Орман қорына меншiк құқығы

      1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.

      2. Жекеше орман қоры учаскелерiн иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.

8-бап. Орман қорының жерлерi

      1. Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.

      2. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiне табиғи түрде ағаш өскен, бюджет қаражаты есебiнен қолдан ағаш өсiрiлген және ағаш өспеген (орманды және ағаш өспеген алқаптар), орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген жерлер жатады.

      3. Жекеше орман қоры жерлеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен берілген:

      1) қолдан өсірілген екпелер;

      2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;

      3) жекеше орман питомниктері;

      4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;

      5) агроорман-мелиорациялық екпелер;

      6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер орналасқан жерлер жатады.

      4. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң шекарасы жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман орналастыру материалдарының негiзiнде белгiленедi және нақтыланады.

      5. Мемлекеттiк орман қорының жерлерiн сатып алу-сату, кепiлге беру және басқа мәмiлелер жасасу арқылы иелiктен шығаруға жол берiлмейдi.



      6. Орман қорының жерлерiн беру, алып қою және пайдалану тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Жер және Азаматтық кодекстерімен айқындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет