Лекция 10 Екпелер (вакциналар) және егу (вакцинация) Негізгі сұрақтар



бет1/10
Дата27.03.2023
өлшемі119,89 Kb.
#173116
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 10 микро


ЛЕКЦИЯ 10


Екпелер (вакциналар) және егу (вакцинация)


Негізгі сұрақтар

  1. Пептидтік вакциналар, алу әдісі, мысалдары

  2. Антиидиотиптік вакциналар, алу әдісі

  3. Генді-инженериялық вакциналар, вакциналар, алу әдісі,

  4. Рекомбинанты вакциналар, алу әдісі, мысалдары

  5. Безгекке қарсы вакциналарды алу

  6. Жаңа вакциналар

Қазіргі күнге дейін көп жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар әлі жасалмаған. ХХ ғасырдың 50жылдарынан бастап молекулалық әдістерді пайдаланып жаңа вакциналарды жасайтын болды.


Вакциналарды жасау жаңа тәсілдердің негізіне алынды:
1) синтетикалық олигопептидтер, полипептидтер және қысқа пептидтер – пептидтік вакцина;
2) антиидиотиптік антиделенелер – антиидиотиптік вакцина;
3) ДНҚ молекуласы – генді-инженериялық вакцина.

Пептидтік вакциналар
Жұқпа қоздырғыштың иммунды қасиетіне жауапты ақуыздың молекуласында антиген детерминант (эпитоп) ретінде полипептид тізбегінің қысқа пептидтік бөлігі қызмет атқарады. Ақуыздың иммундық қасиеті ақуыз молекуласының сыртында орналасқан антигенді детерминанттарына, эпитоптарына байланысты. Антигенді детерминанттар 6-8 амин қышқылының қалдықтарынан құрылады және антиденелердің белсенді орталығына олардың ұқсастығы жоғары болады. Осы пептидтің негізінде пептидтік вакцинаны жасайды.
Пептидтік вакциналардың негізгі компоненті ақуыз молекуласының В- және/немесе Т-эпитоптық активтігіне ие фрагменті болады. Бұл антигендік қасиетіне ие пептидтік фрагменті иммундық жауаптың ерекшелігін және бағыттылығын қамтамасыздандырады. Пептидтік вакциналардың құрамына, сонымен бірге, пептидтерге бағытталған иммундық жауаптың бір белгілі сатыларын ерекшесіз немесе ерекше активтендіретін жеке заттар немесе надмолекулалық комплекстер, (мысалы мицелалар, липосомадар, полимердің бөлшектері т,б) кіреді.
Пептидтік вакцинаны жасау үшін ақуыз молекуласының пептидтік фрагменттің, көбінесе, химиялық синтез арқылы алады, яғни синтетикалық пептидтік вакцинаны жасайды.
Синтетикалық пептидтік вакциналар – бұл иммундық жүйе танитын және иммундық жауапты индуциялайтын аминқышқылдардан синтезделген және в молекулаға немесе надмолекулярлы комплекске ұйымдасқан немесе ақуыз-антигендің фрагменттің негізінде жасалған вакцина.
Иммундық жүйені активтендіру үшін пептидтерді тасымалдаушыларға байланыстырады.
Пептидтік вакциналардың артықшылығы:
*Жасау технологиясы қаупсіз және қымбат емес;
*Ақуыз-антиген молекуласының әлсіз иммуногендігіне ие құрылымдық элементіне қарсы иммундық жауаптың қалыптастыруын қамтамасыз етеді;
*Вакцинаны жоғары дәрежеде станлартау мүмкін;
*Жоғары реактогендігіне ие компонентер вакцинаның құрамына кірмейді, соның ішінде липополисахаридтер, токсиндер;
*Аллергенді қасиетіне және ағзаның өзінің молекуласымен айқасқан иммунореактивтігіне ие антигендің фрагменттерін жою мүмкіншілік бар;
*Тасымалдаушыға әртүрлі антигендердің бірнеше пептидтерді қосуға болады, яғни поливаленті пептидтік вакцинаны жасау№


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет