сәбізді өсірді. Трансгенді сәбіз әр түрлі климаттық жағдайларда өседі,
жақсы сақталады және тасымалданады, шикі түрінде тамақ ретінде пайдаланылады. Адам тамақпен бірге трансгенді сәбізді жегенде ағзаға вакцинаның кішкентай дозалары үнемі енеді, сонымен бірге В гепатит вирусына қарсы иммунитеттің белсенділігі дамиды, яғни трансгенді сәбізді В гепатитке қарсы вакцинаның көзі ретінде қолдануға болады. .
- Қазіргі күнде бактерия токсинін және В гепатит пен Норфолк вирустың
антигендерінің экспрессиясын жүзеге асыратын картоптың трансгенді
түрлері (сорттары) алынды.
- Трансгенді картопты шикі түрінде жеуге жарайтын вакцина ретінде
пайдалану мүмкіндігі бойынша клиникалық зерттеу жүргізіліп жатыр
«Өсімдік жеуге жарайтын вакциналарды» пайдаланудың алдында :
ауыздың шырышты қабаты вакцинаның әсеріне түскенде,
иммуногенді тұрақтылығы дамиды ма анықтау керек,
жемістерді шикі түрінде пайдалануға болады ма анықтау керек,
пайдаланатын тәсілді табу керек,
адьюванттардың жаңа түрлерін табу керек,
вакциналарды жасау оптималды өсімдіктердің түрін табу керек.
Жаңа вакциналардың мысалы
Анти-ВИЧ/СПИД-вакциналардың түрлері
*Суббірлікті вакциналар (ВИЧ-1 ақуыздардың және гликопротеиндердің негізінде)
*ДНК-вакциналар,
*Вирустарды, бактерияларды немесе вирусқа уқсас бөдшектерді пайдаланып жасаған векторлық вакциналар
* Конъюгирленген полимер-суббірлік вакциналар.
Вакцинотерапия
Вакциналарды пайдаланып аутоиммунды ауруларды бақылау және қатерлі ісіктердің дамуын тежеу мен бақылау мүмкін деген болжау жасалды. Жасушаның өсуі мен жіктелуін бақылайтын бір немесе бірнеше гендердің өзгеруі ісіктердің дамуына әкеледі. Гендердің өзгеруінің себебі физикалық немесе химиялық факторлар және кейбір вирустар. Адамдарда қатерлі ісіктердің дамуының 15%-ға жуығы вирустарға байланысты. Белгілі бір ісікпен байланысқан вирустар және жануарларда ісіктердің дамуына әкелетін вирустық жұқпалары кестеде берілген.
Ағзаның өзінің антигендеріне қарсы бағытталған иммундық жауап аутоиммунды ауруларға әкелуі мүмкін. Аутоиммунды аурулардың дамуына антиденелер және Т-жасушалар қатысады. Аутоиммунды аурудың дамуына сыртқы орта және генетикалық факторлары себеп болады. Сыртқы ортаның факторлары ретінде вирустық және бактериялық жұқпалар, ал генетикалық фактор ретінде, мысалы МНС генотипі.
Достарыңызбен бөлісу: |