1. Тірі аттенуацияланған вакциналардың дайындалуы 2. Инактивтелген вакциналардың дайындалуы 3. Вирустарды әлсіретудің жолдары 4.Вакцинағақойылатын талаптар 5.Вирусты өлтірудің физикалық және химиялық факторлары. 6.Адъювант деген не?
Мақсаты: вирусқа қарсы әлсіретілген және инактивтелген вакциналардың технологиясымен танысу.
Вакцина тірі, бірақ әлсіретілген немесе өлтірілген вирустан алынған биологиялық препарат. Вакцинаға бірнеше талаптар қойылады: Біріншіден, вакцина белгілі бір ауру қоздырушысының түріне сәйкес болуы керек; Екіншіден, вакцина зиянсыз, індет туғызбайтындай қасиеті болуы керек; Үшіншіден, вакцинаның жеткілікті иммуногендік қасиеті болуы қажет, яғни вакцина еккеннен соң 2-3 апта өткен соң, сол вирусқа қарсы организмде иммунитет пайда болуы шарт
Вакцина тірі, бірақ әлсіретілген немесе өлтірілген вирустан алынған биологиялық препарат. Вакцинаға бірнеше талаптар қойылады: Біріншіден, вакцина белгілі бір ауру қоздырушысының түріне сәйкес болуы керек; Екіншіден, вакцина зиянсыз, індет туғызбайтындай қасиеті болуы керек; Үшіншіден, вакцинаның жеткілікті иммуногендік қасиеті болуы қажет, яғни вакцина еккеннен соң 2-3 апта өткен соң, сол вирусқа қарсы организмде иммунитет пайда болуы шарт
Әлсіретілген тірі вакциналар Тірі немесе аттенуацияланған вакцинаны вирустарды әлсірету арқылы алады. Әлсірету (аттенуация) – вирустың ауру тудырушылық қабілетін жою, яғни қоздырушының зардаптылық және уыттылық қасиеттері жойылады, алайда иммуногендік қасиеті сақталады. Вирустарды әлсірету кезінде вирустарға арнаулы әсер етіп, олардың кейбір нәсілдік қасиетін өзгертіп, өзгерген түрлерін алады. Әлсірету үшін әр түрлі мутагендер қолданылады. Вирустарды клетка өсінділерінде бірнеше рет себудің немесе ТЭ, зертханалық жануарларға бейімделуінің арқасында вирустардың нәсілдік қасиеттері өзгереді. Осылайша Пастер құтырыққа қарсы тірі вакцинаны – «вирус фикс»-ті алды. Вирустарды әлсіретудің тағы бір жолы бар. Ол вирустарға төменгі температурамен әсер ету. Оларға ts-мутанттар, организм клеткаларында белгілі бір температурада ғана өсіп-көбейетін,температураға сезімтал штамдар жатады. Сонымен қатар әлсіретілген вакцинаны табиғи әлсіреген вирустардың штамдарынан да алуға болады.
Вирустық ауруларға қарсы тірі вакцина алу өте қиынға түседі. Ол үшін тірі жүйелер т.б. қажет. Олар мынандай түрлерге бөлінеді: 1.Авистелген (лат.тілінде avis – құс деген сөзінен шыққан) вакциналар. Көптеген вирустар тауық эмбриондарында (ТЭ) өсіп- көбейеді. ТЭ вакцина алу үшін өте қолайлы, себебі әрі арзан, әрі иммундық жүйелері жетілмегендіктен вирусқа сезімтал, стерильды орта. 2. Клетка өсінділеріне вирусты сеуіп алынатың вакциналар – вирустарды әр түрлі клетка өсінділерінде өсіріп-көбейтіледі. Ол үшін алғашқы-трипсинделген, диплоидты, тұрақты клетка өсінділері қолданылады. Адамды егуге арналған вакиналарға БДҰ- ның /1966/ ұсынысы бойынша мынандай талаптар қойылады: вирус өсетін клеткалар сау организм мүшелерінен, ұлпаларынан алынуы қажет, ал дұрыс нәтиже алу үшін клетка өсінділерін эмбрионнан алған жөн. 3.Лапинделген вакциналар – вирустарды қоян организміне бейімдеу арқылы алынған. Мысалы, шошқа обасына қарсы егетін АСВ вирусвакцинасын атауға болады.