Сабақ Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері Орындаған: Надирбекова. Н. С



бет4/5
Дата05.10.2022
өлшемі4,3 Mb.
#151798
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3- тәжірибелік сабақ

Суббөлікті вакциналар Тірі және өлтірілген вакциналар бүтін, толық вириондардан тұрады. Күрделі вирустардың құрамында әр түрлі белоктар, көмірсулар, липидтерден тұрады. Ал вирус белоктарының тек 10% ғана вирусқа қарсы тұру қабілетін туғызады. Ол қарсы тұру қабілеті вирустың сыртында орналасқан антигендерге сай болады, ал қалған белоктар мен липидтер иммундық жүйеге артық «жүк» болып есептеледі. Сондықтан да вирустың тек ауруға қарсы тұру қабілетін туғызатын құрамынан алынған вакцина – тазартылған вакцина болып саналады. Кәзіргі кезде тұмауға қарсы суббөліктерден тұратын вакцина қолданылады. Ол вакцина вирионның сыртқы жағында орналасқан гемагглютинин мен нейроминидазадан тұрады және толық вирионнан алынған өлтірілген вакцинаға қарағанда зиянсыз болып есептеледі.
Жасанды вакцинлар Жасанды немесе синтетикалық вакциналар алу инфекциялық аурулардан сақтандырудың яғни алдын алудың жаңа түрлеріне жатады. Жасанды вакциналардың негізгі ретінде вакциналық жиынтық құру блып есептеледі. вирус белоктарының пиптидтеріне синтетикалық полиэлектролиттерді қосып, олардың иммуногендік қасиетін күшейтеді.Вирустың сыртқы бетіндегі белоктары тазаланған, дара түрінде немесе жасанды жолымен алынған түрінде қолданылады. Амин қышқылдарының тіркелу биосинтез жолымен жасанды жасанды түрді алуға болады. Ал, жасанды антигендер аллергия туғызбайды деп есептелді.
Гендік-инженерлік вакциналар Гендік инженерлік әдісті биологиялық өндірісте вакцина алу үшін қолдану да жаңа бастама болып тобылады. Көптеген
ферменттердің көмегімен (рестриктазалар) ДНҚ молекуласы белгілі бір жерінде кесіліп, одан оларды керсінше лигазалардың көмегімен ДНҚ фрагменттердің құрайды. Осы ферменттердің көмегімен белгілі бір қажетті ген бөлініп алындажы, ал ол ген антигендік қасиеті бар белок құрайды. Қазіргі кезде гендік инженерияға медицина мен ветеринария үлкен үміт артып отыр. Гендік инженерлік вакциналарды тұмауға, аусылға, вирус гепатитіне қарсы алу үшін ғылыми жұмыстар жүргізіледі
Араласқан және құрама вакциналар Құрама вакцина бірнеше антигендерден тұрады.
Олар әр түрлі вирустардан – поливалентті, немесе әр түрлі штамдардан- полиштамдардан, яғни мұндай биопрепаратта антигендер ассоцияцияда немесе құралған күйде болады. Құрама вакцина алу үшін өзара бірігетін антигендер қасиеттерін ескерген жөн. Вирустардың бірнеше түрінен бірдей сақтандыратын вакцина егудің тек қана экономикалық емес физиологиялық та пайдасы бар: организмде бірнеше антигенге толық жетілген қарсы тұру қасиеті пайда болады. Антигендердің бірігуі антигендердің синергизмін келтіріп иммундық жауаптың терең болуын қамтамасыз етеді. Дегенмен мұндай егудің теріс те жақтары бар. Олар: -интерференция құбылысы – бір вирустың көбюіне екінші вирус кедергі жасайды; -ассоциаяцияға кіретін вирустардың біреуі немесе бірнешеуі организмнің реактогендік қасиетін жоғарлатуы мүмкін; -организмде иммунологиялық серотиптердің өзара таласқа түсуі ықтимал, демек жеке механизмдердің антигендерге бөлінуі ғажап емес; -ауруға қарсы тұру мерзімінің қысқаруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет