Антиидиотиптік вакциналар
Иммуноглобулиндердің молекулаларында өздерінің антиген-дік детерминанттары бар, сондықтан иммуноглобулиндерге қарсы антиденелер түзіледі. Мысалы, жануарларға миеломды ақуызды, ісік жасушаларының иммуноглобулинін енгізгенде оларға қарсы антиденелердің синтезі іске асады. Антиденелерді идиотип, ал идиотипке қарсы антиденелерді антиидиотип деп атайды.
Антиидиотиптік антиденелерді жануарларға енгізгенде, оған қарсы түзілген антиденелер ағзаны жұқпалы аурудан қорғайды, яғни антиидиотиптік антиденелер вакцина ретінде қызмет атқарады.
Антиидиотиптік антиденелерді келесі тәсілдерді қолданып алады:
Антигенді жануарларға (мысалы қоянға) енгізеді. Антигенге қарсы антиденелер түзіледі (1 антидене). Алынған 1 антиденені антиген ретінде қоянға енгізгенде, оларға қарсы жаңа антиденелер түзіледі (2 антидене). 1 антидене идиотип, ал 2 антидене анти-идиотип. Антиидиотипті қояндарға енгізгенде, түзілген 3 антидене вирустың антигенімен әрекеттеседі, сонымен ағзаны вирус қоздыратын жұқпалы аурудан қорғайтын иммундық жауапты қалыптастырады.
Жануарларға енгізеді
А нтиген 1 Антидене (идиотип)
Жануарларға енгізеді
1 Антидене 2 Антидене (антиидиотип)
Жануарларға енгізеді
2 Антидене 3 Антидене (вирустың
антигенімен әрекеттеседі)
Антиидиотиптік антиденелердің негізінде вакцинаны құру мүмкін. Бұл вакцина антиидиотиптік вакцина деп аталады.
Генді-инженериялық вакциналар
Генді-инженериялық вакциналар генді-инженериялық әдісті қолданып нуклеин қышқылының негізінде жасалады.
Вирустарға қарсы вакциналарды генді-инженериялық әдіспен құрудың бірінші тәсілі келесі бағытта жүргізіледі. Вакцина вирус ақуыздың толық молекуласы негізінде құрылады. Вирус бөлшектердің сыртында орналасқан жұқпалы ауруды қоздыратын ақуызды кодтайтын генді вирус геномынан бөліп алады. Ақуыздың құрамына бірнеше антигенді детерминанттар кіреді. Ауырған немесе екпе (вакцина) егілген (вакцинированных) адамдарда антигенді детерминанттарға қарсы вирусты бейтараптандыратын антиденелер түзіледі. Бактерияның немесе біржасушалық эукариот-тардың ДНҚ-сының құрамына бөліп алған генді енгізеді де реком-бинатты ДНҚ-ның синтезін жүзеге асырады. Рекомбинантты ДНҚ-ның құрамындағы геннің негізінде бактерия немесе біржасушалық эукариоттардың жасушаларында вирус ақуыздың синтезін жүзеге асырады. Ақуызды бөліп алады, тазартады, вирустарға қарсы арзан және қауіпсіз вакцина ретінде пайдалануға болады. Бұл вакцина - антиген.
Генді-инженериялық вакциналарды жасаудың екінші тәсілі – гендік иммундау. Жануарлардың жасушаларына жұқпалы ауруды қоздыратын антиген - ақуызды кодтайтын генді енгізгенде, оларда ақуызға қарсы иммундық жауап қалыптасады. Бұл тәсілді гендік иммундау деп атайды.
Тышқандарға тұмау вирусы нуклеопротеиннің кДНҚ-сы бар Е.соlі-плазмиданың ерітіндісін енгізді, кДНҚ-ның транс-крипциясын Раус саркома вирусының промоторы бақылайды. Нуклеопротеинді кодтайтын геннің экспрессиясының деңгейі тө-мен болса да, 2 аптадан кейін тышқандардың қанының құрамында оған қарсы антиденелер табылды. ДНҚ-мен байланыспаған плазмиданы енгізген бақылау тышқандарға қарағанда иммунданған тышқандардың өмір сүру қабілеттілігі жоғары болады. Гендік иммундау әдісін үй жануарларының вакцинациясын іске асыру үшін қолдануға болады.
Қазіргі күнде тұмау вирусының А штаммына, адам имму-нотапшылық вирусының 1 түріне, өгіздің ұшық вирусына, құтыру вирусына, В гепатитті вирусына, безгекті ынталандыратын Plasmodium sp. қарсы жануарлардың иммунитетін қалыптастыру үшін гендік иммундауын пайдаланады.
Гендік иммундау тәсілінің артықшылығы: антигенді таза күйінде бөліп алмайды, вакцинаны жасау үшін рекомбинантты ДНҚ технологияны пайдаланбайды, енгізген геннің негізінде түзілген ақуыз-антигеннің құрылымы дұрыс болады.
Клонданған кДНҚ-ны жасушаға бірнеше тәсілдерді қолданып енгізеді:
- ақуыз-антигенді кодтайтын клонданған гені бар Е.соlі-плазмиданы алтын микробөлшектермен байланыстырады да тышқандардың жасушаларына енгізеді;
- кДНҚ-мен байланысқан плазмиданың жоғары концентра-циясы бар ерітіндіні бұлшық еттің ішіне жібереді. Ген жасушаларға енеді де, ақуыз-антигеннің синтезі іске асады. Антиген-ақуызға қарсы антиденелер түзіледі. Мысалы, тышқандардың жасушала-рына генді енгізгенде жануарлардың 75%-ында антиген-ақуыз түзілді, оған қарсы антиденелердің синтезі жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |