Рекомбинантты вакциналар Вирустарға қарсы рекомбинантты вакциналар гибридті нук-леин қышқылының негізінде жасалады. Вирустар бөтен ДНҚ үшін вектор ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Ағзада вируспен байла-нысқан бөтен ДНҚ-ның транскрипциясы мен трансляциясы іске асқанда түзілген антигендерге қарсы антиденелер түзіледі. Демек, жұқпалы ауруды қоздыратын микроорганизмнің ДНҚ-сын немесе кДНҚ–сын вируспен байланысқан түрінде енгізгенде, ағзада осы жұқпалы аурудан қорғайтын иммундық жауап дамиды. Вирустар-ды осындай қабілетіне байланысты векторлық вакциналарды құру үшін пайдаланады. Векторлық вакциналар көмегімен антиген-ақуызды кодтайтын клонданған генді ие-ағзаға енгізеді де геннің экспрессиясын іске асырады. Экспрессияланған антиген-ақуызға қарсы ағзада жұқпалы аурудан қорғайтын антиденелер түзіледі.
Қазіргі күнде вектор ретінде сиыр шешек вирусын, ұшық және тұмау вирустарын, аденовирусты, ірі қара папиломаны, Эпштейн-Барр, SV40, ретровирустарды, бакуловирустарды пайда-ланады. Сиыр шешек вирусын вектор ретінде жиі пайдаланады.
Сиыр шешек вирусы поксвирустардың тұқымдасына жатады. Бұл вирустың геномы екі тізбекті ДНҚ, 187 мың нуклеотидтің жұбынан тұрады, 200 шамасындай ақуыздарды кодтайды. Шешек вирусының ДНҚ-сы жұқтырылған жасушалардың цитоплазмасын-да екі еселенеді. Себебі вирустың геномында ДНҚ-полимеразаны, РНҚ-полимеразаны қодтайтын гендері және мРНҚ-ның метилде-нуіне, кепирленуіне (кепирование) және полиаденилденуіне қаты-сатын ферменттердің гендері бар. Сондықтан енгізген бөтен ген шешек вирустың промоторының бақылауында болғанда оның экспрессиясы иенің ферменттік және реттегіш жүйелеріне тәуелсіз жүзеге асады.
Әдетте, рекомбинантты вакцинаны жасағанда сиыр шешек вирусын қолданады (шешек вакцина). Сиыр шешек вирусының иесі ретінде пайдаланатын ағзалардың спектрі кең, омыртқалы жануарлар және омыртқасыздар, лиофильді кептірген препарат көп жыл бойы өмір сүретін қабілетін жоғалтпайды, онкогенді қасиет-тері жоқ.
Шешек вирусы ДНҚ-ның құрамына бөгет генді енгізеді. Бұл ген жұқпалы аурудың қоздырғышының иммуногенді ақуызын, мысалы тұмау вирусының гемаглютенин деген ақуызын, ұшық вирусының D гликопротеинін, В гепатиті вирусының сыртқы антигенін, безгек плазмодийдінің антигенін кодтайды. Рекомби-нантты ДНҚ-ның негізінде вакциналар құрылады. Жануарларды пайдаланып, сынау жүргізіп анықтады: рекомбинантты вакциналар белсенді және тиімді.
Шешек вирусының геномына келесі антигенді ақуыздардың гендері енгізілді және олардың экспрессиясы асырылды: құтыру вирусының G-ақуызының гені, В гепатит вирусының сыртқы анти-генінің гені, тұмау вирусының НА-ақуызының гені, везикулярлі стоматит вирусының N- және G-ақуыздарының гендері, қарапайым герпес вирусының гликопротеиндерінің гендері. Шешек вирусы-ның негізінде алынған рекомбинантты векторларды вакциналарды құру үшін пайдалануға болады. Мысалы, қарапайым герпес вирусының D гликопротеин генінің экспрессиясын іске асыратын рекомбинантты сиыр шешек вирусы тышқандарды герпес жұқпа-дан қорғайды, құтыру вирусының сыртқы антигенінің экспрессия-сын іске асыратын рекомбинантты сиыр шешек вирусы түлкілерде қорғаныс антиденелерінің түзілуін стимулдейді. Европада түлкілер құтыру вирусының негізгі тасымалдаушылары болып табылады.
Тірі рекомбинантты вакциналардың кемшілігі – адамның иммундық статусы төмендесе, мысалы СПИД ауруларында, век-торлық вакциналардың әсерінен оларда ауыр вирустық инфекция дамуы мүмкін. Бұл мәселе бірнеше жол арқылы шешіледі.
- Вирустық вектордың құрамына адамның 2-интерлейкиннің кодтайтын генін енгізеді. Алынған вектор 2-интерлейкинді синтездейтін қабілеттілігіне ие болады, ал 2-интерлейкин Т-жасушалық жауапты стимулейді де вирустың пролиферациясын тежейді.
- Вакцинация жүргізгеннен кейін вектор ретінде қызмет атқаратын вирустың пролиферациясын тежеп, оның қосымша зиянды әсерін жояды. Мысалы, сиыр шешек вирусының зиянды әсерін тежеу үшін интерферонға төзімді штаммы құрылды. Сиыр шешек вирусының негізінде алынған векторлық вакцинаның қосымша зиянды әсері пайда болғанда, интерферонның әсерінен вирустың пролиферациясын реттеу мүмкін.
- Рекомбинантты вирустың геномынан вируленттігіне жауап-ты бөлігін кетіріп, оны векторлық вакцина ретінде пайдалану.
Векторлық вакциналардың келешегі зор. Бірақ адамдардың вакцинациясы үшін пайдаланатын алдында вакциналардың қауіп-сіздігін дәлелдеу керек.
Шешек вирусының құрамына әр түрлі жұқпалы аурулардың антигендерін кодтайтын гендерін енгізуге болады. Бұл рекомби-натты ДНҚ-ның негізінде поливалентті вакциналарды жасау мүм-кін. Алынған векторлық вакциналар бір уақытта бірнеше жұқпалы ауруларға қарсы адамдарда және жануарларда комплекстік вакцинацияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ірі қараларға, қойларға бір рет екпені егіп, оларды барлық қауіпті жұқпаларға қарсы иммундауын іске асыру мүмкін.