Лекция 10 Екпелер (вакциналар) және егу (вакцинация) Негізгі сұрақтар


Сальмонелозға қарсы рекомбинантты вакцина



бет6/10
Дата27.03.2023
өлшемі119,89 Kb.
#173116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 10 микро

Сальмонелозға қарсы рекомбинантты вакцина. Salmonella штамдарының әсерінен жедел ішек жұқпа, постнаталдық жұқпа, іш сүзегі дамиды. Атенуацияланған рекомбинантты Salmonella штаммын осылай алды: ароматтық қосылыстардың синтезіне жауапты ферменттердің биосинтезін кодтайтын гендерінің, aro гендерінің және пуриннің метаболизміне қатысатын ферменттердің синтезін кодтайтын гендерінің, pur гендерінің құрамын делеция арқылы өзгертті. Өзгерген штамның әсерінен жедел жұқпа дамиды, ал оның вируленттілігі табиғи штаммен салыстырғанда 106 рет төмен. Мутантты штамның негізінде адамдар, қойлар, ірі қара, тышқандар және тауықтың балапандарына пайдаланатын ауыз арқылы енгізетін вакциналар жасалады.

Бактерияларға қарсы вакциналар
Бактериялар қоздыратын ауруларды емдеу үшін, әдетте анти-биотиктерді пайдаланады. Қазіргі күнде мынадай қиыншылықтар бар:

  • кейбір бактериялық жұқпалы аурулар антибиотиктердің көмегімен емделмейді;

  • антибиотиктерге тұрақты бактериялардың штамдары дамиды;

  • тропиктік мемлекеттерде антибиотиктерді сақтау үшін жағдайы болмайды;

  • ауруларды антибиотиктерді пайдаланып емдеу уақыты жет-кілікті емес немесе антибиотиктерді қажет дозасын пайдаланбайды.

Болжау жасалады, бактериялар қоздыратын ауруларды вакциналардың көмегімен жеңу мүмкін, сондықтан бактерияларға қарсы вакциналарды алу үшін жұмыстар жүргізіледі.
Безгекке қарсы екпе жасаудың молекулалық жолдары. Безгек ауруын емдеу  медицина үшін бір маңызды мәселе. Қазіргі күнде жер жүзінде безгек ауруымен ауырған адам саны 200-400 млн шамасындай, тропик климатты жерде тұратын адамдардың арасында безгек ауруы кең таралған.
Безгектің қоздырғышы – Plasmodіum паразиті, паразиттің тасымалдаушысы  Anopheles маса. Қазіргі күнде безгекті емдеу үшін қолданатын дәрілерге қарсы аурудың қоздырғышының тұрақтылығы және Anopheles масаның әр түрлі инсектицидтердің әсеріне тұрақтылығы дамыған. Сондықтан медицинаның бір маңызды мәселесі  безгекті емдеу үшін жаңа әдістерді өңдеу. Осы мәселені шешу үшін әр түрлі ғылыми институттарда ерекше зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде безгекке қарсы вакциналар (екпе) мүмкін жасалады және Plasmodіum паразитімен күресу үшін жаңа тәсілдер алынады.
Безгекке қарсы екпе (вакцина) тиімді болады, егерде бұл вакцинаның әсерінен ағзаның иммундық жүйесі стимулденсе, Plasmodіum паразитіне қарсы антиденелерді синтездеу қабілеттілігі ұлғаяды. Бірақ мұндай вакцинаны жасау  өте күрделі және қиын жұмыс.
Безгек кең таралған жерде адамдардың көбі Plasmodіum пара-зитімен созылмалы жұқтырылған немесе әрдайым қайталанған жұқтыруға түседі, себебі  өмір сүретін ортада масаның болуы. Жұқтырылған адамдарда паразиттің антигендеріне қарсы анти-денелер түзіледі, бірақ иммунитет өте сирек дамиды.
Молекулалық әдістерді қолданып безгек ауруына себеп болатын Plasmodіum паразиттің ағзасында жүзеге асатын қоршау механизмдері анықталынды, Plasmodіum паразиттің тұрақтылығын жеңу үшін жаңа жолдары ұсынылды. Plasmodіum паразитіне қарсы генді-инженериялық вакциналарды жасау мүмкіншілігі жасалды.
Алдымен Plasmodіum паразиттің өмір сүру циклі анықталды. Plasmodіum паразит Anopheles масалардың ағзасында өмір сүру циклі бойы бірнеше кезең арқылы дамиды. Масаның шаққаны нәтижесінде адам қанағымына спорозоит түседі, көп кешікпей бауырдың жасушаларына енеді де, шизонтқа дейін дамиды. Шизонт  өте үлкен көпядерлік жасуша. Шизонт ыдырағанда бауыр жасушаларынан мыңданған мерозоит қан құрамына түседі. Әр мерозоит эритроцитке енеді де сол жерде көбейеді. Эритро-циттер ыдырағанда 10-20 жаңа мерозоиттер қан құрамына шығады да басқа эритроциттерге енеді. Кейбір мерозоиттер жыныс жасуша-ларына дейін дамиды – макро- және микрогаметоциттерге дейін. Бұл гаметоциттерді қанмен бірге масалар жұтып алады, одан кейін гаметоциттер масаның ағзасында өзгерістерге ұшырайды, олардан спорозоиттер түзіледі. Сонымен жұқпаның жаңа циклі басталады.
Безгекке қарсы вакцинаның әсерінен қан құрамында Plasmodіum паразиттің өмір сүру циклінің бір кезеңіне қарсы антиденелердің синтезі іске асу керек.
Plasmodіum паразиттің өмір сүру циклінің әр кезеңінде сыртқы ақуыздарының ерекше түрі болады. Бұл ақуыздардың құрамында Plasmodіum паразитті иммундық жүйенің әсерінен қорғайтын антигендер орналасуы мүмкін.
Plasmodіum паразиттің сыртқы ақуыздарының 5 түрі зерттелінді, алынған нәтижеде белгілі болды: сыртқы ақуыздарға қарсы түзілген антиденелер Plasmodіum паразиттен ағзаны қорғамайды. Спорозоиттердің және мерозоиттердің сыртқы ақуыздары ағзаның иммундық жүйесі үшін өтірік нысана ретінде қызмет атқаруы мүм-кін. Сонымен, сыртқы ақуыздарға қарсы антиденелерді стимулдейтін вакцина созылмалы иммунитет дамуы үшін тиімді болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет