Лекция 10 Екпелер (вакциналар) және егу (вакцинация) Негізгі сұрақтар


Аттенуацияланған вакциналардың жаңа түрлері



бет5/10
Дата27.03.2023
өлшемі119,89 Kb.
#173116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ 10 микро
110 Кырыкбаева Асель физра, ӨЖ 1 күн, ПСИХОЛОГИЯ , Лексикология практика №5 2, 89260725, тил зан, тил зан
Аттенуацияланған вакциналардың жаңа түрлері
Аттенуацияланған, белсенділігі толық жойылған және суббір-лікті вакциналарды салыстырғанда ең тиімді аттенуацияланған вакциналар болып табылады. Тірі вакциналардың алдына қоятын негізгі талап – құрамында вирулентті бөлшектері болмау керек. Генді-инженериялық әдістің көмегімен алынған рекомбинантты микроорганизмдерді (бактерияларды, вирустарды) аттенуациялан-ған (тірі) вакцина ретінде пайдалануға болады.
Рекомбинантты микроорганизмдердің негізінде жасалған аттенуацияланған вакциналардың құрамына кіреді:
- патогенді микроорганизмнің антигенді детерминанттарын синтездейтін патогенді емес микроорганизмдер;
- вирулентті гендері жойылған немесе өзгерістерге ұшыраған патогенді микроорганизмдердің штамдары.
Рекомбинантты микроорганизмдердің негізінде жасалған вакциналардың иммунды қабілеттілігі жоғары. Себебі, негізгі антигенді детерминанттары бактерия мен вирустардың бөлшектері болып, олардың кеңістік құрылымы патогенді микроорганизм-дердің антигенді детерминанттарының құрылымына ұқсас келеді.
Тырысқақ ауруға қарсы рекомбинантты вакцина. Тырыс-қақ  өте тез дамитын ішек жұқпасы, нәжіспен ластанған су арқы-лы беріледі. Тырысқақ аурудың қоздырғышы  Vibrio cholerae. Бактериялар ащы ішектерде көбейеді де көп мөлшерде энтеро-токсинді бөліп шығарады. Энтеротоксин микроорганизмнің пато-гендік әсеріне жауапты.
Энтеротоксин – гексамерлі ақуыз, бір А суббірліктен және 5 В суббірліктен құрылады. А суббірлігі екі функционалды доменнен тұрады: А1 және А2 домендерінен. А1 домені эндотоксиннің уыттылық белсенділігіне жауапты, А2 домені В суббірліктерімен байланысуына жауапты. А суббірлігі АДФ-рибозамен байланыс-тыратын және аденилатциклаза ферменті стимулдейтін белсенді-лігін көрсетеді. В суббірліктері ішек шырышының жасушалық рецепторларымен ерекше байланысады.
Қазіргі күнде фенолдың әсерінен өлтірілген тырысқақ вириондардың негізінде жасалған вакциналарды пайдаланады. Бірақ алынған вакциналардың тиімділігі төмен және 3-6 айдың ішінде ғана белсенді, сондықтан 3-6 ай тиімді пайдалану мүмкін. Қазіргі күнде тырысқақ ауруынан қорғау үшін вакциналардың жаңа түрлерін жасау жолдарын (әдістерді) іздеп жатыр.
V.cholerae ішек шырышына әсер етеді, сондықтан болжау жасалды, ең тиімді вакцина – ауыз арқылы енгізетін вакцина.
Мутантты штамм құрды. Бұл штамның геномынан А1-пеп-тидті кодтайтын нуклеотидтік бөлігі бөлініп кетірілді.
V.cholerae мутантты штаммын алу жұмысының барысы келесі:
- А1-пептидті кодтайтын ДНҚ-сегменті бар плазмидаға Сlа1 және XbaI рестриктаза-эндонуклеазалармен әсер етті. Бұл эндонуклеазалар А1-пептидті кодтайтын полинуклеотидтік тізбек бөлігінің ыдырауын (гидролизін) жүзеге асырды.
- Плазмиданы сақина түріне айналдыру үшін Сlа1 сайтына XbaI-линкер қосылып тігілді және XbaI эндонуклеазамен әсер етті.
- Т4 фагтың ДНҚ-лигазаның қатысуымен плазмидаға XbaI сайттарын байланыстырды. Нәтижесінде А1-пептидті кодтайтын тізбегінен ұзындығы 550 н.ж. сегмент жойылды. Бұл сегмент 183-194 амин қышқылы қалдықтарынан құралған полипептидтік бөлігін кодтайды.
- Плазмиданы V.cholerae штаммына енгізді. Штамның гено-мында А1-пептидті кодтайтын локусында тетрациклинге қарсы тұрақтылығына жауапты гені бар.
- Хромасоманың құрамындағы А1-пептидті кодтайтын тізбегі рекомбинацияның нәтижесінде ұқсас плазмиданың сегментіне ауыстырылды.
- Хромосоманың құрамына кірмейтін плазмида тырысқақ вирионында ұзақ уақыт өмір сүрмейді де, бірнеше ұрпақтарында жойылады.
- Тетрациклинге сезімтал А1-пептидті кодтайтын дефекті тізбегі бар жасушаларды сұрыптау арқылы бөліп алды.
Алынған мутантты штамм белсенді энтеротоксинді синтезін іске асырмайды, бірақ V.cholerae патогенді түрінің басқа биохимиялық қасиеттерін көрсетеді.
Мутантты штамның негізінде жасалған вакцинаның тиімділігі жоғары. Вакцинаның тырысқақ аурудан қорғау дәрежесі  90%, бірақ басқа қосымша әсері байқалады. Осы қосымша әсерін жою үшін ерекше зерттеу жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет