Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.
Алексеев С.С. Теория права.М.:БЕК.1994.
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.
1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.
Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.
Дәріс №16 Тақырыбы:Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары.
Әкімшілік іс жүргізу- бұл заңға негізделген құқықтық қатынастағы әкімшілік істерді уәкілеттілікпен қарастыратын, істерді обьективтік өндіруде толығымен заңға сәйкес шешім шығаратын,әкімшілік іс жүргізу тәртібімен жүзеге асыратын тәсілдерді қолданатын лауазымды тұлғалар мен органдардың қызметінің ... нысаны болып табылады. Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.
Атқарушы билік өз қызметін атқарушы органдардың әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырады,негізгі олардың заңдық мазмұны болып әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады.Мұның бәрі де әкімшілік процессуалдық нысаны болып табылады,бұлар өз шегінде осы нормалардың диспозициясынан көрініс табады.Әкімшілік іс жүргізу екі нысанда түсіндіріледі:1) яғни кең көлемде әкімшілік іс жүргізу-мемлекеттің басқарушылық қызметінің тікелей көрінісі ретінде қарастырылады. 2)тар мағынада түсіндіріледі:әкімшілік іс жүргізу-материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне тіркеп, оны тек соттық ісжүргізу, юрисдикциялық қызметпен жақындастырады. Әкімшілік процесті негізінен сипаттау үшін осы екеуін де басшылыққа алуға болады.
Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде - сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.
Әкімшілік процестерге мынадай ерекшеліктер тән болып табылады:
1.мемлекетпен үздіксіз байланыс ,яғни процес-іс жүргізу дегеніміз-билікті іске асырудың ерекше тәсілі,оны жүзеге асыруға басқа да көптеген тараптар қатысқанымен, оның негізін өкілетті билік органдарының қызметі құрайды;
2.бұл басқару жөніндегі кез-келген қызмет емес,ерекше заңдық қызмет болып табылады.Ол іс жүргізудің әлеуметтік мәнінде көрініс табады;
3.белгілі бір басқару істерін шешуге бағытталған;
4.заң тұрғысынан нәтижелі қызмет,осыны қолдану арқасында ғана тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатын құқықтық тәртіп;
5.іс жүргізу құжаттарында қызмет нәтижелерін міндетті түрде рәсімдеу болады;
6.іс жүргізу регламентатциясында орынды мұқтаждық туады. Мемлекеттік – басқарушылық қызмет негізінен жағымды сипаты бар міндеттерді шешуге арналған.Әкімшілік процесті сипаттағанда, екі түсіндіру жағдайында басшылыққа аламыз.Қ.Р. егемендік алғаннан кейін, бірнеше аса маңызды әкімшілік-процессуалдық заңнамалар қабылдады.Қазіргі кезде басқарушылық қызметтің маңызды мәселелерін жеткілікті түрде реттейтін заңнамалар бар .
Әкімшілік-процессуалдық рәсімі оның екі көрінісінен құралады:
а) әкімшілік-рәсімдеушілік.Негізгі мазмұнын атқарушы органдардың әкімшілік-құқықтық нормалармен белгіленген әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі өкім етушілік іс-әрекетті құрайды.(рұқсат беру, тіркеу, өзге де функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру).
ә) әкімшілік-юрисдикциялық. Негігі мазмұны-атқарушы органдардың юрисдикциялық қызмтті атқару тәртібімен құқық қорғау функциясын жүзеге асырады.
Бұл екі түрлі жақындататын жағдай,олардың нәтижесінде жеке-дара құқықтық актілер шығарады,солардың көмегімен нақты жағдайларға немесе адамдарға материалдық әкімшілік-құқықтық нормалар қолданады.Мемлекеттік басқару аясында қандай да болмасын бір себептермен немесе өзге бір ынта бойынша пайда болатын пайда болатын әртүрлі жеке істерді шешуде іске асырылады.Құқықтық норманың не диспозициясын не санкциясын іске асыруы істің мәніне байланысты болады.Әкімшілік процес қызметі әкімшілік құқықтық процессуалдық нормалармен регламенттелінеді,сонымен қатар әкімшілік-процессуалдық қатынастарда іске асырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің түрлерін әкімшілік рпоцессуалдық қызметті топтастырумен байланыстырып,екі топқа бөлуге болады:
а) рәсімдеушілік іс жүргізу;
ә) юрисдикциялық іс жүргізу.
Бұл екеуінің де кейбір ортақ жалпы белгілері бар.Соның ішінде жеке істерді көбінесе соттан тысқары жолмен шешу; әр түрлі көрінісі болатын заңдық биліктің негізі; әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелінетіндігі, әкімшілік процессуалдық қатынастар және принциптер,т.б.Олардың негізгі айырмашылықтары әкімшілік процес тің әр түрін сипаттағанда көрсетілетін болады.
Әкімшілік процес-бір жағынан заңдық процестің бір, ал екінші жағынан-басқару қызметінің іс жүргізу нормаларымен реттелген құқықтық формасы.
Әкімшілік процесте принциптер екіге жіктеледі :
Басқару заңдылықтарын сипаттайтын жалпы басқарушылық;
Басқарудың құқық шығару және құқық қолдану өрісінде жалпы іс жүргізу заңдылықтарының өзіндік әрекеттерін сипаттайтын іс жүргізушілік.Әкімшілік процестің жалпы басқару принциптеріне мыналар жатады:жария мүдде мен тараптар мүдделеріне есеп жүргізу, әкімшілік процеске қоғамдық бақылау жасау,ұлттық тең құқылық, заңдылық,т.б. Бірақ басқарушылық заңдық қызметті іс жүргізу қызметімен араластыруға болмайды, себбі кейінгісі заңда көзделген мақсаттарға жетудің құралы ғана болып табылады.Құқықтық іс жүргізу салаларының принциптері заң шығарушылар назарын істерді қараудың соттық тіртібіне аударатындығын мойындасақ,әкімшілік іс жүргізу нормаларына да идея аудару туралы ой келеді.Азаматтардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдылық принципі ерекше маңыздылыққа ие болады.Біріншіден, өкілетті органдар қоғамның, әлеуметтік топтардың және жекелеген адамдардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында құрылады.Екіншіден, мемлекеттік билік және оның органдары қоғамның жиынтық ырқы ретінде көрініс табады, демек, азаматтар, басқа да заңды және жеке тұлғалар арасындағы қатынастар міндетті рационалдық реттегіш болып саналатын кейбір ережелермен , нормалармен жалпыланған.Үшіншіден, іс жүргізу нормалары адамның абсолюттік және ажырамас құқықтарын тануды және олардың сақталуын қамтамасыз ететін процедуралар шегінде билікті шектейді.Құқық субьективтілікті мойындау принципі құқықтар міндеттерді иемденуге және оларды белгіленген тәртіпте дербес жүргізуге мүмкіндік беретін талаптардың болуын көздейді.Іс жүргізу принциптерінің жүйесі құқықтың іс жүргізу салаларына белгілі,бірақ бұл жағдайда да салааралық,салалық және жекелеген институттардың ерекшеліктерін білдіретіндер болып топтастырылады.
Әкімшілік дау жанжалдарды шешу үшін және жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік-мәжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттілігіне байланысты пайда болған мәселелерді шешу белгілі бір тәртіпті ,арнайы ереже қағидаларды белгілеуді қажет етеді.
Соған орай әкімшілік іс жүргізу қағидалары мынадай болып бөлінеді: