Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет31/56
Дата03.12.2022
өлшемі241,68 Kb.
#161072
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
Лекция әкім.құқ

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.

  2. Управленческие прцедуры.М.:Наука.1998

  3. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  4. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий

  5. Алексеев С.С.Көрсетілген жұмыс.156б.

  6. Алексеев С.С.Теория права.М.:БЕК.1994.С.50-60


Дәріс№10
Тақырыбы: Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі.
Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын, негізгі міндеттерін, шектеулерді, кепілдіктерді, көтермелеуді, еңбек ақы төлеуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, жауапкершілікті.
Мемлекеттік қзметшілердің құқықтары, біріншіден, оларға Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде Конституциямен және заңдармен берілген. Екіншіден олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын (лауазымдық немесе қызметтік құқықтар). Үшіншіден, мемлекеттік қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалынатын (мысалы, салықтық, кедендік, әскери қызмет) құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң: 
1)Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; 
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет