Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет20/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

ҚР-ның министрлігі тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Сонымен бірге ҚР-сы Үкіметінің 1999 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) туралы Ереже әзірлеу жөніндегі Нұсқаулықта» ҚР-ның заңнамаларымен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік мекеме мемлекеттік орган болып табылады делінген. Бұл Нұсқаулық ҚР-сы Үкіметі мен барлық деңгейдегі әкімдерге бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдарға қолданылады. Бұл жерде тек атқарушы билік органдары турасында ғана айтылған болу керек.
Нұсқаулық бойынша мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді. Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және өкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады. Дәл осындай органдар болып ең алдымен ҚР-ның министрліктері саналады. ҚР-ның Үкіметі туралы Конституциялық заңда министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады деп бекіткен. Ал Үкіметтің әр министрлік туралы бекіткен ережесінде олардың толық атауында «мемлекеттік мекеме» деп көрсетілген. Мысалы, ҚР-сы «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» мемлекеттік мекеме.
ҚР-сы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі жоғарыда аталған Жарлығымен мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реттеуге және оның тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік реформаны жүргізу мақсатында ҚР-сы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерінің аражігін ажыратуға негізделген мемлекеттік басқарудың принциптері белгіленді.
Ол бойынша министрліктерге тиісті басқару саласына мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін cтратегиялық функциялар бекітіліп берілуі көзделген. Осыған сәйкес ҚР-сы Үкіметінің 2004 жылы қазан айында әрбір министрлік туралы бекіткен ережесінде министрлік өзінің құзіретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР-ның орталық атқарушы органы болып табылады делінген. Сонымен бірге олардың негізгі міндеттерінің бірі өздері басқаратын салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру екендігі атап көрсетілген.
Бұл анықтамадан мынадай қорытынды шығады. Қазіргі кезеңдегі министірлік тек салалық орган ретінде ғана емес сонымен бірге салааралық (үйлестіруші) орган ретінде де қызмет атқарады. Салалық басқару органы ретінде, министірлік өз ведомствасына қарасты мемлекеттік басқару саласында барлық басқару функцияларының кешенін жүзеге асырады. Ал өз ведомствасына қарасты емес (бағынысты емес) орталық атқарушы билік органдары, демек, осындай органдардың қарамағында болатын объектілер жөнінде, министірлік тек бір ғана басқарушылық функцияны – оның қызметінің аясына жататын мәселелер бойынша олардың қызметін үілестіруді (келісуді) жүзеге асыра алады. Мысалы, ҚР-сы Білім және ғылым министірлігінің негізгі міндеттері, ол туралы Үкіметтің 2004 ж. 28-қазанда бекіткен Ережесі бойынша, білім, ғылыми – техникалық және аэроғарыш қызметі, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру; білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру; балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Ол осы мәселелер бойынша өз қарамағына жататын білім және ғылым мекемелеріне барлық басшылық жасау функцияларын (болжау, жоспарлау, реттеу, үйлестіру, т.б) қамтитын мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Ал өзге орталық атқарушы билік органдарының (мысалы, қорғаныс, ішкі істер, денсаулық сақтау) білімді басқару органдары мен олардың қарамағындағы объектілер жөнінде ол өз қызметінің аясындағы мәселелер бойынша тек үйлестіру рөлін ғана атқарады.
Министрліктер атқарушы биліктің мемлекеттік органдар жүйесіне кіреді және әртүрлі салаларға басқарушылық жасайды.
1.Қазақстан Республикасының министрлігі-орталық атқарушы орган,оны Министр басқарады,басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады.
2.Республика Президенті министрлікті Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша құрады,қайта ұйымдастырады және таратады.
3.Министрліктің мәртебесі заң актілерінде анықталады,оның құқықтық жағдайы Үкімет қаулысымен бекітілетін тиісті ережелермен ресімделеді.
4.Министрлік-мемлекеттік органдар арасындағы өзінің қалыптасқан басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс,қаржы,әділет,ішкі істер,т.б.) неғүрлым тиянақты ұйымдық форма
5.Министрлік тек жүйелік (иерархиялық) принцип бойынша ғана құрылмайды,сонымен қатар ұйымдастырудың ортақтығын да қамтиды (қазналық және басқа).
6.Мнистрлік,әдетте,үкімет органы болып табылады және белгілі бір саланы басқарғанымен,ведомстводан жоғары өкілеттіктер алады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 16 министірлік бар. Олар: Индустрия және сауда; Энергетика және минералдық ресурстар; Көлік және комминикация; Ауыл шаруашылығы; Қоршаған ортаны қорғау; Экономика және бюджеттік жоспарлау; Қаржы; Білім және ғылым; Денсаулық сақтау; Мәдениет және ақпарат; Туризм және спорт; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; Қорғаныс; Сыртқы істер; Ішкі істер; Әділет министірлігі. Министірлік және оның органдары мен ведомтвалық бағыныстағы кәсіпорындары, мекемелері және өзге де ұйымдары министрліктің біріңғай жүйесін құрайды.
Министірлікті ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің, оның ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Министрдің функциялары мен өкілеттіктері ҚР-ның Үкіметі туралы Конституциялық заңның негізінде ҚР-сы Үкіметінің 1999 ж. 29-сәуірдегі қаулысымен бекітілген «ҚР-сы Министрі туралы» Ережемен және әрбір министрлік туралы Үкіметтің бекітетін Ережесімен айқындалады.
Соларға сәкес, Министр Министрліктің жұмысын үйымдастырады және оған басшылық жасайды, министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
Министр осы мақсатта: өз орынбасарларының (вице-министрлердің) және министрліктің құрылымдық бөлімшелері (олар департаменттер, басқармалар, бөлімдер) мен аумақтық органдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; заңнамаға сәйкес комитеттердің төрағаларының орынбасарларын, министрлік аппаратының қызметкеолерін, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; заңнамада белгіленген тәртіппен жаза және көтермелеу шараларын қолданады; ҚР-ның Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрліктің ведомстволары туралы ережелерден басқа, құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдар туралы ережелерді бекітеді; Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, өкімдер шығарады, нұсқамалар береді, олардың орындалуына бақылау ұйымдастырады; сараптамалық және өзге де кеңестер мен комиссиялар, жұмыс топтарын құрады, олардың деобес құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді; ҚР-ның заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктері жүзеге асырады.
Министрдің жанынан құрамында министр, оның орынбасарлары, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болатын консултьтивтік – кеңесші орган – алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын, оған төрағалық ететін Министр бекітеді. Алқаның шешімдері хаттамалармен және қаулылармен ресімделеді де министрдің бұйрықтарымен жүзеге асырылады.
Министрліктің күрделі проблемалық мәселелерін қарау мақсатында оларға ғылыми – техникалық кеңестер құрылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет