Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет19/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.

  2. Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.

  3. Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.

  4. Васильев А.М.Правовые категории.Методологические аспекты разработки системы категорий терий

  5. Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.

  6. Қазақ КСР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі.Алматы:Баспа.2000.


Дәріс №5
Тақырыбы: Биліктің орталық атқарушы органдары.
Жалпы, атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.
Орталық атқарушы органдардың құрылымы және органдардың тиісті тізбесі соншалықты жиі өзгереді,оның не себепті олай екендігін кейде түсіну өте қиын.
Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан, құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан, заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу сияқты шараларды, ал қажет болған жағдайдамемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланылады.
Атқарушы билік органдары өздерінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Мұның мәні мынада заң –мемлекеттік басқарушылық қызметтің негізгі базасы, оның субъектілері осы аталған мемлекеттік органдар. Республикалық та, сондай ақ аймақтық та деңгейлерде болатын атқарушы билік органдары мемлкеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Бұл жүйенің шегінде оның әрбір буынының, яғни атқарушы биліктің нақты органының қажетті жеделдік дербестігі болады. Атқарушы билік органдарының біріне бірі бағынышты құрылымдық бөлімшелерін құруды болжайтын ұйымдық құрылымы, яғни ішкі құрылысы болады. Атқарушы биліктің әрбір органының белгілі бір аумақтық немесе мемлекеттік басқарушылық қызмет мәселесінің көлемі болады. Бұл органдар тек мемлекеттік бюджеттен ғана қаржыландырылады және заңды тұлға болып табылады, яғни азаматтық құқық қабілеттілігі болады.
Орталық атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері негізінен 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «ҚР-ның Үкіметі туралы» Конституциялық заңда, ҚР-сы Президентінің 1993 жылғы 9 маусымдағы «Атқарушы өкіметтің орталық атқарушы органдарының жүйесін ретке келтіру туралы», 1999 жылғы 22 қаңтардағы «ҚР-сы Үкіметінің құрылымы туралы», 1999 жылғы 13 қазандағы «ҚР-сы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзіретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы», 2000 жылғы 13 желтоқсандағы «ҚР-ның жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы», 2004 жылғы 29 қыркүйектегі «ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», 2006 жылғы 27 наурыздағы «ҚР-ның мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» және басқа жарлықтарында көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет