Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге асыру аясындағы құқықтарының кепілдіктері. Азаматтардың заңды құқықтарының, міндеттерінің және заңды мүдделерінің кепілдіктері деп олардың нақты жүзеге асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жағдайлар мен құралдар түсініледі.
Мұндай кепілдіктердің толық түрдегі механизмі өкілетті мемлекеттік органдардың атқаратын мынадай заңдық маңызы бар әрекеттерінен құралады:
азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықта-рьш жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі заңдық міндетін орындау;
оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
олардың жүзеге асырылуына үдайы байқау және бақылау жасау;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
оларды бұзған жағдайда санкциялар қолдану.
Бұл сияқты кепілдіктердің бәрінің мемлекеттік сипаты бар. Олай болатыны Конституциямен және заңдармен барлық мемлекеттік органдарға азаматгардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асы-румен байланысты міндеттер жүктеледі. Атқарушы билік органдарының осы сияқты міндеттерді орындауы әкімшілік-құқықтық кепілдіктердің мазмүнын қүрайды. Олардың әр түрлі сипаты болады, сондықтан мемлекеттік-басқарушылық қызметтің процесінде көрініс табатын олардың негізгі екі бағытын бөлуге болады.
1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықгарын жүзеге асырудың әкімшілік-құқықтық кепілдіктері. Бұл жағдайда атқарушы орган дардың (лауазымды адамдардың) азаматтардың құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі де, сондай-ақ жүзеге асырудың жағдайларын жасау жөніндегі де заңдық міндеттері түсініледі. Бұл кепілдіктер тиісті құқықтық нормаларда осы міндеттерді бекітуден көрініс табады. Мысалы, «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 ж. 18-желтоқсандағы Конституциялық заң (1997 ж. 24-ақпандағы және 1999 ж. 6-мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларды қоса), негізгі принциптердің, олардың ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету принципінің негізінде қолданылады. Үкімет азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; азаматтардың еңбек етуге бостандығы құқықтарын және олардың денсаулығын қорғау құқықтарын жүзеге асыру жөнінде, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы шаралар қабылдайды; ақысыз білім беру жүйесін дамытады; азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтарын жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдайды; жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы шараларды жүзеге асырады. ҚР-сы Үкіметінің нормативтік құқықтық, оның ішінде азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қаулыларын қолданысқа енгізудің ерекше тәртібі белгіленген (егер актінің өзінде немесе оларды қолданысқа енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көзделмесе — олар алғаш-қы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атқарушы билік органдары қызметінің аясымен шектелген осы сипаттағы тиісті міндеттері олар туралы ҚР-сы Президенті немесе, әдетте, ҚР-сы Үкіметі бекітетін ережелерде белгіленеді.
Бұдан басқа, әкімшілік рәсімдер қаралған, олардың шеңберінде азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру іске асырылады. Мысалы, бұл сияқты рәсімдер азаматтарды жұмысқа алған кезде, олардың арыздары мен шағымдарын қараған кезде, олардың айналысатын әр түрлі қызметтерін лицензиялауды жүзеге асырған кезде, т.с.с.
Әкімшілік-құқықтық қатьшастардың ерекшеліктерін ескере отырып, қаралып отырған әкімшілік-құқықтық кепілдіктердің механизмі төмендегі заңдық маңызы бар іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады:
азаматтың өзіне бекітілген құқықтарды іске асыру жөнінде атқарушы органға (лауазымды адамға) өтініш жасауы;
өкілетті органның (лауазымды адамның) азаматтың өтінішін, оның заңдылығы мен негізділігін анықтау үшін, қарауы;
олардың өтініш мәселесі бойынша шешім шығаруы;
қабылданған шешімді орындауы.
Бұл орайда ең маңыздысы мынада, атқарушы орган (лауазымды адам) азаматтың өтінішін қабылдауға және ол бойынша биліктік біржақты шешім шығаруға, сондай-ақ оны өмірге енгізуге заңды түрде міндетті. Орган бұл міндетті заңның немесе заңға тәуелді құқықтық актінің талаптарына орай орындайды. Екінші жағынан, о л тек заң алдында ғана емес, сонымен бірге пайда болган әкімшілік-құқықтық қатынастың тарабы ретінде азамат алдында да міндетті. Бұлар азаматгардың құқықтарының заңдық кепілдіктері болып табылады.