Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері


Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары



бет43/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары.
Құқықтық мәжбүрлеу құқық тәртібінің тиянақты жағдайын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары институтының, мемлекеттің дамуын және ӘҚт істердің дұрыс қаралуын қамтамасыз ететін жалпы, арнаулы, жеке мақсаттарды шеше алатын шаралар мен тәсілдер жиынтығы болып табылады.
Мәжбүрлеу мәні жөнінен құқықтық қамтамасыз етумен байланыст, себебі, ол тұлғаға қандай да бір міндеттер жүктейді, осыларды орындай отырып, құқықтық қатынасқа кіреді, адам жай ғана тұлға емес, құқықтық санаттардың тұлғасы ретінде өз құқығын жүзеге асырады.Мәжбүрлеудің жол кесуде болуы туралы мәселе дау туғызбайдыф, бірақ мәжбүрлеу құқық саласына және құқық қолдану практикасына қарай ерекше болуы мүмкін. Жол кесу шаралары заңдық мінддеттің орындалуын, адамға, қоғамдық және мемлекеттік институттарға қоқан лоққы жасауының, зиян келтіруі мүмкіндігінің алдын алуы қамтамасыз етуі керек.
Нақты құқық бұзушылықтар қорғалынатын қоғамдық қатынастарға тікелей қауіп туғызады, оларға зиян келтіреді. Оларды қорғаудың мүддесі атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтық нұсқамаларды бұзатын іс әрекеттердің жолын кесу мақсатында шұғыл шаралар қолдануын талап етеді. Мұндай шаралар, мысалы, бұзушыны әкімшілік ұстау, санитарлық ережелерді бұзған жағдайда дүкендердің немесе қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысын тоқтата тұру.
Мұндай шаралардың мәні, олардың әртүрлілігіне қарамастан, белгіленген тәртіпті бұзатын азаматтардың, лауазымды адамдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқыққа қарсы іс әрекеттердің мәжбүрлеп жолын кесу болып табылады. Бұл шаралардың маңызы құқық қорғау құралдарының жүйесінде ерекше зор, өйткені оларды қолдану барысында ең көп таралған құқық бұзушылықтардың - әкімшілік теріс қылықтардың жолы кесіледі, бұзушыларды жауапқа тарту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бірақта әкімшілік тәртіппен жолын кесу шараларының міндеті әкімшілік құқық бұзушылықтармен күресумен бітпейді. Оларды сондай-ақ қылмыстық іс-әрекеттердің жолын кесу үшін де қолдануға болады.
Сонымен, әкімшілік тәртіппен жолын кесу шараларын қолданудың негіздері мыналар болып табылады: біріншіден, құқық бұзушылық жасау және, екіншіден, объективті құқық бұзушылық әрекет жасау немесе қауіпті болып табылатын құқыққа қарсы жағдайлардың немесе оқиғалардың пайда болуы. Мұндай жағдайлар болған кезде жолын кесу шараларын қолдану азаматтардың жеке басына, құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың мүдделеріне әр түрлі қол сұғушылықтың жедел және нәтижелі жолын кесу қажеттілігімен байланысты.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесудің алуан түрлі шараларын бірнеше түрлерге топтастыруға болады. Оларға, мысалы, мыналар жатады:

  1. құқық бұзушының тікелей жеке басына қолданылатын шаралар(құқыққа қайшы мінез-құлықты тоқтатуды талап ету, тікелей күшпен ықпал жасау, әкімшілік ұстау және полицияға жеткізу)

  2. мүліктік сипаты бар шаралар (дәрімен атылатын аң аулау қаруын алып қою)

  3. техникалық сипаты бар шаралар(бұзылған көлікті пайдалануға тыйым салу, техникалық қауіпсіздіктің ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан кәсіпорынның жұмысын тоқтату, егер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы талаптар сақталмайтын болса, онда көшелер мен жолдарда жөндеу- құрылыс жұмыстарын тоқтату немесе шектеу)

  4. қаржылық сипаты бар шаралар (несие беруді тоқтату, бюджеттік қаржыландыруды қысқарту, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржылық тәртіпті, бағалар туралы, стандартқа тура келмейтін өнімдерді өткізу туралы заңнамалардыбұзудың нәтижесінде алған ақшасын бюджеттің кірісіне алу, төлету)

  5. медицина-санитарлық сипаты бар шаралар (жұқпалы ауруларды жұмыстан шеттету, сауда немесе тамақтану кәсіпорындарын олардың ластығы үшін пайдалануға тыйым салу)

  6. лицензиялық-рұқсат беру жүйесін жүзеге асырумен байланысты шаралар (лицензиялауға жататын қызметтің қандай да болмасын бір түріне лицензия беруден бас тарту, лицензияның күшін тоқтата тұру)

  7. арнайы немесе ерекше міндет атқаратын шаралар (дәрімен атылатын қаруды, көзден жас ағызатын химиялық заттарды, су шашатындарды, резина таяқтарын қолдану)

Бұларға әкімшілік іс жүргізудегі процессуалдық қамтамасыз ету шараларын да жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет