Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет40/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Әкімшілік – алдын алу шаралары. Мәжбүрлеу құралдарын қолдануды заңнамалар, әдетте, тұлғаның өзіне жүктелген құқықтық міндеттерін бұзу оқиғасымен байланыстырады. Бірақта қоғамдық және жеке мүдделерге қауіп - қатер және оларға зиян келтіру тек құқық бұзушылықтың ғана емес, сондай – ақ дүлей апаттардың, психикалық ауру адамдардың іс әрекеттерінің де салдарынан пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет құқық нормасын бұзуға кінәлі емес, тұлғалар жөнінде де мәжбүрлеу шараларын қолдануға баруға мәжбүр, құзіретті органдар заңда көзделген жағдайларда олардың құқықтарын шектейді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың белгілі бір санаттары жөнінде әкімшілік қадағалау тағайындайтын ішкі істер органдарының; өртті жайылдырмау мақсаты үшін құрылысты жоятын өрт сөндірушілердің, т.б іс - әрекеттері осындай. Мемлекеттің аталған қорғау шараларының негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың, заңдық және өзге де міндеттерді орындаудан жалтарудың алдын алу, сондай – ақ қоғамдық қауіпсіздікті қорғау.
Әкімшілік тәртіппен жолын кесу шаралары. Нақты құқық бұзушылықтар қорғалынатын қоғамдық қатынастарға тікелей қауіп туғызады, оларға зиян келтіреді. Оларды қорғаудың мүддесі атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтық нұсқамаларды бұзатын іс - әрекеттердің жолын кесу мақсатында шұғыл шаралар қолдануын талап етеді. Мұндай шаралар, мысалы, бұзушыны әкімшілік ұстау, бұзылған машиналар мен механизмдерді пайдалануға тыйым салу, санитарлық ережелерді бұзған жағдайда дүкендердің немесе қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жұмысын тоқтата тұру, т.с.с.
Әкімшілік жазалау шараларының немесе (әкімшілік жазалардың) айырықша маңызы бар, сондықтан оларға оқулықтың келесі бөлімі арналады.
Құқықтық нормаларды игеру-бұл азаматтардың өз ісі болып табылады
Мемлекетте өз органдары арқылы азаматтардың заңдық сауаттығының деңгейіне немқұрайлы қарамайды, азаматтардың құқық жөніндегі білімі барынша толық болған сайын түрлі мәселелерді құқықтық қамтамасыз ету деңгейі жоғары құқықтық қатынастардың дамуы тұрақты болады. Осыған орай, Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнамасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылауға қатысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет