Экономиканың даму теориясын бағалау



Дата30.11.2016
өлшемі139 Kb.
#2909
УДК 330.1

О. Төлемісов

э.ғ.д., профессор

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ТЕОРИЯСЫН БАҒАЛАУ
Адамзат тарихында экономика ғылымының ұзақ және бай тарихы бар. Адамдар өзінің өмір сүру деңгейіне әсер ететін үрдістерге немқұрайлы қарамаған. Сондықтан шаруашылық өмірі туралы ойлар адамдарды жаратылған кезден толғандырған.

Қазіргі кездегі экономикалық теориялардың идеялары ежелгі заманнан бері қалыптасқан – көне Вавилон, Қытай, Индия, Грекия, Рим және Шығыс елдерінің философиялық тарихи-мәдени және діни әдеби мұраларында кездеседі.

Ежелгі заманда қалыптасқан үй шаруашылығын дұрыс жүргізу, мемлекетті басқару ілімдерін ұлы грек философы Аристотель бір жүйеге келтірді. Аристотель еңбектерінде қоғамның реттегіш тетігі мемлекет болып табылатының атап көрсетті және саяси экономия ғылымының негізін қалады. Ол экономика ғылымына шаруашылық жүргізу, байлық, баға мен құн, ақша теорияларына үлкен үлес қосты. Мемлекеттің қандай элементтерден тұратынын, отбасын ұйымдастыру туралы, әрбір мемлекет жекелеген отбасынан құралатынын, жекелеген отбасында екі элемент: құлдар мен еріктілер бар екенін көрсетті 3(1т. 110 б.) Бұл өндіріс тәсілінің құл иеленуші кезеңдерінің ерекшеліктері болатын.

Ежелгі грек ғалымы Ксенофонттың «Үй құрылысы» шығармасында шаруашылықты қалай басқару және иелігіндегінің бәрінен қалай пайда табуға болатыны тұрғысындағы трактаты «Ойкономикс», яғни «экономика» деп аталды. Ол шаруашылық туралы ғылымының маңыздылығын, ғылымды үйрену жөнін, жаман және жақсы қожайындардың шаруашылығы, басқарушы сапасын экономикалық талдау әдістерінің алғашқы пайда болуына үлкен әсер етті.

Ғасырлар өткен сайын қоғамда қалыптасқан еңбектің бөлінуі өзгеріп, заттың айырбас экономикадан біртұтас мемлекет көлеміндегі экономикасы қалыптаса бастады. Осы орайда елдің халық шаруашылығы туралы тұтас білім қажет етілді.

Француз экономист ғалымы Антуан де Манкретьен өзінің «Саяси экономия жөніндегі трактатын» осыдан 400 жыл бұрын жазды. Ол өз жұмысында адамдар мемлекет үкіметіне өз елінің даңқын шығаруға, халықтың әл-ауқатын еселеп байытуға тиісті деп ой тастаған болатынды. Манкретьеннің басты сіңірген еңбегі оның «Саяси экономия» терминінің (грекше «oikonomas» үй шаруашылығын басқару және «саясат» мемлекеттік басқару) айналысқа еңгізу болды. Ол мұны шаруашылық қызметі үшін пайдаланса, кейіннен тұтас ғылымның атауына айналды. Саяси экономия билеушілер мен олардың министрлерінің қолында теориялық ілім емес – өнер. Елде байлықты жасауға бірінші орынға сауда емес, мануфактуралық өнеркәсіпті қоятының білдірді. 3(2т. 8 б.).

Биылғы жылы осы «Саяси экономияның» жүзеге асырылуына 400 жыл толсада, елдің байлықты көбейту, бөлу және сұраныс пен ұсыныс, жиі қайталанып отырған дүниежүзілік экономикадағы дағдарыстар әлі түбегейлі шешілмеген сұрақтарды аша түсіп отыр.

Меркантилистер концепциясы сол дәуірдің экономика ілімінің негізгі бағыты ұлттың гүлденуі асыл металдарды (алтын мен күміс) жинау деп қарастырды. Ағылшын экономисі меркантелистер өкілі Томас Мэн «Англияның сыртқы саудадағы байлығы немесе біздің байлығымызды реттеуші сыртқы сауданың балансы» атты трактатында сыртқы сауданы белсенді дамытуды жақтай отырып, осы байлықты жинақтаудың негізгі құралы деп көрсетіп, сауда ісін жүргізбейтін мемлекеттер байи да алмайды, күйзелмейді де деп пайымдады, ақшаны көптеп шығару құқығы үшін күресіп, экспорттың импорттан асып түсуін ұлттың әл-ауқаты өсуінің кепілі деп есептеді. Қазіргі кездегі көптеген экономиканың даму моделдерінің негізінде сақталып, есепке алынып келеді.

Физиократ мектебінің негізін қалаушылар француз ғылымы Франсуа Кенэ ауыл шаруашылығының еңбеккерлері таза өнім, пайда табады, ал басқа өндіріс түрлері қызметкерлері құнарлықсыз класс, олар өнімнің санын өсірмейді, тек өндейді деп тұжырымдады.

Франсуа Кенэ туындысы «Экономикалық кесте» және «Экономикалық кестенің түсіндіру» атты еңбектерінде қоғамдық ұдайы өндіріске талдау жасап, адам өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетсінетін ақша байлық емес, адамдар өмір сүру үшін қажетті игіліктерді ұдайы өндіріп отыру керектігін дәлелдеді. Ол нақты кірістің бірден-бір түрі жер рентасы деп есептеді. Ұлт азаматтарын үш таптан: өндіргіш таптан, меншік иелері табынан және өнімсіз таптан тұрады деп дәлелдеді. Өндіргіш таптар аймақты өңдеу арқылы ұлттың жыл сайынғы байлығын өтеп отыратын, егіншілік қызметтер бойынша шығыстарға шығындар жасайтын және жердің меншік иелерінің жыл сайынғы табыстарын өтеп отыратын тап, ұлт байлығының жыл сайынғы ұдайы өндіру бағасын айқындайтын сату осы тапқа қатысты болады, - деген.

Меншік иелері табы өзіне патшаны, жер иеленушілдерді және ондық алушыларды қамтиды. Өнімсіз тапты егіншілікке жататындардан басқа кәсіптерді және еңбектің басқа да түрлерін орындайтын барлық азаматтар құрайды. Олардың шығындарын өндіргіш тап және өз кезегінде өндіргіш таптан өз табыстарын алатын меншік иелері табы төлейді, - деп тұжырымдаған. 3(2т. 74 б.)

Саяси экономияның ғылым болып дамуына ағылшын ғалымдары Уильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Миль зор үлес қосып, баға құрылымының заңдылығын табуға ұмтылып, тауардың құны жұмсалған еңбекпен, яғни оны өндіруге қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен айқындалады. «Еңбек дегеніміз – байлықтың әкесі, ал жер – оның анасы», - деген пікірлер айтты. Ал «ақша» - бұл басқа қалған тауарларға қарама-қарсы тұратын ерекше тауар, -деп мәлімдеді.

Капиталистік экономиканың және оған негізделетін нарық тетігін алғаш рет зерттеп, мемлекеттің экономикаға қандайда бір араласуынсыз, еркін кәсіпкерлік жағдайларында жеке және қоғамдық мүдделердің ұштасып келуін қамтамасыз ететін жағдайда қоғам экономикасының неғұрлым тиімді дамып отыратынын дәлелдеді. «Көрінбейтін қол» тұжырымдамасы осынша заман өтсе де кейбір ғалымдар экономикада жиі кездесіп отыратын дағдарыстардың негізгі себептерінің бірі ретінде қаралып келеді.

А. Смит және оны қолдаушылар капиталистік қоғам еңбек құнына негізделген экономикалық теорияны қалыптастырып, байлық тек қана егіншілікте емес, басқа барлық топтардың еңбегімен байиды. Барлық кластар өндіріс процесінде коперацияға бірігіп, олардың арасындағы айырмашылықтар болмайды, базар араласымен жүзеге асырылады деген.

Давид Рикардо капиталистік қоғамның экономика заңдылықтарын ашуға ерекше көңіл бөліп, тауар құнының көзі ретінде еңбек туралы ережені әзірлеуде, жер рентасының шығуын капиталистік пайданың көзін түсіндіруге көп еңбек етті. Ол өзі өмір сүрген қоғам топтарының экономикалық қайшылықтарын ашып көрсетті.

Еңбек құны теориясының негізінде Карл Маркс капиталистік қоғамның нарықтық экономикадағы қанаушылық мәні мен тарихи өтпелі сипаты туралы капитализмді социалистік жүйенің алмастыруының болмай қоймайтындығын, ондағы пролетариаттың рөлін баяндаған болатынды. Капиталистердердің пайдасы жұмысшы тапқа төленбеген еңбек ақысы, капитализмнің ішкі заңдары қоғамда қайшылықтар туғызып, жұмысшы табын кедейшілікке әкеліп, социалистік қоғамға әкеледі деп болжаған. Өкінішке орай, олардың (К.Маркс, Ф.Энгельс) комунистер одағының тапсыруы бойынша жазған «Коммунистік партияның манифесі» (1848 ж.) және «Саяси экономияға сын» (Капитал) деген еңбектерінде Ф. Энгельстің айтуы бойынша, ол (К.М) барлық капиталистік өндірістің жалпы байланыстарын қарастырып, барлық буржуазиялық «саяси экономияны» толық жоққа шығарғанды.

К. Маркс «Капиталда» көрсеткен тауар өндірісін ұйымдастыру және оның қоғамның экономикалық дамуындағы рөлін қарастыра отырып, пайда көздерінің авансланған капиталдың мөлшері мен оның органикалық құрылымына; екіншіден, қосымша құн нормасына; үшіншіден, капиталдың айналым жылдамдығына тәуелділігін көрсетті 3. (2т. 305 б.)

Өнеркәсіп салаларында өндіріс шығындары (органикалық құрылымы) өзгеріп, ірі машиналы өндірісті қамтитын дамыған капитализмде жұмыссыздықтың деңгейі өсетінін көрсетті. Қазіргі кездегі дүниежүзілік дағдарыстың басты себептері қол еңбегінің машиналар және технологиялар мен ауыстыруда осындай жағдайға тап болатынын көрсеткенді.

К. Маркс капиталистік жер рентасы жерден алынған пайда, қосымша құннан жер иесіне төленетін ақы деп, алым-салық төлейтінің атап көрсеткенді. Жер иесінің үлесін мемлекеттер қалай, қайда жұмсайтынын өз еңбектерінде келтірмей, тек өндірісте пайдаланатын жер салығын қарастырғанды. Кейін капиталистік қоғамның ғалымдары экономика-математикалық моделдерінде табыспен, пайданы тек капитал мен адам ресурстарының көрсеткіштерін негізге ала отырып, болжамдар жасайды. Сол себептен капиталистік қоғамда жиі дағдарысқа ұшырап отырады. Жер иесінің үлесі бұл есепке кірмейді. Пол Кругманның жаңа манифест іздеуінің осы мәселенің шешуін таппақ болса керек.

Ғалымдар зерттеу назары нарық агенттеріне, қатынастарына, тәжірибелік шешімдерге көңіл аударды. Ғалымдар өз зерттеулерін шектеулі ресурсын оптималды бөлу проблемасына кең түрде шекті мөлшердегі аппарат, математикалық тәсілдермен шешуге тырысты. Сонымен қатар ғылымның аты өзгеріп «саяси экономия» басқа жаңа атақ «экономикс» (экономикалық теория) атағына ие болды. Соңғы жылдарда ағылшын сөзі «economics» орыс тіліне «экономикалық теория» деп атала бастады.

Экономика ғылымының жаңа бағыты ағылшын экономисі, неоклассикалық ілімінің негізін қалаушы «кембридж» мектебінің бастысы Альфред Маршалл «Экономика ғылымының принциптері» деген кітабынан басталды. Экономика ғылымының дамуына тоқтала отырып, экономикалық еркіндік өзінің тамырында көне гректер ойы, рим құқығы және сол кездегі экономикалық теорияға негізделгенді. Экономикалық зерттеуде өмір тәжірибесімен қатар, нарыққа қатысушылардың рационалды ойлануын зерделеу қажет деді.

«Экономика» ғылымының негізіне адамдардың өндіріс процесіндегі міңез-құлқын, шектелген ресурстар әлемінде игілік пен қызметтерді тұтыну және осы ресурстарды тиімді пайдалану қарастырылды. Неоклассиктер өкілдерінің негізгі көңіл аударғаны, өндірушілер мен тұтынушылар әл-ауқатын максимумға жетудегі жағдайларын талдау талдау.

А.Маршалл нәтиженің максимизациялау тек қана еркін бәсекелестікте және нарықтық жағдайы теңгерімділікке келіп тепе-теңдік орнаған жағдайда болады деп түсіндірді.

Неокласиктердің экономиканың дамуын талдауға ұсынған инструменттері дүние жүзілік экономика ғылымының «алтын қоры» ретінде қабылданып келді. Бұлар – сұраныс икемділігі, шекті талдау, шаруашылыққа қысқа және ұзық мерзімдегі әсері, өндіріс экономикасының ішкі және сыртқы жағдайын фирма теориясындағы, нарықтық өзара байланысы және т.б. болды.

Еркін бәсекелестік тетігі (көрінбейтін қол) экономиканың дамуын тиімді жолға бағыттайды, мемлекеттің рөлін бағаламау (ол тек түнгі қарауылшы) неокласиктерге тән экономикалық теорияның дамуын ХХ ғасырдың 20 жылдарына дейін мойынсынып келді. Экономикалық теория ол кезде «баға теориясы», фирма теориясы, ақыр аяғында қазіргі кең қолданы жірген «микроэкономика» деп аталды.

ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында микроэкономикалық талдау кейбір ғалымдардың сынына ұшырады, ал бұл неоклассикалық теорияның бағытының авторитетін күшейтіп, оның әрі қарай дамуына жол ашты. Бұл кезенде ірі экономистердің тауындылары жарық көрді. Бұлар Карл Менгер, Евгений Бем-Баверк, Фридрих Визер, Леон Вальрас, Вильфредо Парето. Бұлар еңбектерінде маржинилизм принциптерін қалыптастырды, олар шекті пайдалылық теориясы, қазіргі кездегі баға, құндылық, айырбас пропорциясы, шығын, сұраныс пен ұсыныс және тағы басқалар. Маржиналистер экономикалық талдаудың негізіне «барлық экономикалық категориялар субъектінің тауарға деген қатынасынан, оның оларға белгілі бір артықшылық беруінен туындайды», - деп тұжырымдайды. Нарық заңынан сәйкес заттың ұсынысы өзіне сұраныс тудырады «тауар тауарға айырбасталады, неоклассиктер нарық экономикасының өзін-өзі реттейтін сипаттамасына негіздеп, еркін бәсекелестік механизмі теңдіктің бұзылуын қалпына келтіріп, дағдарыссыз, динамикалық дамуға мүмкіншілік береді», - деп тұжырымдады.

Экономикалық ғылымда Август Хайек, Людвиг Мизес үлкен із қалдырып, экономикаға мемлекеттің араласуы шаруашылықты аса көп реттеушілік жасап, біртіндеп тоталитаризмге әкедетінін ескертті.

1920 жылдардағы батыс елдеріне жайлаған шаруашылық экономикалық дағдарысы дүниежүзілік экономикалық дағдарысқа (1929-1933 жж.) әкеліп соқтырды. Шаруашылық дағдарыс пен қатар микроэкономикалық теорияның неоклассикалық бағытының дағдарысы болатын.

Экономикалық ойдың жаңа бағыты ғылыми талдау – кейнсиандық, ал макроэкономика проблемалары ағылшын экономисі Джон Кейнстің (1883-1946 жж.) 1936 жылы жарық көрген «Ақшаның, пайыздың және жұмыспен қамтудың жалпы теориясы» деген еңбегі экономикалық теорияда революция жасап, микроэкономикалық талдау кезінде шешуін таба алмаған сұрақтарға жауап берді.

Кейнс неоклассиктердің басты постулаты «Сеяның нарық заңы» тауарға ұсыныс өзінің жеке сұранысын тудырады деген нарық тетіктері өздігінен реттеледі деген тұжырымнан бас тартып, сұраныс өндіріспен және ұсыныстың дамуына басты факторы және экономиканың жүргізушісі деп қорытындылады. Кейнс жалпы сұранысты арттыру үшін мемлекет салық-бюджет және ақша-несие саясаттарын жүзеге асыру қажеттігін тұжырымдады. Кейнс өзінің немересіне жазған хатында ҒТП технологиялық жұмыссыздыққа әкелетін және жұмыс уақыты күніне 3 сағат, аптасына 15 сағат жұмыс күні адамдардың сұранысын қанағаттандырады деп ескерткен. Қазіргі кезде аптасына 36 сағат жұмыс істеу керек деп Дүниежүзілік Еңбек Ұйымының ұраны, адамзаттың Кейнс армандаған уақытына жету алыс екенін білдіреді. Кейнстің теориялық схемасына америка ғалымдары Элвин Хапсен, Пол Самуэльсон, ағылшын экономисі Джон Хикс және басқалар үлкен үлес қосты.

Джон Хикс өзінің «Капитал және құн» деген еңбегінде экономиканың «қазіргі экономика» және «болашақ экономика» деп өзі екіге бөлінеді деген.

Кейнстің экономиканы реттеу тетіктерін жетілдіру ұсынысы өткен ғасырдың 1940-1960 жылдарда бірталай жетістіктерге жеткізсе, ал содан кейін монетаристер жағынан, сонымен қатар жаңа макроэкономикалық теорияның классиктерінің өкілдері сынға ала бастады. Қазіргі кездеде көптеген мемлекеттер нарықтық экономикада жиі қайталанып жүрген дағдарыстан шығу жолдарының бірі ретінде қарастырылып келеді.

Монетаризм экономикалық ілімінің негізгі макроэкономикалық саясаттың бағытын ұлттық шаруашылықтың қозғалысының ауытқуының орталығына ақшаны қояды. Мемлекеттің экономиканы реттеуінің негізгі бағыты ретінде монетаристердің концепциясы ақша-неисе саясатын басшылыққа алынғанды. Қазіргі монетаристердің пайымдауынша мемлекеттің экономиканы басқарудағы негізгі мақсаты ақша эмиссиясы мен ақша массасын бақылау, мемлекеттік бюджет балансына жету, инфляциямен күресу үшін банк несиесінің жоғарғы пайызын тағайындау дегенді.

Монетарлық ілім ертеден қалыптасқан экономистер және марканталистер еңбектерінде кездеседі.

Монетарлық концепция Чикаго университетінің профессоры 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Милтон Фридман (1912 ж.т.) еңбегінде Кейнс теориясын және оны қолдаушыларды талдап, олардың ақшаның жалпы шығынға, тұтынуға, бағаға және нарық экономикасының автоматты түрде толық жұмыспен қамту және баға тұрақтығына азғана әсер ететінің талдауын сынады.

Фридманның жұмысы АҚШ монетарлық тарихын талдай отырып, шаруашылық өмірдегі үлкен өзгерістер ақша импульсына, ақша эмиссиясына байланысты екенін дәлелдеді. Шаруашылықтар доллар сыбызғысмен билеп, оны қайталайды деп тұжырымдады. Қазіргі кездегі дүниежүзілік дағдарыс осыны айқын көрсетіп отыр.

Монетаристердің қысқа мерзімде ақша саясатының тиімсіздігін жаңа классикалық экономикалық теорияны жақтаушыларда сынға алды. Бұл мектеп 1970 жылдары микроэкономика талдау принципін макроэкономика сферасында қолдану кезінде қалыптасты. Жаңа классиктер рационалды күту (рациональное ожидание) гипотезасын ұсынды. Чикаго университетінің профессоры Роберт Лукас (1937 ж.т.) 1995 жылы экономикадан Нобель сыйлығының лауреаты болашақ бағаны күту экономикалық шешімдерді компанияға, ұйымдарға және әрбір жанұяға ең басты мәж (мотивация) ықпал болып табылады деді. Бұндай экономикалық субъектілер шешімдері еркін немесе статистика негізінде қабылданады. Болашақ күтілген баға деңгейі тәжірибе түрінде тұрақты деп қабылданады. Рационалды күту гипотезасы болашақ алға қарап, өзгеретін информация арқылы салыстырып отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі мұнай бағасын өзгеруіне байланысты халық тұрмысына әсерін бақылап отыруға болады.

Қазіргі кездегі экономикалық талдаудың басты бағыты экономикалық ұсыныс теориясы, өткен ғасырдың 70-80 жылдарда белгілі бола бастаған.

Осы теорияның басты өкілі болып америка экономисті Артур Лаффер бұл теорияның пайда болуына Кейнстің теориясына негізделген мемлекеттің нарықтық экономиканы реттеуі өткен ғасырдың жетпісінші жылдары үлкен дағдарысқа әкелді. Батыс ғалымдары бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып, экономиканың жандандырудың жаңа тәсілдерін іздеп негізінен неокласикалық нақты мониторлық көзқарасқа негізделді.

Экономикалық теорияда қалыптасқан – Лаффер қисығы салық мөлшері мен мемлекеттік бюджетке салықтар түсуін қарастырды. Лаффер концепциясы бойынша үкіметтің қазнасын толтыру жолында салық процесін көбейту кері әсерін тигізуі мүмкін, өндірісті жауып немесе «көлеңкеге кетуі» мүмкін деді.

Көптеген елдерде әлі де болса соны ескермей келеді, сол себептен кәсіпкерліктің даумуына кері әсерін тигізіп келеді. «Ұсыныс экономикасы» теориясының авторлары кейнсиандықтарға қарсы, сұранысты реттеуді басты мақсат қояды. Лаффердің және оның жақтастарының пайымдауы бойынша экономикалық дамудың басты факторы сұраныс емес, ұсыныс болып табылады.

«Ұсыныс экономикасы» теориясының басты пастулаты экономикалық процестерге мемлекеттің араласуын азайту, жеке перспективалармен кәсіпкерлікті ынталандыру. Бастысы мемлекеттік қаржылық рөлін арттырып, салықты азайту, мемлекет шығынын азайту, мемлекеттің несие саясаты арқылы ақша көлемін азайту. Бұндай саясат АҚШ-та 1980 жылдарда табыс салығын азайтуға әкелген «рейгиномика» кезінде болған, бұл экономикалық саясатта ұзаққа бара алмады.

Қазіргі экономикалық теорияда ерекше орын алатын институционалдық-әлеуметтік бағыт, олардың өкілдері, Т. Веблен, Д. Коммонс, Джон Гэлбрейт және т.б. «Институционализм» термині 1924 жылы жарық көрген Дж. Коммонс «Институционалдық экономика» кітабының атын иемденген. Бұл термин «институционализм» «институция» бір қоғамдық қатынастың құқықтық нормасын білдіреді.

Институционалистер адамды жеке қарамай олардың ортасына байланысты қарайды. Олар «экономикалық адам» әлеуметтік адаммен айырбастап қоғамдық қатынастарға жиынтығымен қоса қарайды.

Институционалистер қоғамдастықтың шаруашылық субъектері, ұйымдар, мекемелер, әлеуметтік немесе әкімшілік топтар осы құрылымды құрайтынды. Бұл институттарға мемлекет, жанұя, моральдық және құқықтық нормалар, корпорация, кәсіподақ, басқа экономикалық жағдайлар және тетіктер жатады. Бұған қоғамның пікірі, мода, жоғарғы оқу, кәсіпкерлік, жеке меншік, несие және т.б. кіреді.

Институционал – әлеуметтік мектебінің әдістері бір мезгілде институт эволюциясы өзгеретін шаруашылық өмірін және экономиканың институттарға әсерін қамтиды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «таза» институционализмнің әсері азайып, экономикалық теорияның элементтеріне айналып, басқа жағынан нақты экономикалық жүйенің қозғалысын және үдірісін талдау әдісіне айналды. Қазіргі неоинститционализм бөлігі экономикалық меншік құқығы теориясы, экономикалық ұйымдастыру теориясы, қоғамның іріктеу теориясы болып табылады.

Неоинституционалистер техникалық факторлардан алыстап, трансакциялық шығындарға аса көңіл аударады. 2009 жылы Нобель сыйлығының лауреатары Элинор Острон, Оливер Уильямсонның экономикалық ұйымдастыру облысындағы зерттеулерінде трансакциялық шығындар пайда бөлісуі, капитализм мен коммунизм кезіндегі мемлекеттік реттеу тетіктерінің кемшіліктерін ашты. Қоғамдық іріктеу теориясы экономика мен саяси құбылысты қарастыруға тырысады. Бұл теория бойынша саяси қызметке экономикалық талдау жасайды, олардың әлді және әлсіз жақтарын анықтайды. Көп пайда әкелудің жолын анықтайды. Заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдаған шешімдерінде белгілі саясаткер мен чиновниктердің әл-ауқатын молайтып, ал жалпы қоғам әл-ауқаты үшін тиімсіз шешімдер қабылдайды.

ХХ ғасыр бойы экономикалық теорияда «негізгі ағыс» (mainstream) ереже басымшылық алды. «Негізгі ағыс»-тың ерекшелігі тек қана неокласиктердің фундаменталдық ережелерімен қатар кейнсиандық, неокейнсиандық, неоинституционалдық постулаттарын қолданады.

Қазіргі кездегі экономикалық теория тұрақты белгіленген заңдармен теорияның жиынтығы емес, әртүрлі экономикалық құрылымдағы сұрақтарға жауап беруге дайын икемді, үнемі жетіліп отыратын инструмент.



Әл-Фарабидің «Әлеуметтік-этикалық» трактаттарында көрсетілген «Ұлы қоғам» - жер бетін мекендейтін барша адамзат қоғамдарының жиынтығын реттеу қажеттігін, оның тетіктерін қалыптастыруда әлі де болса толық шешімін таба алмай келеді.
Қолданылған әдебиеттер

  1. Курс экономической теории. Учебник курсов, 2004 г. Макконель К.Р., Брю С.Л.

  2. Экономикс: Принципы, проблемы и политика. 2 т. Пер.с англ. Т.1. Галлинг, 1993 г.

  3. Экономика. Әлемдік классика 10 томдық. Алматы, Таймас. 2006 ж. 336 б.

  4. Маршалл А. Принципы политической экономики. Т. ІІІ. Пер.с англ.-М: Пргоресс, 1984 г.

  5. Пикетти Томас. Капитал в XXI. Москва: Ад Маргинем Пресс, 2015.-592с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет