ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ комерциялық емес акционерлік қоғамы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Ветеринария факультеті Микробиология және вирусология кафедрасы ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «БҰЗАУ ДИСПЕПСИЯ АУРУЫН БАЛАУ» Студент Сағынғалиев Әлібек Жоспар: - Етқоректілер дифиллоботриозына жалпы сипаттамасы,қоздырушысы.
- Өсіп-өнуі,Эпизоотологиясы
- Емдеу және сақтандыру шаралары.
Сипаттамасы
Жыртқыш аңдар дифиллоботриозы-антропозоонозды, табиғи ошақты гельминтоз. Қоздырғышы Dipillobotrium latum – баулы құрттар тегіне жатады.Ол өзінің ақтық иелерінің, атап айтқанда иттің,мысықтың,түлкінің, көгілдір түлкінің және адамның ащы ішегін мекендейді.Олардың аралық иелері – ересек аяқты шаяндар-циклотоптар, диаптомустар,ал қосымша иелері – тұщы су балықтары: шортан, алабұға, лақа, таутан т.б.
Қоздырғышы
D.Latum жалпақ баулы құрт, ұзындығы 10м, басында сорғыштар болмайды, ал олардың қызметін 2 саңылау немесе ботриялар атқарады. Стробиласы көптеген бунақтардан құралған, оның ені ұзындығынан едәуір үлкен.Көптеген ендер бунақтың екі жақ қапталын алып тұрады. Тұқымдығы көбелектің қанатына ұқсас.Жыныс мүшелері буылтықтың орта тұсынан ашылады, олар үшеу: еркек, ұрғашы және жатыр тесіктері.Ұсақ жұмыртқалары жетілмеген, сұрғылт түсті, сопақша келеді және қақпақшамен жабдықталған.
Өсіп-өнуі
Аралық иелер - шаяндар.
Қосымша иелер - тұшы судағы балықтар (шортан, алабұға, нәлім)
Қоздырғышының даму биологиясы. Жұмыртқалар клиникалыққы
ортаға дефинитивтiк иелердiң нәжiсiмен бiрге шығып, алға қарай даму үшiн
суға түсу керек. 3-5 аптадан кейiн жұмыртқадан дернәсіл - корацидий шығады.
Ол клиникалықынан кiрпiкпен қапталған, онкосферада 6 iлгек болады.
Содан кейiн корацидийдi аралық иелер жұтады. Аралық иенiң iшегiнде
корацидий кiрпiгiн жоғалтып, дене қуысына жылжып, 2-3 аптадан кейiн
кiшкеңтай дернәсілға - процеркоидқа дамиды.
Алғашқы даму үшiн процеркоид қосымша иеге түседi. Балықтын iшегiнде
рачок қорытылып,ал процеркоид iшек қабырға арқылы құрсақ қуысына,
73
бұлшық етке, терi астына енiп дернәсілдің алғашқы сатысына - плероцеркоидқа
айналады.
Егер зақымдалған балықты дұрыс піспеген және шікі кезінде ит, мысық
жесе, онда плероцеркоид iшек қабырғасына жабысып, тез мүшелерге дами
бастайды, 1 айдан кейiн ол толық жынысты цестодаға айналады.
Эпизоотологиялық деректер. Ауру жиi Балтық маңы елдерінде,
Түменде және басқада зоналарда кездеседi.Қазақстанда Ертіс және оған барып құятын өзендер бойына орналасқан жерлерде кездеседі.
Патогенезі. Лантец ие организмiне, әсiресе жүйке және қан жүйелерiне
механикалық және токсикалық әсер етедi. Дифиллоботриоз Патогенезіiнiң
негiзi – эндогендiк авитоминоз туызу. Гермафродитті мүше ауру малдардың
организмiнде В12 дәруменінің жеткіліксіздігін туғызады.
Ауру белгiлерi. Ауру аңдар тәбетi төмендейдi, әлсiз, құсады, олар өсуден қалады.Жануардың ішегі құртқа толып бітеліп қалуы мүмкін, құрттың уыты жүйке мен қан айналым жүйелерінің қызметін бұзады.
Балауды гельминтокөпрологиялық зерттеулердi өткiзiп қояды. Цестода
жұмыртқасының пішіні сопақша, бiр шетiнде жапқышы бар.
Емi. Альбен, азинокс препараттарын қолданады
Сақтандыру
Дифиллоботриоз кездесетін аймақтарда ит, мысық т.б. аңдарға шикі балық бермеу керек.Басы артық бұралқы иттер мен мысықтарды жойған жөн. Сауда нүктелерінде шортан, алабұға, лақа т.б. балықтар малдәрігерлік сараптан өтуі тиіс.Аталған цестодоздан адам мен аңдарды сақтандыру үшін, санитарлық насихат жұмысын жүргізген орынды.
Қорытынды
Дифиллоботриоз - антропозооноз, ошақты таралады,лентецтiн әрбiр түрлерiмен шақырылады, Diphyllobothrium тұқымына, солардың iшiнде
Diphyllobothrium lamum-кең лентец өте кең таралған. Ит мысық, түлкi, және адам ауырады (дефинитивтiк иелер). Ол өзінің ақтық иелерінің, атап айтқанда иттің,мысықтың,түлкінің, көгілдір түлкінің және адамның ащы ішегін мекендейді.Олардың аралық иелері – ересек аяқты шаяндар-циклотоптар, диаптомустар,ал қосымша иелері – тұщы су балықтары: шортан, алабұға, лақа, таутан т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |