Капиталдың жаңа ғасырдағы дамуы
07.01.2016 Экономика әліппесі 31 рет оқылды 0 пікір
Орынбасар ТӨЛЕМІСОВ,
экономика ғылымдарының докторы,
профессор
Адамзат буржуазиялық қоғамының дамуында өз орнын алатын капиталистік өндіріс әдісінің дамуы адам баласын неге апарып соқтыратыны, капиталдың байлықты табу және бөлісу жолдары туралы талай ғұлама ғалымдар, мемлекет қайраткерлері және көптеген сарапшы мамандар жан-жақты талдау жасап, түрлі болжамдар ұсынғанды.
К.Маркс ХIХ ғасырда жеке капиталдың дамуы барысында байлық аздаған адамдардың қолына шоғырланады, ал ХХ ғасырда бәсекелестік, ғылыми техникалық прогрестің жоғары даму сатысында теңсіздікті азайтып, дамуда тепе-теңдікке әкеледі деп Кузнец есептеген болатын .
Өткен үш ғасырда қоғамда капиталдан тапқан табыстар қалай бөлінді, ХХI ғасырда қандай сабақтар алуға болады деген мақсатпен жазылған француз ғалымы Томас Пикеттидің «Капитал в ХХI веке» атты ғылыми еңбегі жаhандану жағдайында адамзат қоғамы қалай даму керек дегенге үлкен үлес қосатын еңбек деп бағалауға болады.
Ұлыбритания мен Францияда қалыптасқан саяси экономиканың негізгі мақсаты – байлық бөлісу болатын-ды. Қоғамда оңтайлы өзгерістер: демографияның өсуі, село халқының қалаға көшуі, өндірістегі түбегейлі өзгерістер кезіндегі әлеуметтік құрылым және саяси теңдік Еуропа қоғамында қалай болғаны жан-жақты талданған.
Кезінде Мальтус «Халықтың қоныстану заңы туралы тәжірибе» деген еңбегінде екі мәселені зерттеу керек болады:
1. Адамзаттың дамуын немесе оның әл – ауқатының өсуін осы кезге дейін қандай себептер тежеді?
2. Адамзаттың дамуына кедергі келтіретін осы себептерді толық немесе ішінара жою ықтималдығы қандай?
Ол өзінің зерттеуінде егер кедейлерге «қайыр көрсету» жүйесін алып тастап және олардың туу жүйесіне қатал тежеу жасамаса, бүкіл дүниежүзі халқының артық өсуі байлық пен кедейшілікке жолығады деген-ді.
Бұл мәселенің шешуі Рикардоның тұжырымы бойынша тұрақты түрде жер рентасына салықты көбейту. Жер бағасының өсуіне байланысты жер иелері ұлттық табыстың үлкен бөлігіне, ал басқа халық аз бөлігіне ие болып, әлеуметтік теңсіздікке әкеліп, аяғы қолайсыз жағдайларға әкелуі мүмкін, деп болжаған-ды.
К.Маркс 1867 жылы «Капиталдың» бірінші томын жазғанда, Рикардоның заманынан өзгеріп, өндіріс пролетариаттары қайыршылық жағдайды басынан кешіріп, ал ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына, халық санының өсуіне байланысты қалада жұмыс күні өсіп, еңбекақы азайып, жаңа қалалық қайыршылық орын алғанын жан-жақты зерттеу негізінде көрсетеді. Бұл мәселенің шешу жолын К.Маркс және Ф.Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде» алған буржуазия үлкен өндірісті дамытуына байланысты өзі өндірген өнімнен және өнімді иеленудің бірте-бірте айырылады. Ол өзінің өліміне, ал пролетариаттың жеңуіне әкеледі деген-ді. К.Маркс қайтыс болғаннан кейін Ф.Энгельс оның қалдырған қолжазба негізінде, түсініксіз кейбір жерін толықтырып, жарыққа шығарған-ды.
К.Маркс зерттеу негізіне Рикардо моделіне капитал бағасы мен капитализмнің дамуын талдау жасап, дүниежүзінде жер емес өндіріс капиталы (машиналар, құралдар және т.б.) теория бойынша шексіз қорланады, деді. Оның негізгі тұжырымы «шексіз қорлану принципі», капитал жинақтау және шексіз шоғырлануға әкелуі. Оған табиғи тежеу қоймаса, апокалиптік нәтижеге әкеліп, капиталдың табыстылығының деңгейі төмендеп, немесе капиталдың ұлттық табыстағы үлесі ұлғайып, пролетарлары бірігіп көтеріліс шығарады деген-ді.
К.Маркстің шексіз қолдану принципі ХХI ғасырда да өзектілігін асырып, үлкен қобалжуға әкелді. Батыс Еуропа мен Жапонияның жеке мүліктің құнының ұлттық табыстағы үлесінің артуынан бақылауға болады, дейді. Кузнецтің теориясы бойынша табыстың теңсіздігі капитализмнің даму сатысының соңғы мезгілінде жүргізілген саясатқа қарамай азайып, кейіннен тұрақтанады. Тек қана күту керек, өсу бәріне пайда әкеледі. «Біркелкі өсу жолында» барлық параметрлері: өнім, табыс, пайда, еңбекақы, капитал, биржа индекстері, жылжымайтын мүлікке баға және т.б. – барлығы бірқалыпты өсіп, әлеуметтік әр түрлі топтар өсуден бірдей пайда тауып, ара айырмашылығы білінбейді, деген. Бұл тұжырым Рикардомен Маркс түйіндеген теңсіздік спираліне қайшы және апокалиптік зерттеуге қарсы пікір екенін көрсеткен.
Кітаптың негізгі қортындылары байлық бөлісудің үлкен саяси астары бар, ол тек қана экономикалық тетіктерге тірелмейді. Теңсіздік тарихы экономикалық, саяси және әлеуметтік агенттердің уәкілдерінің істерінің әділетті немесе әділетсіздігіне байланысты, олардың өзара қарым-қатынасына және коллективтің талдауында болып жатырған жағдайының қызықтырушылығына байланысты болады.
Екінші, байлық бөлісу тетігін жібергенде, кейде алыстап тұратын кедергі процестер кездеседі. Жақындап тетігіне тоқталсақ, оның ең бастысы – білім тарату мен мамандық жетілдіруге және білімге инвестиция салу. Сұраныс пен ұсыныс және сол сияқты капитал мен еңбекті жұмылдыру. Оларға әсер еткенмен, екі түрлі әсер қалдырады. Мысалы, Қытай бай елдерді қуып жетуде. Егер технологиялық процестер еркін саудаға жақындатса, ал білім және жетістіктер мен алмасу бұл қоғамдық игілік, нарық жеті емес екенін көрсетеді. Техникалық жетістіктер алға жылжытып адам капиталының басқа қаржы және жылжымайтын мүлік капиталын ығыстырып, қарны қампиған танысы бардың орнына жаңа менеджер келуі керек, дейді. Кітаптың негізіне ХХI ғасырда бүкіл планетада капиталмен табыс динамикасын, және табыстың капитал мен еңбек арасындағы бөлісу қарастырылған.
Ұлттық табыс түсінігі
Ұлттық табыс бір жыл бойы ел халқының қандай заңды тұлғадан болғанына қарамай тапқан табысы. Жалпы ішкі өнім бір жыл бойы елдің өндірілген барлық өнімімен көрсетілген қызметтің жиынтығы.
Ұлттық табысты табу үшін ЖІӨ-нен капиталдың жыл бойынша тауар мен қызмет көрсету кезінде ескірген, құнсызданған бөлігін (үймерет, құралдар, машиналар, көліктер, компьютерлер және т.б.) шегеріп тастау керек. Бұл көрсеткіш көп елдерге ЖІӨ 10%-ға дейін болады. Жалпы ішкі өнімнен құнсызданған капиталды шегергеннен кейін «таза ішкі өнім» қалады, бұл ЖІӨ 90%-ын құрайды.
Содан кейін шетелден алған таза табысты қосу керек (немесе шетелге төлейтін таза табысты алып тастау). Мысалы, көп кәсіпорындар және капиталдар шет елдіктердің иелігінде болса, егер жоғары ішкі өнімнен шет елге төленетін пайданы, жалға төлемдерін шегеріп тастап, ұлттық табыс төмендейді. Егер елдің ұлттық табысы шет елдерге капиталдық үлесі жоғары болса, ішкі табыста жоғары болады. Сонымен:
Ұлттық табыс = ішкі өндіріс + таза табыс, шет елден алынған.
Дүниежүзілік масштабта шет елдерден алған табыстар мен төлемдер теңесіп:
Дүниежүзілік табыс = дүниежүзілік өндіріске.
Бұл айналымның, табыс пен өндірістік теңдігі, жыл бойында артық табысты бөлуге болмайды, ол әр мемлекетте болса да, дүниежүзі бойынша болмайды. Барлық өндіріс табыс түрінде еңбекақы, жалақы, сыйлық және тағы басқаларға немесе пайда, дивиденд, процент, жалға төлемдер, роялти ретінде капиталдан алған (өндірісте пайдаланған). Капитал деген не, оның шегі, түрі және уақыт өткен сайын құрылымы қалай өзгереді деген сұрақтар зерттеудің негізіне алынған. Капитал деген не? Бір кәсіпорын бүкіл ел немесе барлық планетаның өндірісі мен табысынан алынған капиталмен еңбек қызметінен табыстың сомасы.
Кітапта капитал түсінігіне адами активтен басқа иеленетін және базарда айырбасталатындар алынған. Т.Пикеттидің ойынша адами капитал деп экономистер жұмыс күші емес, дағды, біліктілік, жеке қасиеттерін атап жүр. Біздің елде де көптеген ғалымдардың еңбектерінде көруге болады. Капиталға барлық жылжымайтын капитал (үймерет, үйлер) тұруға арналған қаржы және кәсіби капитал (құрылыс, құралдар, машиналар, петенттер және т.б.) кәсіпорында пайдаланылатын және басқару аппараты жатады.
«Ұлттық мүлік» немесе «ұлттық капитал» дегеніміз, елдің тұрғындары мен мемлекеттің бір уақытта базарда айырбастауға болатын нарық құнымен анықталатын игілікті айтады. Ұлттық мүлік төмендегі екі түсініктің қосындысын айтады:
Ұлттық мүлік = жекеше мүлік + мемлекеттік мүлік.
Кәзіргі кезде көптеген дамыған елдердің мемлекеттік мүлігі өте үлкен емес, ал кейде теріс шамамен өлшенеді, (егер мемлекет қарызы мемлекет табысынан көп болса), ал жеке мүлік ұлттық мүліктің негізін құрайды.
Әрбір елдің ішінде ұлттық мүлік ішкі және шет ел капиталы болып бөлінеді.
Ұлттық мүлік = ұлттық капитал = ішкі капитал + жеке шет ел капиталы.
Табыс – бұл айналым. Ол белгілі мерзім ішінде өндіріліп және таратылған байлыққа сәйкес (көбіне 1 жыл).
Капитал – ол қор. Ол белгілі мерзімдегі иеленген байлыққа сәйкес. Бұл қор өткен жылдардан жиналған байлықтан тұрады. Оның тұжырымы бойынша тарих күз өткендей елдердің даму деңгейінің жақындауын қамтамасыз ететін білімді халықаралық және әрбір елдерде тарату болып табылады. Білім аспаннан түспейді, ол елдің халықаралық ашықтығын, сауданы ырықтандырып, ең алдымен елдің қаржы мен институттарын жұмылдырып, халықтың біліміне қаржы жұмсап, қатысушыларға құқықтық сәуегейлікті талап етеді.
Тұрмыс салтын әртараптандыру Франция мен Америка Құрама Штатында өндіріс салаларында 1800-2012 жылдардағы жұмыспен қамту (жалпы жұмыспен қамтуға, %).
2012 Францияда ауыл шаруашылығында – 3 %, өнеркәсіпте – 21 %, қызмет көрсетуде – 76 % жұмыс істеген. 2012 жылы Францияда құрылыста АҚШ сияқты 7 % жұмыс істеген, олар өнеркәсіпке қосылған. Қызмет қөрсету саласының еңбек өнімділігі аз өскен, сол себептен сатып алу қабілеті онша өспеген. Олардың үлесінің 70-80% жұмыс күшіне тиюі ақпаратты терең зерттеуді талап етеді.
Өсудің соңы. Роберт Гордон сияқты экономистердің болжамы бойынша адам басына шаққандағы өндірістің өсу қарқыны дамыған елдерде, АҚШ-тан бастап 2050-2100 жылдарда жылына 0,5% болады. Әртүрлі иновацияны салыстыруға негізделіп, бірін – бірі ауыстырған бу машиналары, электр қуатын пайдалану, соңғы кездегі ақпараттық технология аз ғана даму қарқынын қамтамасыз етіп, өндіріс тәсілін түбегейлі өзгертпей және экономиканың өнімділігін тұтастай өзгерте алмайды, деп тұжырымдайды.
ХVIII және ХIХ ғасырлардағы жоғары монетарлық тұрақтылық. Инфляция деген ұғым жиырмасыншы ғасырдың ойлап тапқаны. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін баға бірде көтеріліп, бірде түсіп, аяғында бір теңдікке жететін-ді. Ол кезде барлық елдер алтын мен күміспен есептесетін, ал 1914 жылдан бастап оларды қағаз ақшаға айырбастады. Алтын стандарттан Ұлы Британия – 1931 жылы, АҚШ – 1933 жылы, Франция – 1936 жылдан бас тартады, ал 1946 жылғы стандарт 1971 жылы алтынды долларға айырбастады. Ол көп мемлекеттің қарызынан құтылуға мүмкіндік берді. Кәзіргі кезде АҚШ тапшылық 18 трл. доллардан асады.
Капиталдың табысы
Технологиялық эволюция адамдардан аса жоғары мамандықты талап етеді. Олар сонымен қатар үймереттерге, жылжымайтын мүліктерге, қызметтік кеңселеріне, әртүрлі құралдарға, патенттерге қажеттілік артып, нәтижесінде барлық адами капитал емес – жылжымайтын кәсіптік, өндірістік, қаржылық кұндары өндіріспен ұлттық табыстай өсіпті. Кәзіргі замандағы өсу, өнімділікті және білімділікті тарату, капитал жинақтау процесін теңестіріліп, Маркстің апокалипсисіне ұшырамай өтті.
Теория. Еңбек табысының теңсіздігі білім мен технология жарысы. Теория негізінде екі гипотеза жатыр. Біріншісі, жолдамалы жұмыскер жалақысы оның шеткі өнімділігіне тең, яғни оның жеке компаниядағы өндірісіне немесе әкімшілік қызметіне байланысты. Екіншісі гипотеза, оның еңбек өнімділігі мамандығының деңгейіне және сол қоғамда мамандығының сұранысына байланысты. Оқу жүйесі бұл саладағы мемлекеттік саясатқа байланысты, түрлі мамандық таңдау, қаржы жүйесінен, оқушының оқу ақысынан, жанұялық және кәсіптік өмірде оқу мүмкіндігіне байланысты. Технологиялық прогресс жаңалық енгізуді және мамандықты жетілдіруді жүзеге асырылады.
АҚШ-та 800-ден астам мемлекеттік және жеке университеттер өз иеліктерінде көп мөлшерде капиталдары бар. Гарвард университеті бірінші орында 30 млрд $ капиталы бар. Олардың табысы өте үлкен.
Жеке қорлардың саясаты
Мұнай өндіруші елдердің жеке қорлары дүниежүзін иелене ала ма? 2020-2030 жылдарда мұнайдың баррелі 200 долларға жетіп тұрақтауы мүмкін деген (2000 жылдың басында 25 доллар болған).
Келесісі, Қытай дүниежүзін иелене ме? Елдің тек қорлары мұнай экспорттамайтын елдерде басқаша жағдайда болады. Қытай және басқа дамып келе жатқан елдер тез даму қарқынын бастан өткізіп жатыр. Ал, олардың осындай қарқыны өнімділік пен өмір сүру деңгейінің өсуі тоқтаған кезде тоқтайды. Егер Қытай қорларының жинақтау мөлшерін әрдайым Еуропа мен АҚШ-тан жоғары ұстаса, зейнетақы қорының капиталын таратпай қорландырса, жүз жылдан кейін Ескі және жаңа әлем Қытай зейнетақы қорына жататын болады дейді.
Бай елдер сондай жарлы ма?
Дүниежүзінің елдерінің қаржы активтері офшорларда жасырынуы жаһандық мүлік жағрафиясын есептеудің мүмкіндігін шектейді. Көп жағдайларда байлар өз активтерін офшорларда ұстайды.
Әлеуметтік мемлекет деген не?
Мемлекеттің ұлттық байлығы әлеуметтік мәселені шешуге жұмсалады, кей мемлекеттерде байлықтың төрттен біріне, тіпті үштен біріне жетеді. Сол сомаларды біріншіден мемлекет білім мен денсаулық саласына, ал екінші бөлігін табыстың орнын толтыруға және көлікке жұмсайды. Қазіргі кезде табысты байдан жарлыға қайта бөлу емес, мемлекеттік жұмысты қаржылау және табыстың орнын толтыру, барлығына бірдей, ең алдымен білім беруге, денсаулық сақтауға және зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Барлық өркениетті елдерде капитал иесі жұмыс істемей, ұлттық табыстың едәуір бөлігіне ие болады. Ол көптеген наразылық тудырып, әртүрлі саяси шараларға әкеліп соқтырады. Өсімқұмарлыққа алғашқы қарсы тұрғанда, көптеген дін уәкілдер болған, оның ішінде алғашқылары христиандар мен ислам діндері. Грек философтары процент шексіз баюға әкелетіні, оның еш уақытта тоқтамайтыны туралы әртүрлі пікірлер таратқан. Аристотель бұл қауіпті көрсете отырып, процент деген сөз гректің «ребенок», «бала» деген сөзі екенін айтады. (бұл қазақша пайыз емес!). «Ақша ақшаны тумау керек», деген философ. Әлемде олардың өсу қарқыны өте аз болса, ұрпақтан ұрпаққа халықта және өндірісте еш өзгермейді, шексіз баю қаупі өте бүлдіруші болып көрінеді.
ХІХ ғасырда Карл Маркс және көптеген соцалистер ұсынған, ал ХХ ғасырда КСРО-да жүзеге асырылған жеке меншікті, барлық өндіріс құралдарын, жер мен жылжымайтын мүлікке, өндіріс, қаржы және мамандандырылған капиталды жойып, (аз ғана жері бар кооперативтен басқа) барлық жеке капиталдың табыстарын жоғалтты. Өсімгершілікті толық тоқтату болып, капитал иеленулері нөлге тең болды. Нарықтың экономикада халықтың жағдайы тек қана жеке меншікке байланысты емес, басқа миллиондаған индевидтердің іс әрекетіне байланысты. Орталықтандырған жоспарлардың неге әкелгенін адамдардың қайғысымен анықтауға болады. Қытайдың капиталын реттеу құпиясы елден шыққан және кірген капиталды мемлекет тарапынан қатал бақылау жасап, олардың бұл шаралары ашық және тұрақты емес болса да иелену теңсіздігін реттейді.
Мұнай рентасын бөлуде қарулы күштерді жұмсамай әділетті бөліп, мұнайы жоқ елдерге дамуға мүмкіншілік беру керек.
Ұлттық банктер не істеу керек дегенде, ондаған жылдар бойы барлық экономистер монетористер, кейнсиандықтар немесе неоклассикалық теорияны ұстаушылар, өздерінің саяси көзқарастарына қарамай, бір шешімге келеді. Ұлттық банктер несие беруші ретінде инстанция, қаржы күйреуі мен дефляция бұрылымын болдырмауға мүмкіншілік жасауы қажет.
ХХІ ғасырда мемлекетсіз валюта түсінігі жүзеге асырылып жатыр.
Мемлекеттік валюта егеменділігінен айырылатын болса, сол кезден бастап өзіне ұлттық мемлекеттен кетіп бара жатқан салық егеменділігін, сол сияқты мемлекеттің қарыздық проценттік мөлшерін, капиталға үстемелі салық және трансұлттық компаниялардың пайдасына салықты қайтару қажет болады.
Тарих пен саяси экономия өте байлардың ойыны. Барлық зерттеушілер, әртүрлі қоғамдық ғалымдармен журналшылар, әртүрлі делдалдар, бітуажалар, кәсіпорын мен саясат белсенділердің барлық түрлері және барлық азаматтар ақшаға өте мұқият қызығушылық танытып, оның өлшемінен және үдірісімен танысуы керек. Ақшасы көп адамдар өзінің қызығушылығын ұмытпайды. Ақша санаудан бас тарту ол сирек кедейлер қолына ойнайды деп тұжырымдайды. Біздер сияқты егеменділікті алғанымызға ширек ғасыр толатын біздің халқымызға аса қажет зерттеу болып табылады.
http://economics.kazgazeta.kz/?p=16140
Достарыңызбен бөлісу: |