Қолданылған әдебиеттер: 1998 жылғы 27 наурыздағы «Норматитік құқықтық актілер туралы»Қазақстан Республикасының Заңы,№ 213-1, «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Қазақстан Республикасының 6 наурыз 2002 жылғы № 298-11 Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР-ның Заңы.
Таранов А.А.Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.Академиялық курс.Алматы.2003.
Братусь С.К.Юридическая ответственность и законность.М,1976.
Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы.Баспа.1995.
Алехин А.П.,Козлов Ю.М.Админстративное право Российской Федерации.Часть1.М.:ТЕИС.1994.
Бахрах Д.Н.Админстративное право. М.:БЕК.1993.
Дәріс №12 Тақырыбы: Мемлекеттік басқару әдістері. Биліктің кез-келген тармағының, соның ішінде атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерімен қолданылады.
Басқару әдістері:
Әкімшілік құқығы субьектісінің қызметін ұйымдастыру;
Осы процесте туындайтын нақты мәселелерді шешу;
Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың әдісі-басқару субьектісінің басқару обьектісіне ықпал ету тәсілі, амалы, ол басқарудың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін, басқарлудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Басқару субьектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі деген- құрылымдық бөлімшелерді құру жәнеолардың функцияларын белгілеу және олардың атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу, басқарушылық процестерді рәсімдеу. Атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппаратын ұйымдастырады.
Мемлекеттік басқару-билікті ұйымдық қызмет. Бұл билік қызметке және бағынуға негізделген, мәжбүрлеу шарасы арқылы қамтамасыз етеді.мұндай басқарудың мәні заңдағы көрсетілген жарлықтырды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді қамтамасыз етуге бағытталған, азаматтарға, бағынышты және басқа ұйымдарға бағытталған.
Атқарушы билік органдары қоғамның және азаматтардың саяси, әлеуметтік,өзге мұқтаждықтарын іске асырғанда әкімшілік-құқықтық әдістерді субординациямен үйлестіруді пайдаланды.
Басқару әдісіне мыналар тән бнлгілері:
Олар мемлекеттік басқарушылық қызметтің процесінде іске асырылады, мелекеттік биліктің атқарушы тармағының мақсатты қызметімен та биғи байланысты;
Оларды атқарушы билік субьектілері өздеріне бекітілген құзіретін іске асыру құралы ретінде пайдаланады;
Оларда атқарушы билік субьектілерінің заңдық биліктік өкілкттіктері тікелей көрініс табады;
Басқарушылық ықпал жасаудың нақты әдістерін таңдап алу басқару обьектісінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты (мысалы, меншіктің нысанымен, жеке –дара немесе ұжымдық сипатпен, ведмостволық қарастырылықпен,т.б.)
Басқарушылық ықпал жасау басқару субьектісінің нормативтік немесе жеке дара заңдық- биліктік ерік білдіруі ретінде жүзеге асырылатын болғандықтан, басқарудың әдістері нақты әдресаттар үшін міндетті, кейде жалпы міндетті болатын мінез құлық ережелерін белгілеуден (норма шығарудан), немесе нақты обьектілерге қатысты және нақты мәселелер бойынша жеке – дара нұсқамалар тұжырымдаудың (өкім етуден) өзінің көрінісін табады;
Басқарудың әдістері өздерін тікелей білдіретін құқықтық нысанды қажет етеді, ол әдістерге міндетті болатын сипат береді;
әдістер өзінің ең айқын көрінісін басқарудың құқықтық актілерінен табады.
Сонымен, басқарудың нысандары мен әдістері сияқты санаттардың тығыз арақатынасы, олардың арасындағы тікелей байланысы айқын болып отыр. Егер басқарудың нысаны басқарудың тиісті субьектісінің жұмыс істейтінін және оның іс-әркеті белгілі бір заңдық салдарлар туғызатынын сырттай білдіретін болса, басқарудың әдісі осы заңдық салдарлар арнаулы тұлғаға қандай тәсілдермен жеткізілетінін түсінуге мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, басқарудың қандайда болмасыннысаны басқарушылық ықпал жасаудың мақсаттарына қол жеткізу мүддесі үшін жасалатын әртүрлі нақты басқарушылық іс - әрекеттермен толтырылады. Сөйтіп басқарудың нысаны іске қосылады.
Осы айтылғанның бәрі басқарудың әдісі мемлекеттік – басқарушылық қызметтің функцияларын, оның мақсаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың құралы екендігін білдіреді. Ал бұл функциялар мен мақсаттар, шын мәнінде, әкімшілік – құқықтық нысандарда беріледі. демек, әдіс – басқару субьектілерінің күнделікті қызметінде пайдаланатын әкімшілік – құқықтық нысандарда көрініс табатын басқарудың практикалық құралы. Басқаша айтқанда, қызметтің әкімшілік – құқықтық әдістері өздерінің сыртқы, яғни шынайы көрінісін әкімшілік – құқықтық нысандардан – ең алдымен басқарудың құқықтық актілерінен табады. Мысалы, егер өкілетті лауазымды адам қандай да бір тұлғаның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны туралы іс қараса және дәлелдемелерді бағалаудың негізінде осы тұлғаның кінәлілігі туралы қорытындыға келсе, бұл лауазымды адамның тікелей міндеті әкімшілік жауаптылық шараларының бірін таңдау болып табылады. Ол өзінің әкімшілік жаза қолдану туралы біржақты шешіміне қаулы нысанында түр береді.
Ұғымдық мағына жөнінен басқару әдісінің құқықтық реттеу әдісімен арақатынасы туралы мәселе де тиісті көңіл аударуды қажет етеді. Өйткені басқарудың әдісі неізгі белгілері бойынша басқарушылық ықпал жасаудың құралы, бұл оны құықтық реттеудің әдісімен жақындастырады: ол да, бұл да реттеуші құралдар болып табылады. Бірақ бұл жерде көңіл аударатын ерекшеліктер әр түрлі: негізінде құқықтың барлық салалары үшін бірыңғай болатын не құықытық реттеудің механизмі туралы, не нақты атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) өздерінің алдында тұрған күнделіті міндеттерін шешу үшін пайдаланатын басқарушылық «аспаптар» туралы айтып отыр. Құқықтық реттеудің әдістері басқарушылық қатынастардың барлық қатысушыларына, олардың ішінде атқарушы органдарға да (лауазымды адамдарға да)қолданылады, ал басқарудың әдістерін тек соңғылар ғана пайдаланады;біріншілер әрқашанда нормативті, екіншілер-жекелеген.
Сонымен, құқықтық реттеу әдісі әкімшілік құқықтың функциясы;басқару әдісі, бір мезгілде атқарушы билік субьектісі болып табылатын, әкімшілік құқық субьектісінің функциясы. Басқарудың әдістері – ерекше маңызды санат. Басқару механизмінің жағдайымен тиімділігі жөніндегі пікір нақ осы әдістерге байланысты қалыптасады. Нарықтық қатынастарға көшуге, аймақтардың дербестігі арта түсуіне, көптеген шаруашылық және өзге де обьектілерді мемлекет иелігінен алуға байланысты жоғарыдан тікелей басқарушылық өкім жүргізудің негізін қысқарту қажеттілігі пайда болады. бұл сияқты өкім өзінің айқын көрінісін нақ осы басқарушылық әдістерде табады. Шындығында, әкімшілік – құқықтық әдістерде біржақты заңдық өктемшілік неғұрлым толық және ашықтан-ашық іске асырылады. Қазіргі кезеңдегі жағдайда мүмкін оның керегі жоқ шығар? Мүмкін, мемлекеттік басқару аясында пайда болатын барлық мәселелерді азаматтық – құқықтық мәмілелер үлгісі бойынша, яғни келісімдер жолымен шешуге болар?
Бірақ, қазіргі кездегі бұл қажет мәселелерге жағымды жауап беруге өмір шындығының өзі негіз бола алмайды, өйткені әкімшілік етпей, басқару іс жүзінде мүмкін емес. Кім болсада біреу бұл мәсәлелерді, ең болмағанда анархия (бассыздық) мен тәртіпсіздік болдырмас үшін, шешуге тиіс.
Атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде пайдаланылатын әдістер әр түрлі. Бірақ олардың негізіне кез–келген мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыстың екі әмбебап әдісі - иландыру және мәжбүрлеу жатады.
Иландыру қызметтің негізгі әдісі болып табылады. Ло тәрбиелеу, түсіндіру, жақсы үлгілерді насихаттау, адал жұмыс үшін көтермелеу, материалдық ынталандыру құралдарын пайдаланудан көрініс табады. Мәжбүрлеу дағды бойынша иландыру құралдары нәтиже бермеген жағдайда, яғни мемлекеттік басқару аясында қолданылатын ережелердің талаптары бұзылған кезде пайдаланылатын көмекші әдіс ретінде сипатталады. әкімшілік – құқықтық нормалардың талаптарын бұзған жағдайда ол тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікті, әкімшілік мәжбүрлеуді.ң өзге де шараларын қолданудан көрініс табады.
Басқарушылық ықпал жасаудың сипаты (мазмұны) бойынша (тікелей немесе жанама түрде) әкімшілік және экономикалық әдістер ажыратылады.