Дәріс №1 Тақырыбы: Әкімшілік құқықтың түсінігі,пәні және әдістері. Әкімшілік құқықтың түсінігі және ерекшеліктері



бет37/56
Дата04.10.2022
өлшемі187,43 Kb.
#151529
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56
Байланысты:
Лекция Адм право

Әкімшілік шарт - басқару қатынастарының қатысушылары үшін міндетті болып табылатын, әкімшілік құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға әкеп соғатын әкімшілік құқықтық нормаларды белгілейтін келісім.
Құқық қолданудың қазіргі практикасында нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу процедурасы бар. Күшіндегі ережеге сәйкес нормативтік ұқықтық актілер, егерде жалпы міндеттілік маңызбен ведомствалық сипат болса, немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, міндеттеріне қатысты болса, онда Конституциялық кеңестің, Жоғары Соттың нормативтік қаулыларынан басқалары Әділет миистрлігінде тіркелуге жатады.Басқаша айтсақ, мемлекеттік тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады.
Әкімшілік шарттың түрлері: тақырыбы бойынша:

  1. құзырет туралы (өкілеттіктері мен қарауына жататын мәселелерді ажырату)

  2. мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін

  3. мемлекеттік меншік обьектілерін басқару бойынша

  4. мемлекеттік қызметшілермен котрактіллер (еңбек шарттары)

  5. қаржылық және салықтық

  6. бірлескен қызмет және ынтымақтастық туралы

  7. жеке адамдарға кейбір қызмет көрсету туралы(коммуналдық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы)

  8. инвестициалық


Субьектісі бойынша:

  1. басқару қызметі субьектілерінің арасында

  2. атқарушы билік пен өзге де мемлекеттік (муниципалдық) ұйымдар субьектілерінің арасында

  3. мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар арасында

  4. мемлекеттік (муниципалдық ) органдар мен олардың қызметшілерінің арасында

  5. басқару субьектілері мен азаматтардың арасында.

Мемлекеттік тіркеу оларды күшіне енгізудің қажетті шарты болып табылады.


Актінің әрекеті:
-толықтай не оның жекелеген түрлері бойынша;
-Қ.Р.-ның барлық немесе жекелеген аумағында;
-бнлгілі бір қызметке қатысты немесе төтенше жағдайларда мемлекеттік органдардың бүтіндей қызметіне қатысты тоқтатылуы мүмкін;
Акті мынадай жағдайда күшін жояды:
-акт немесе оның бөлігі ескеріліп қабылданған мерзім өтсе;
-жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданып, бұл акт не оның бөлігі оған қайшы келсе,не оны жаңа акт қзінеи сіңіріп алса;
Қ.Р.-ның Конституцмясында белгіленген тәртіпте бұл қабылданған акт конституциялық емес деп танылса;
Актіні не оның бөлігін осы актіні қабылданған орган не тиісті өкілеттігі бар орган күшін жойды деп таныса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет