Бюджет, қаржы, несие және ақша саясаты аясында Үкімет: Президент белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; Республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; мемлекеттік валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік баға түзү саясатын талдап жасап, жүзеге асырады.
Әлеуметтік аяда Үкімет: еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру жүйесін және шарттарын белгілейді; азаматтардың денсаулық сақтау құқығын іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдап, жүзеге асырады, т.с.с.
Ғылым, білім, мәдениет аясында Үкімет: ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгізудің, мәдениетті, білімді, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау аясындаҮкімет: табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны тиімді пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қылмыспен күресті қамтамасыз ету аясындаҮкімет: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Қорғаныс пен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясындаҮкімет: Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, т.с.с.
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар аясында Үкімет: келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлейді, сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің соғыс немесе төтенше жағдайдағы қызметінің ерекшеліктері ҚР-ның Конституциясымен және арнайы заңдарымен реттеледі. Үкімет өзіне Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.